Қолдану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.
Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады.
Кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.
Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтады.
|