Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет32/253
Дата01.09.2023
өлшемі31,69 Mb.
#105843
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   253
Байланысты:
ҚМЖ 3 КЛАСС (Восстановлен)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3

Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үй құстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
3.​4.​1.​1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөйлемдер құрайды
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша білетін қосымша ақпаратымен бөліседі.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша мәтін құрастырады.

Тілдік мақсат

Үйрек, тауық, төмен

Сұрау есімдіктері:
Мынау не? Ол не істейді?

Құндылықтарды дарыту



Құстарға қамқорлық, қоршаған ортаны қорғау

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым
http://bala.soyle.kz/picture/collection?id=8 сайтындағы жаттығуларды орындайды

Бастапқы білім



Жем шашамыз

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы



Үй жұмысын тексеру
Оқушылар екі топқа бөлініп, «Құстарға қамқорлық «тақырыбында дайындаған жұмыстарын оқиды. Топ ішінде тыңдалып, сәтті орындалған жұмыстар сыныптың алдында оқуға ұсынылады (әр топтан 2 жұмыс).
Сынып оқушылары «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша мәтін құрастырамын.




Сабақтың ортасы



(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту
үй құстары- үйдің ауласында жүреді, адамдар жем береді, су береді
төменжоғары

үйрек қаз



әтеш тауық


Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.
Үлкен үйрек, тауықтың балапаны, бес қаз, әтешке су беру
Тауықтың балапаны жем жеді.
(Т) Тыңдалым
Тыңдалым алды тапсырма
Венн диаграммасын толтыру: үй құстары мен жабайы құстарды салыстырады.

(Ж) Тыңдалым тапсырмасы
Тыңдалым мәтіні
Атамның қорасында үй құстары бар. Үй құстарына қаз, үйрек, тауық, әтеш жатады. Үй құстары төмен ұшады.
Атам құстарға ұя жасады. Олар сол ұяда жатады. Мен құстарға жем, су беремін.

Мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады.


Керекті сөздер: Қайда?Қалай Кім? Не? Нелер?

  • Атамның қорасында ... бар?

  • Үй құстарына ... жатады?

  • Олар ... жатады?

  • Үй құстары ... ұшады?

  • ... құстарға ұя жасады?

Орындап болған соң, жұптар келесі жұппен бірлесіп, жұмыстарын талдайды. Жауаптарын бағалайды.


(«Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын», «Ойлан»)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   253




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет