Негізгі сөздер мен тіркестер: cән үлгісі, дизайнер, сәнгер, киім түрлері.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
менің ойымша, қол жетімді, тиімді, заман талабына сай, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынадай.
Алдыңғы оқу
Тілі байдың ойы да бай
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ойтүрткі.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Алғашқы киімдер қандай қажеттілікті өтеді? Мәтінде аталғаннан басқа киімнің тағы қандай түрлері болады?
2. Сән неге өзгеріп отырады деп ойлайсыңдар?
Мәтінде сән әлеміне қатысы бар мамандық атаулары бар ма?
ОӘК материалдары
Ортасы
Оқылым бойынша 1-тапсырмада оқушылар «Бірігіп оқу» әдісі бойынша мәтін мазмұнымен танысады, өзара ой бөліседі. Мәтіндегі тірек сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы анықтайды.
2-тапсырма бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
1-деңгей. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің бірнешеуіне дыбыстық талдау жасайды.
2-деңгей. Мәтіннен дыбыс үндестігі байқалатын сөздерді теріп жазып, ықпал түрлерін ажыратады.
3-деңгей. «Менің сәнді досым» деген тақырыпта эссе жазады. Неге сәнді деп есептейтіндерін дәлелдеу үшін оны сипаттап жазады.
3-тапсырмада оқушылар жазылым әрекеті бойынша киімдерді топқа бөліп, кластерге түсіреді.