Бақылау диктантын алу. Спорт Спорт – адам өмірін ұзартады. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды болады. Біздің ата – бабамыз «тәні саудың – жаны сау» деген. Спорттың түрлері өте көп. Ол адамның қабілетіне байланысты. Спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлеміз. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрімен айналысу керек.
(47 сөз)
Тапсырмалар: 1 – тапсырма Спорт түрлерін ата
2 – тапсырма «Спорт» сөзін тәуелде
3 – тапсырма Сен қандай спорт түрін ұнатасың, несімен ұнайды?
Мақсаты: - қазақ тілінде естігенін тыңдай білу, жазуға дайын болу;
- грамматикадан алған білімдерін практикада қолдана алу икем – дағдыларын тексеруге бағытталған
- сыйлықты дұрыс сыйлай білуге тәрбиелеу
Дескрипторы: Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі.
(Ж) Өткен тақырып бойынша мәтін құрастыру. Сызба арқылы әңгімелеу мәтінінің бөліктерін табу.
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Форматив
ті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
Соңы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі. «Идеялар қоржыны» әдісін қолданады. Ол үшін төмендегі қадамдар жүзеге асырылады:
1-қадам. Әр оқушы тақырып бойынша сөйлемдер өз беттерінше ойлап жазады. Бұл кезеңге екі-үш минут беріледі.
2-қадам. Оқушылар топта өз ойларымен ақпарат алмасады. Жүргізілу уақыты 3 минут.
3-қадам. Ұжымдық жұмыс бойынша әрбір топ өз нұсқаларын ұсынады. Әр топ нұсқаларының бір –бірімен қайталанбауы ескеріледі. Барлық айтылғандарды мұғалім тақтаға жазып отырады.
«Қоржынға» ең жақсы нұсқа салынады.