Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№1-тапсырма:
Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер
Айтылым-тыңдалым: • Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
• Кітаптардың кішкентай болу себебі неде?
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. - Мәтінді тыңдайды.
-Сұрақтарға жауап береді.
Оқулық, жұмыс дәптері
№2-тапсырма. Ребус шешу
,,,,
,,
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. -Ребусты шешеді
Оқулық, жұмыс дәптері
Жеке жұмыс
«Түртіп алу» әдісі.
№3-тапсырма.
«Еркін микрофон» әдісі
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Жауап беру үшін микрофонды қолына алады.
Ең сүйікті кітабыңыз қайсысы?
Сүйікті жазушыңыз кім?
Соңғы бір жылда неше кітап оқыдыңыз? Қандай? Оқымасаңыз неге оқымадыңыз?
Сүйікті кейіпкеріңіз кім?
Сыныптастарыңызға қандай кітапты оқуға кеңес бересіз? Неге?