Жұптық жұмыс А деңгейі. №4. Тапсырма. №1. Екі сурет бойынша бұрыштардың тангенсін және котангенсін табу.
В деңгейі. Оқулықтан №16. Тапсырма:
АВС тең бүйірлі үшбұрышының АС=ВС табаны 10-ға тең, табанына түсірілген биіктігі 8-ге тең. А бұрышының тангенсін табыңдар.
С деңгейі. Оқулықтан №27. Тапсырма: Ағаштан қандай да қашықтықта тұрған адам оның жоғарғы ұшын α бұрышымен көреді. Ағаштың биіктігін қалай анықтауға болады ?
Дескриптор: білім алушы
-Суреттен тік бұрышты үшбұрыштың элементтерін ажыратады, қатынасын жазады;
-Сүйір бұрышының тангенсінің (котангенсінің) анықтамасын қолданады;
-Ағаштың биіктігін анықтауға болатынын біледі.
Топтық жұмыс
"АВС" әдісі. Оқушыларға күрделілігі үш түрлі деңгейдегі тапсырмаларды таңдап және орындауды ұсыну. Мұндағы үш деңгей бойынша ілгерілемелі үдеріс оқушының төменнен жоғары деңгейге көтерілу мақсатында жоспарланған. "А" деңгейінің тапсырмалары міндетті білім беру деңгейінен құралады. А деңгей тапсырмалары Косинусты өз сөзіңізбен айтып беріңіз
Синусты өз сөзіңізбен айтып беріңіз
Неліктен косинус тек бұрышқа ғана тәуелді, қысқа түсіндірмесін беріңіз
Неліктен косинус тек бұрышқа ғана тәуелді, қысқа түсіндірмесін беріңіз
Сүйір бұрыштың синусы 1/2 және 2/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз
Сүйір бұрыштың косинусы 1/2 және 2/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз
Сүйір бұрыштың тангенсі 3/4 және 4/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз
Сүйір бұрыштың котангенсі 3/4 және 4/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз.
"В" деңгейінің тапсырмалары өз білімін қолдануға, өзі шешу жолдарын ұсынуға арналған есептер.