1-ші жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген- жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер. Әрбір ұрпақтың азаматтық борышы -туған жердің тарихын, шежіресін білу емес пе! Ендеше, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты интелектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!!
Ең бірінші байлығым-халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса- мен бармын, қор болмаймын
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің
Ендігі ортаға мың бұралған биші қыздарымызды шақырайық.
Би:
Бүгінгі ойынға 2 топ қатысады.
Тотардың таныстыруы:
«Астана» тобы
Астана, шық бүгін сайысқа,
Білімді сынауда қалыспа.
Көк туын құрметтеп сүйіп те,
Ел даңқын көтер сен биікке.
«Бәйтерек» тобы
Ұраны: Білім, ғылым, өнерге талмай қанат қағамыз,
Қазақстандай ұлы елдің бәйтерегі боламыз!
Ойынымызды бастамас бұрын шарттарымен таныстырып өтейік
Сайыс шарттары:
1. (Жалпылама қойылған сұрақтарға жауап беру) (20-сұрақ) Әр сұраққа дұрыс жауабы үшін 5 ұпайдан есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |