Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.4.1. Рухани-адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді анықтау
Сабақтың мақсаты
Әр түрлі қимыл-қозғалыстарды, қарапайым жүгіру жаттығуларын орындау, денсаулыққа оң әсер ететін күнделікті жаттығулар кешенін орындаудың маңыздылығын білу, жаттығуларды тиісінше ретімен орындай білу.
Бағалау критерииі
Қарапайым әр түрлі жүгіру жаттығуларын орындайды, сауықтыруға пайдасын, денсаулықты жақсартатын, дамытатын жаттығулар кешенін орындай алады және маңыздылығын, пайдасын түсінеді.
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Уақытты жоспарлау:Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.
Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.
Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер.
Жүрістегі жаттығулар.Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау.
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук, уақыт өлшегіш және конустар.
Ортасы
(Д, К, Ф) Барлық ойыншылар шеңбер бойы жұп болып тұрады, бір ойыншы екінші ойыншының артында тұрады. Барлығының қолдары төмен түсірілген. Шеңбер бойына жүргізуші де тұр. Оның артында серігі жоқ. Ол бірінші сызықтағы ойыншылардың біреуінің көзіне қарап, көзін қысуы керек. Ол оқушы өз орнынан жүгіріп барып, жүргізушінің артына тұрады. Оған кедергілер пайда болуы мүмкін, себебі екінші сызықтағы ойыншы жүргізушіге ерекше назармен қарайды және серігіне көзін қысқанын көрсе, оны ұстап қалуы мүмкін. Егер ол мұны жасап үлгерсе, жүргізуші тағы да көзін қысуы керек, мұны осы әрекеті нәтижеге жеткенге дейін жасай береді. Егер екінші сызықтың ойыншысы уақтылы жауап қатпаса, бірінші ойыншыны ұстап алмаса, ол жүргізугі болады, яғни бірінші сызыққа тұрады және өзі көзін қысып бастайды. Ойын ұзаққа созылуы мүмкін.
Жаттығуларды құрастырып болғаннан соң оқушылар ғаламтордан сол жаттығуларға ұқсас нұсқасын тауып, өз жаттығуларымен салыстырып, басқа топтармен талқылап, біреуін таңдап іс-тәжірибеде көрсетеді
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «От шашу»
Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук, уақыт өлшегіш және конустар.
Сабақтыңсоңы
Кері байланыс
1.Сіз үшін жаңа ақпарат...
2.Не қиын болды?
3.Не оңай болды?
4.Нені ескеруім керек?
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.