Сабақтың тақырыбы: Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы



бет25/28
Дата02.06.2023
өлшемі1,61 Mb.
#98348
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
11 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт 3 тоқсан 382 бұйрық

«Дидактикалық материалдар
Смайликтер




Физика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Ядролық реактор. Ядролық энергетика БЖБ №6

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

Атом ядросының физикасы



Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ядролық реактор. Ядролық энергетика БЖБ №6

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

11.7.2.6 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;
11.7.2.7 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

Сабақтың мақсаты




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут

Өткен білімді еске түсіру


Жаңа білім
10 минут

Бекіту
10 минут


Кері байланыс


Сабақтың соңы
10 минут

Ұйымдастыру


Сәлемдесу
Түгелдеу
Жағымды ахуал қалыптастыру
Үй тапсырмасын сұрау,тексеру

  1. Ядролық реакторлардың негізгі бөліктері қандай?

  2. Жылулық нейтронды реакторда не үшін нейтрондарды баяулатқыш қолданылады?

  3. Тізбекті реакция қалай басқарылады?

  4. Реактордағы уранның сындық массасын азайтуға болады ма?

  5. Көбейткіш реакторлар деп қандай реакторларды айтады?

  6. Ядролық энергия электр энергиясына қалай түрленеді?

Жаңа сабақ


Ядролық реактор. Ядролық энергетика БЖБ №6
ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Ядролық энергетиканың дамуы мен табыстары. Ядролық энергияны электр энергиясын алу үшін түрлендіру біздің елімізге тұңғыш рет 1954 жылы іске асырылды. Обнинск қаласында қуаты 5000 кВт алғашқы атом электр станциясы (АЭС) іске қосылды. Ядролық реакторда бөлініп шығатын энергия суды буға айналдыру үшін пайдаланылған, ал ол болса генератормен байланысты турбинаны айналдыратын болған.


Белоярск атом электр станциясына орнатылған қуаты 600 МВт шапшаң нейтрондағы атомдық реактор
Соңғы жиырма шақты жыл ішінде пайдалануға берілген Нововоронеж, Санкт-Петербург, Курск және Кольск атом электр станциялары осы принцип бойынша жұмыс істейді. Бұл станциялардың реаторларының қуаты 500-1000 МВт.
Органикалық отынмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларына қарағанда атом электр станциясының артықшылығы бар. Ядролық реакторлар қолға түспейтін органикалық отынды пайдаланбайды және көмір тасу үшін темір жол көлігін пайдаланудың қажеті болмайды. Атом электр станциялары атмосфералық оттегін қажет етпейді, айналадағы ортаны күлмен және жану өнімдерімен ластамайды. Бұл артықшылықтары бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінде әсіресе маңызды, онда гидроэнергия мен органикалық отын ресурстары энергетикалық қуаттардың қажетті өсімін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.
Жылулық (яғни баяу) нейтрондардағы реакторларда уран тек 1-2%-дай ғана пайдаланылады. Шапшаң нейтрондардағы реакторларда уран толық пайдаланылмады, оларда сондай-ақ плутоний түріндегі жаңа ядролық отын қайта өндіріледі. 1980 жылы Белоярск атом электр станциясында дүние жүзінде тұңғыш рет қуаты 600 МэВ шапшаң нейтрондағы реактор іске қосылды.


Атоммен жүретін дүниедегі тұңғыш «Ленин» мұзжарғышы Солтүстік Мұзды мұхитта
Өнеркәсіптің басқа салалары сияқты, ядролық энергетиканың қоршаған ортаға да зиянды әрі қауіпті әсерлері баршылық. Радиоактивтік ластау аса қауіпті болып саналады. Радиоактивтік қалдықтарды көму және өзінің қызметін атқарып болған атом электр станцияларын жабу кезінде күрделі проблемалар туындайды. Олардың қызмет істеу мерзімі 20 жыл шамасында, ол мерзім өткен соң конструкциясыңдағы материалдарға ұзақ жылдар бойы радиация әсер еткендіктен, станцияларды қайта қалпьша келтіру мүмкін емес.
АЭС-ті станцияда жұмыс істейтіндер мен тұрғындардың қауіпсіздігінің максимал шарттарын ескеріп жобалайды.
Бүкіл дүние жүзінде АЭС-ті пайдалану тәжірибесі мынаны көрсетті: ядролық энергетика кәсіпорындары қальшты тәртіпте жұмыс істесе, биосфера радиациялық әсерлерден сенімді қорғалады екен. Алайда Чернобылдегі АЭС-тің төртінші реакторында болған жарылыс көрсеткендей, станция қызметкерлері жіберген қателіктер мен оның конструкциясында кеткен ақаулардың кесірінен болатын реактордың белсенді аймағында бүліну қаупі жойылмайды, сондықтан осы қауіпті азайту үшін қатаң шаралар қолданылады.
Ядролық реакторлар атомдық сүңгуір қайықтар мен мұзжарғыштарға орнатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет