Топтық жұмыс
1-2-тапсырма
1.Мәтінді үнтаспадан тыңдап, ақпараттарды есте сақта.
2. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер
Айтылған ойдың мағынасын түсініп, керекті сөздерді тауып, көп нүктенің орнына қойыңдар.
Керекті сөздер: қиыны, күрделісі, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, жаны, алғыр. өгей ұлдары, сөз, ой, жанды, қасиеті, өгей ұлдары.
1. Ана тілін тек… … ғана менсінбейді, … … ғана аяққа басады.
(Ғ.Мүсірепов.)
2. Тіл қаруы — … , сөз қаруы — … . Ақыл-ды ой, … сөз адамның ең жоғарғы… .
(Ғ.Мұстафин.)
3. Тіл — ұлттың … . Тіл — идеяның, сезімнің, ойдың, … көрінісі.
(Толстой.)
4. Өз тіліңді… … тұрып, … — … сүйе алмайсың.
(Паустовский.)
5. Сөз өнері — өнер атаулының ең … да… .
(Бальзак.)
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді аяқтаңдар.
Керекті сөздер: құлақ, мәдениеттілік, мылжың боласың, алтын, бос сөз, у, атылған, бұтаққа, ойлап сөйле, ауырмай өледі, айнасы.
1. Тіл — адам ойының … .
2. Аңдамай сөйлеген… … .
3. Ойнап сөйлесең де, … … .
4. Тисе терекке, тимесе… .
5. Айтыл-ған сөз — … оқпен тең.
6. Бал тамған тілден… тамар.
7. Көп сөз — … … .
8. Көп сөз — күміс, аз сөз — … .
9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде… … .
10. Таза сөйлеу — биік… .
11. Көңілсіз… — ойға олақ.
Дескриптор
*ақпараттарды есте сақтап,негізгі ойды анықтайды
*мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
*көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді
ҚБ Бағдаршам
Жұптық жұмыс
1-тапсырма: «Кестемен жұмыс»
Оқылым мәтініндегі дауысты дыбыстарды теріп алып, оларды мына кесте бойынша толтырыңдар.
Тілдің қ.қ
|
Жақтың қ.қ
|
Ерін мен езудің қ.қ
|
жуан
|
жіңішке
|
ашық
|
қысаң
|
еріндік
|
езулік
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор
1.Дауысты дыбыстарды табады.
2. Кестеге толтырады.
2-тапсырма: «Оқы, ойлан, талқыла» әдісі. Мәтінді түсініп оқып қосымша және негізгі ақпаратты анықтап жоспар құр.
Достарыңызбен бөлісу: |