4. Сабақты қорытындылау.
а) Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімін пысықтау.
ә) Сабақ баланың жануарлар туралы білетін өлең - тақпақтар айтуымен аяқталады.
Пәні: СТДКТ
Мерзімі: 17.05-19.05.22 ж
Сыныбы: 3 т/д
Пән мұғалімі: Оразымбетов А.Т.
Сабақтың тақырыбы: Менің көмекшілерім.
Мақсаты:1.Оқушымен саусақпен ойын жаттығуларын орындату, үйрету;
2. Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;
3. Оқушыны адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Саусақпен ойындар
«Бүлдірген жинаймыз»
Сол қолының ұшы ( саусақтары төмен түсірілген) бұтақта тұрған бүлдіргенді келтіреді. Оң қолымыздың саусақтарымен бұтақта тұрған бүлдіргенді түсіріп аламыз.
«Саусақтар амандасады» Саусақтарының ұштары бір-бірімен жұғысады: шынашақ саусақ шынашақпен, бас бармақ бас бармақпен.
«Саусақтар жуынады»Бір қолдың қайырылған саусақтары екінші қолдың саусақтарымен түйісіп жыбырлайды.
«Саусақтар адымдайды»Оң қол оң жаққа адымдайды, сол қол – сол жаққа.
«Сақина»Оң қолдың үлкен саусағы әрбір саусақпен қосылып сақина жасайды да сол қолдың әрбір саусағына кигізіледі: үлкен басқармақпен – басбармаққа, үлкен ортаншымен-ортаншыға т.б.с.с «Айна»Үлкен адамның істегенің оның артынан әрбір саусақтың қимылын әртүрлі қайталайды.
«Гармон»Саусақтар ашылған алақандарымен бірде ашылады, бірде жабылады.
3.Сабақты қортындылау.
-Бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Бүгінгі ойын сабағымыз ұнады ма?
-Қандай ойындар ұнады.?
Тексерілді: ДОІЖО: Байтуреева Н.С.
Пәні: Түзету- ырғағы
Мерзімі: 18.02.22ж
Сыныбы: 3 т/д
Пән мұғалімі: Оразымбетов А.Т.
Достарыңызбен бөлісу: |