Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет31/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Зат есімнің септелуі
Қазақ тілінде де басқа түркі тілдеріндегі сияқты белгілі жүйемен қолданылатын септеу категориясы бар. Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау тағы басқа сөздермен де, өз-өздері де бір-бірімен жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде баасқа сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады. Қазіргі қазақ тідінде септіктің 7 түрі бар. Олар- атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулары. Септік жалғауы жекеше көзге де, көпше сөзге де бірдей жұмсалады. Бұл жайындағы зерттеушілер септік жалғауларды грамматикалық септіктер деп екі салаға бөліну дәстүрі бар. Кеңістік қатынасты білдіретін септіктерге барыс, шығыс, жатыс септіктері енеді де, қалған септіктердің бәрі де грамматикалық қатынасты білдіретін септіктердің қатарына жатады.
Зат есімдер мен олардың қызметтерін атқаратын басқа есім сөздер тәуелденіп те, тәуелденбей де қолданылады. Осындай жолмен жұмсалатын сөздер де екі түрлі үлгі бойынша септеледі. 1. Жай септеу; 2. Тәуелді септеу.
Жай септеу деп септік жалғауының тікелей негіз сөздерге жалғауын айтамыз. Мысалы, студентке, қаламен, егіске т.б. Ал тәуелді септеу деп септік жалғауларының есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелдеулі түрлеріне жалғануын айтамыз. Мысалы: үй-і-не, бал-сы-н, ота-ны-ның, оқытушы-сы-нда т.б.
Қазақ тіліндегі септік жалғауларының мағыналары мен қызметтерін төмендегідей бөліп көрсетуге болады.
І. Атау септік. Тәуелді септеуде де, жай септеуде де бұл септіктің өзіне тән арнаулы қосымшасы болмайды. Атау септік формасы- басқа септіктердің формаларымен ажырату үшін қабылданған негізі форма. Мұны септік жалғаулардың басына қою жалғаулардың грамматикалық табиғатын тану үшін де аса қажет. Басқа септік жалғаулары атау форманың (тұлғаның) үстіне жалғанады. Сөздің атау формасы деген түсінікке негізгі түбір тұлға да (қала, үй, аяқ, нұсқа, қасым), туынды түбір тұлға да (басшы, қалашық), көптік жалғау тұлғасындағы сөз де (қала-лар, басшылар), тәуелдік жалғаулы сөз де (қал-м, үй-ім, бас-шы-лар-ым) жатады. Атау формадағы сөз кім? кімдер? не? нелер? деген сұраққа жауап береді (жекеше, көпше және тәуелді түрлерде де қолданыла береді.
Бұл септіктегі сөз сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та, анықтауыш та болады. Мысалы, 1. Сақып кабинетке барып кірді (Ғ.Сл.). 2. Ақыл-тәжірибенің жемесі. 3. Темір білекке асыл кетіп айналғанда, дөңгелектеп зырлаймын (Ғ.Мүс.).
ІІ. Ілік септік. Бұл септік өзінен соңғы тәуелдеулі есім сөзбен немесе субстантивтенген сөзбен әрқашан байланысты болады. Яғни ілік жалғауымен тіркесіп, тәуелдік жалғаулы сөз ылғи ІІ жақта тұрады. Мәселен, Қазақстанның жері, Жараттың ойы, бастықтың айтқаны, Арынтайдың қара қасқасы т.б. Сұраулары- кімнің? ненің? қай? Бұл қай бала? Бұл Асанның баласы. Жалғаулары: -ның//-нің, -дың//-дің, -тың//-тің. Ілік жалғаулы сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен грамматикалық байланыста болғанда, төмендегідей мағыналарды білдіреді.
1. Меншіктілікті. Рауанның үйі.
2. Кісінің аты-жөнін, мамандығын, кәсібін т.б. сөздерге ілік жалғаулы жалғанғанда, туыстық пен жақындықты білдіреді. Дулаттың жігіті, Омардың ағасы, дәрігердің әйелі т.б.
3. Екі заттың арасындағы органикалық байланысты көрсетеді. Мысалы, мұндайдың қалдығы, тұздың ерітіндісі, бұғының мүйізі.
4. Логикалық субъектіні аңғартады. Желдің ызыңдауы, баланың жылауы т.б.
5. Қасиеттің, сананың кімге, неге тән екендігін де көрсетеді. Адамның ұқыптылығы, астың дәмділігі, аттың жүйріктігі.
6. Затты қасиетіне қарай заттардың өзге тобынан оқшаулап, даралап көрсетеді. Адамның адамы, жігіттің жігіті т.б. Жалғауы (жалғанып) ашық тұрса да, жасырын түрде қолданылса да, ілік жалғаулы сөз сөйлемде болады. Мәселен, Оқтаудың сықырлауынан Шұғыланың сығалап, бізге қарап тұрғанын білінеді (Б.М.). Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай). Мұнымен қатар ілік септіктегі сөз өзінен соңғы тәуелдеулі сөзбен тіркесіп, барып бір күрделі мүше болып та қызмет атқарады. Абай көшесі- Алматыдағы көркем көшенің бірі. Үй-ішінің әңгімесі осымен аяқталады (М.Ә.).
ІІІ. Барыс септік. Бұл септіктегі сөз етістіктен болған мүшемен әрқашан тікелей де, жанай да байланысып келеді. Сұраулары- кімге? Неге? Қайда? Жалғаулары: -ға//-ге, -қа//-ке тәуелдеулі зат есімдерден кейін жалғанатын –на//-не, -а//-е.
Сөйлемдегі басқа сөздермен лексика синтаксистік қтынасына қарай барыс жалғаулы сөздердің білдіретін мағыналарын мынадай топқа бөлуге болады.
1. Қимылдың, іс-әрекеттің аяқталар тұрағын білдіреді. Мысалы: Институтқа барды, Москваға жүріп кетті.
2. Іс-әрекеттің кімге, неменеге бағытталғандығын. Сауыншыға ақша ұсынды, жан-жағына қарады.
3. Қимыл-әрекеттің мақсатын, не үшін істелетінін білдіреді. Сені көруге кетті, менің бақытыма жаралғансың т.б.
4. Өзі жалғанатын сөзінің семантикасына қарай кейде мөлшер, мезгіл мағынасында да жұмсалады. Жұмыстың бітуі екі айға созылады, ені екі құлашқа жетеді т.б.
Негізінен алғанда, етістік жетегінде айтылатын жалғау болғанымен, барыс септігі тілімізде шылау мен есім сөздердің, әсіресе сын есімнің жетегінде жиірек қолданылады. Институтқа дейін; шалға бай, сөзге сараң; аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп; білгенге маржан, білмегенге арзан (А).
Ілік септігінікі секілді барыс септігінің де жасырын түрі болады. Бірақ барыс септігінің жасырын түрде қолдануы тілімізде сирек қолданылады.
Барыс септіктегі сөз мағынасына қарай сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та болады. Мысалы: Малды тапқанға бақтыр, отынды шапқанға жақтыр (мақал).
ІҮ. Табыс септік. Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып, қимылдың объектісі болған нәрсені білдіреді. Жалғаулары –ны//-ні, -ды//-ді, -ты//-ті және сұрақтары- кімді? Нені?
Ілік барыс септіктері сияқты табыс септіктің жалғауы да бірде ашық, бірде жасырын түрде де қолданыла береді. Жасырын түрде қолданылуы- тілімізде өте жиі байқалатын құбылыс.
Табыс септік жалғаулы сөз сөйлем ішінде әрқашан сабақты етістіктен синтаксистік қатынасқа түсіп қимылдың объектісі болған нәрсені білдіріп тек тура толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Ленинградты немістің әлі қоршап жатқан кезі (Ғ.Мұст.). Менің ол өсиетті ұғынар жайым жоқ (Ғ.Мүс.).
Ү. Жатыс септік. Бұл септіктегі сөз етістіктен болған мүшемен жанама түрде байланысады. Сұрақтары- кімде? Неде? Қайда? (Қашан?). жалғаулары –да//-де, -та//-те және тәуелдік жалғаудың 3-жағынан кейін жалғанатын –нда//-нде =6.
Жатыс септігінде айтылған зат есімдердің басты-басты мағыналары мыналар:
1. Қимыл-әрекеттің мекенін, орнын білдіреді. Біздің қалада сұлы мен арпа беретін жер жоқ (Б.М.). Көрмеде ат байлайтын бос орын жоғын көрді де, Баршагүл оқшау жалғыз еменнің түбіне кеп түсе қалды (Ғ.Сл.).
2. Істің, қимылдың қашан, қай мезгілде өткендігін білдіріп, мезгілдік мағынаға ие болады. Жаңбыр күзде (қашан?) көп жауады. Өткен бес күндікте (қашан?) ол нормасын асыра орындады.
3. Зат есімнің лексикалық мәніне қарай жатыс септігі жалғанған сөз абстракциялы мекендік мағынаны аңғартады. Адамның адамдығы істе көрінеді. Оның Омарда (кімде?) жұмысы бар. Бұл септіктегі сөз сөйлемде беретін мағынасына қарай жанама толықтауыш та, мекен, мезгіл пысықтауыш та, кейде орнына қарай баяндауыш та болады. Саудада (неде?) достық жоқ, сәлемде (неде?) борыштық жоқ (мақал). Ең соңғы сұрыптау жарысы Москвада (қайда?) өткізілмек (Б.Соқп.). Атты күнде (қашан?) мінсең- тұлпар (мақал). Аспанды жапқан қара бұлт әлем-тапырық көшуде (С.М.).
ҮІ. Шығыс септік. Бұл септіктегі сөз сөйлемде етістік сөзімен байланысып келеді. Сұраулары- кімнен? Неден? Қайдан? Қашан? Жалғаулары –нан//-нен, -дан//-ден, -тан//-тен. Шығыс жалғаулы сөздің білдіретін ең негізгі мағыналары мына төмендегілер:
1. Қимылдың, істің қай жерден басталғанын білдіреді. Москвадан оралды. Ауылдан келеді.
2. Қимыл-әрекеттің қандай объектінің төңірегінде өткендігін білдіреді. Маңдайынан сипады, етігінен ұстады, бетінен сүйді т.б.
3. Іс-қимылдың себебін білдіреді. Суықтан денесі қалтырайды, сайқалдан зәресі ұшты.
4. Сындық мағынадағы сөздермен грамматикалық қатынаста айтылғанда салыстыру мәнін аңғартады. Бетегенден биік, жусаннан аласа (мақал). Балдан тәтті.
5. Белгілі бір бөлшегі үлесі алынатын затты білдіреді. Астан ауыз тиді.
6. Тегі (заттың) неден істелгенін көрсетеді. Барқыттан істелген, ағаштан жасалған т.б.
7. Өлшем, мөлшер мағынасын білдіреді. Үш күннен істеді, бес қимадан бөлісті. Бұл кезде сан есімнен тіркесе айтылады.
8. Қимыл-әрекеттің мекенін білдіреді. Көлден тартты борықты (фольклор).
Шығыс жалғаулы сөз етістік сөздердің жетегінде келумен қатар біраз реттерде сын есімдердің жетегінде айтылатын кезі де бар. Қойдан жуас, сынықтан өзге жұғады, сөзден аулақ бол. Олар басқа сөздермен объектілік пысықтауыштық қатынасты айтылады да, сөйлемде жанама толықтауыш және мекен мөлшер, мезгіл (толықтауыш) пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Бірақ Шығанақтан (кімнен?) жасыра алмады (Ғ.Мұст.). Бұл сапарға біз Москвадан (қайдан?) келе жатырмыз (С.М.). Игілік мың-мыңнан (қанша-дан?) сұрыптап тастаған жылқысын қия алмады (Ғ.Мүс.). Жиналыстан кейін ата-аналарға арналған концерт болады.
Мекендік, мезгілдік мағыналар көбінесе, шығыс жалғауынан соң бәрі, бері, кейін, соң шылаулары тіркесе айтылғанда туады.
ҮІІ. Көмектес септік. Бұл септік кейбір түркі тілдерінде өз алдына септік жалғауы болып танылмайды. Демек, олар грамматикалық септік ретінде қарастырмайды. Сұрақтары- кіммен? Немен? Қалай? Жалғаулары –мен//-бен//-пен, -менен//-бенен//-пенен. Тілімізде бұл жалғаудың жуан варианты жоқ. Сондықтан ол жуан түбірге де жіңішке жалғана береді. –Менен//-бенен//-пенен толық варианты ауызекі (сөйлеу) тілде фольклорда көркем шығармаларда болмаса қазіргі баспа сөз бетінде қолданылмайды.
Көмектес септігіндегі сөздің басты-басты мағыналық белгілері төмендегілер:
1. Іс-қимылдың, амалдың қандай құралмен істелгенін білдіреді. Балтамен шапты, жіппен байлады, сыпырғымен сыпырды.
2. Әрекет-қимылға қатынасқан адамды білдіреді. Жомартпен келді, Омармен сөйлесті...
3. Кейде іс-қимылдың амалын білдіреді. Іспен көрінді, сөзбен жеңді, ынтамен істеді т.б.
4. Кейде қимыл-әрекеттің мақсатын көрсетеді. Ол мұнда бір оймен келді.
5. Лексикалық мәніне қарай іс-қимылдың қай жерде өткенін білдіреді. Жолмен жүріп келеді. Жиегімен жағалап отырды...
6. мезгіл мағыналы сөздерге жалғанған кезде ол сөздер үстеулік мағынаға ие болады. Түнімен, күнімен т.б.
7. Есімшенің өткен шақ түріне жалғанған кезде есімше қарсылық мәнге ие болады. Оны көргенмен мені көрген жоқ т.б.
Білдіретін мағыналарына сәйкес көмектес септіктегі сөз сөйлемде жанама толықтауыш та, пысықтауыш та бола береді. 1. Таспен (немен?) ұрғанды аспен (немен?) ұр (мақал).
2. Ербол бұл кісімен (кіммен?) таныс екен (М.Ә.). 3. Аяғын салмақпен басып ортадағы столға жақындап келеді (Ә.Ә.). Әбішке зор ілтипатпен (қалай?) қарады (М.Ә.).
Септік жалғауларының сөз бен сөзді байланыстыру қызметін септеулік шылаулар да атқарады. Мәселен, Жылда келеді- жыл сайын келеді. Сабақты сөз еттік- сабақ туралы (жөнінде, жайында, жайлы) сөз еттік. Жолда әңгімелесті- жол бойы әңгімелесті (үшін арқылы). Синонимдік қатарлар сияқты бұлардың жалпы мағынасы бір болғанымен стильдік айырмасы болады: радиомен байланыстық- радио арқылы байланыстық дегенді салыстырайық. Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септелумен салыстырғанда, үш септікте барыс (аға-сы-на), табыс (табыс-ы-н), жатыс (қала-сы-нда) септіктерінде елеулі айырма бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет