Қауіпсіздік ережесі. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану.
4.3.2.1 дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсету және талқылау.
Сабақтың мақсаты
Дене дамуына ықпал ететін қозғалыстар мен тапсырмалар кезінде қиындықтарды, тәуекелдерді анықтау сонымен қатар еңсеру амалдарын қолдану және денені қыздыру жаттығуларын жүйелендіру, орындау. Жаттығулардан кейін босаңсу, демді ретке келтіру қажеттілігін пайдалану.