Сабақты пысықтау
1. өлең құрылысына талдау жасау
Көзінен басқа ойы жоқ
Көзінен басқа ойы жоқ,
Адамның надан әуресі.
Сонда да көңілі тым - ақ тоқ,
Жайқаң - қайқаң әр несі.
Білмейсің десе, жел өкпе,
Дейді дағы – тәңірі ісі.
Бірінен бірі бөлек пе,
Иемнің әділ пендесі?
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі
Наданның көңілін басып тұр
Қараңғылық пердесі.
Ақылдан бойы қашық тұр,
Ойында бір - ақ шаруасы.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Малқұмар көңілі – бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі?
Жүректе айна жоқ болса,
Сөз болмайды өңгесі.
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі.
Пәні: Абайтану Сыныбы:11 Күні: 22.12.2017ж.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Бойы бұлғаң..»өлеңі Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі оқушылардың білімдерін тереңдету,білімдерін толықтыру; оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,олардың жазбаша жәнеауызша тапсырмалар арқылы тілдерін дамыту,мәтіннің негізгі ойынтүсінуге үйрету,өзіне керекті ақпаратты мәтіннен ала білуге үйрету;мәнерлеп оқу дағдыларын өлеңнін тақырыбы бойынша ой қорыту, оқумен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: Мен жақсы адам боламын.
Әдептілікке,сыйластыққа ұмтыламын
Маған қажет --білім. Өмірден өз орнымды табамын.
Сабақтың эпиграфы:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
(С.Торайғыров.)
Жаңа сабақ
Абай Құнанбаев «Бойы бұлғаң...» » өлеңі
Мағынаны тану
Достарыңызбен бөлісу: |