Сәлемдесу. Оқу құралдарының дайындығын тексеру. Балалардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар бір-бірімен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Назарларын сабаққа аударады.
Сергіту сәті
Психологиялық дайындық.
Оқушылар берілген тапсырманы орындап, бір-біріне тілек айтып, топқа бөлінеді.
Жаңа сабақ
Абай Құнанбайұлы «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі. Қызығушылықты ояту. «Абай әлемі» Абай туралы білетіндерін сұрау.
Абай өлең шығаруды бала кезінде- ақ бастаған. Ақынның шығармалары, негізінен, үш саладан тұрады: бірі- өзі шығарған өлеңдері: 2.ғақлия немесе қарасөз деп аталатын прозасы. 3. өзге тілдерден аударған өлең- дері.Абай шығармаларының тақырыбы өмірдің барлық саласын қамтиды.Не нәрсе жайынан жазса да,Абай түбірін,тамырын,ішкі сырын,қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сыры,қасиетін біліп жазған соң сөзінің бәрі де халыққа тіреліп,оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. Нағыз өлеңнің қандай болуы керек екеніне жауапты өзі «Өлең сөздің патшасы» атты туындысында береді. Поэзия бағыты арқылы әр топтың мүшелері үш шумақтан бірін- бірі жалғастырып, өлеңді мәнерлеп оқиды.
Жаңа сабақ бойынша түсінеді. Ойларын жинақтап, өз ойларын білдіре алады.
Өлеңді әр топ мәнерлеп оқиды.
Қорытынды
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» дегенде ақынның поэзияға қояр талабы қандай?
Абай өмір жолын оқу. Өлеңнің алғашқы жеті шумағын жаттау. Интернет желісі арқылы іздену.
Кері байланыс
Стикерлер таратамын. Оқушыларға сабақта Не ұнады? Не ұнамады? Өз ойларын жазады, ұсыныс білдіреді.
Өлең— сөздіңпатшасы, сөз сарасы Өлең— сөздіңпатшасы, сөз сарасы, Қиыннанқиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бөтен сөзбен былғансасөз арасы, Ол — ақынныңбілімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттыңсөз танымас бір парасы. Әуелі хаят, хәдис – сөздіңбасы, Қосарлы бәйітмысал келді арасы. Қисыныменқызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы. Мешіттіңқұтпа оқығанғұламасы, Мүнәжәт уәлилердіңзар наласы. Бір сөзін бір сөзінеқиыстырар, Әрбірі келгеніншеөз шамасы.