Жейтін асың көп болсын, зияны жоқ болсын Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі «Барлық аурудың қақпасы — ауыз» тибет медицинасынан
Жалпы мақсат:
Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Еліктеу сөздер туралы білімдерін тереңдету.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар тамақтану туралы мәтінмен танысып, өз пікірлерін білдіре алады.Жаңа идеялармен алмасады. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі мен маңыздылығын түсінеді. Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етеді.
Керекті жабдықтар
Оқулық, слаид материалдары, стикерлер
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе Зейін шоғырландыру
Топқа бөлу:
1.Ұйымдастыру - Сәлеметсіңдер ме , балалар Сендермен қазақ тілі сабағында кездескеніме қуаныштымын. Барлығымызға сәттілік тілей отыра, қазір бәріміз бір – бірімізбен және қонақтармен кез келген тілде амандасайық 5- тапсырма Сурет бойынша әр бала не көргенін айтады «сусындар», «жемістер», «сүт тағамдары»
.
Бәрі бірлесе орындайды
Назарларын сабаққа аударады, жинақталады
3 топқа бөлінеді: 1- топ "Жемістер"
2 - топ "Сусындар"
3 - топ "Сүт тағамдары"
Негізгі бөлім
Сабақтың мақсатын хабарлау
Бүгін біз «Дұрыс тамақтану Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар» бөлімінің 4 – ші бөлімшесі – «Жейтін асың көп болсын, зияны жоқ болсын» тақырыбында жұмыс істейміз. Тағы қандай білім алатынымызды оқулықтан қарайық. 202 - бет
Дәйексөзді талдау «Жер асыңнан жемес асың көп болсын»
ІІ Жаңа сабақ Балалар тақтадағы «Бәйтерекке» назар аударайық. Алып бәйтеректің әр белдеуіндегі тапсырмаларды орындауымыз шарт. Бірлесе орындасақ күш- жігеріміз бен біліміміз жетеді деп ойлаймын. Алғашқы белдеуде:
1 – белдеу А Мәтінмен жұмыс