Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет68/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
жүйелер теориясы 
халықаралық миграцияны жаһандық 
нарықтың құрамдас бөлігі ретінде дәлелдейді. Бұл теорияға сәйкес 
халықаралық миграция кеңи түсуші жаһандық нарықтың саяси және 
экономикалық интеграциясының жалғасы.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары М. Бойд этнологиядағы, миграциялық 
процестердің 
құрамы 
мен 
дамуындағы 
және 
мигранттардың 
қоныстануындағы, қабылдаушы елдерге олардың бейімделуіндегі
әлеуметтік торлардың рөлін зерттейтін зерттеулердің саны артып 
отырғанын атап көрсетеді. 
Әлеуметтік торлар теориясы 
торларды 
мигранттарды, жаңа және орныққан мигранттарды туысқандық, достық 
қатынастар арқылы біріктіретін байланыстар топтамасы ретінде 
пайымдайды. Торлар адамдардың көшіп қону кезіндегі шығындары мен 
тәуекелдерін азайтуға көмектесетін, көшіп қонудан түсетін пайданы 
ұлғайтатын айрықша әлеуметтік капиталды құрайды. Торлар мигранттар 
үшін маңызды ресурс болып табылады. Мигранттар оның көмегімен жаңа 
жерде жұмыс, тұрғын үй табады. Мигранттар саны шектен асқан кезде 
торлардың кеңеюі миграциялыцқ процестің шығындары мен тәуекелдерін 
азайтады, миграцияның ұлғаю мүмкіндігі артады, қосымша қозғалыстар 
басталады. Ал бұл өз кезегінде жаңа торлардың қалыптасуына, 
әлеуметтік торлардың миграцияның бір себебіне айналуына алып келеді. 
 
 
Инновация социологиясы социологияның жаңа бағыты 
 


Инновация теориясы қалыптасқан теориялардың бірі. Қазіргі кезде 
инновация теорияларының мынадай бағыттары бар: 
- жаңалық енгізулердің циклдығы және инновациялық дамудың тең 
еместігі және инновациялардың классификациясы ; 
-экономикалық өсу мен ҒТП-тің өзараәрекеті; 
- ҒТП тиімділігі; 
- жаңалық енгізулердің, иновациялық мультипликатордың диффузиясы
- технологиялық жүйелер мен технологиялық укладтар; 
- технологиялық жобалау; 
- технология мен нарықтың, технологиялар нарығының, технологиялар 
маркетигінің өзараәрекеті; 
- Инновациялық кәсіпкерлік белсенділік, адамдық капиталды басқару; 
- мемлекеттік инновациялық саясат, инновацияларды басқарудың 
ұйымдық-экономикалық механизмі; 
Инновация феноменін зерттеу ХХ ғ. Басында басталды. Алғашқы инновация 
мәселесін зерттегендер Г. Тард, Н.Д. Кондратьев; Й Шумпетер.
Француз ғалымы Г. Тард білімнің жаңа саласы ретінде инноватиканың 
концептуальдық негізін қалады. Ол «Әлеуметтік логика», «Әлеуметтік 
заңдар. «Личное творчесство среди законов природы и общества» атты 
еңбектерінде қоғам эволюциясының логикасын зерттейді. Ол қоғамдағы 
жаңалық ашуға және енгізуге қатынасты әлеуметтік прогресс индикаторы 
ретінде санайды. Оның айтуынша бір жаңалықтың ішінде екінші жаңалық 
болатынын көрсетті. Тард жаңалықтарды жаңа (жетілдірілген) және мүлдем 
жаңа деп бөлді. Ол алғаш рет жаңалықтардың кезеңдерін сипаттады: 
1.
Жаңа идеялардың келуі 
2.
Жаңа идеяның тиімділігі айқындала түседі.
3.
Жаңа идеяны қоғамның қабылдау деңгейі өсе түседі.
Тардтың айтуынша жаңалықтар индивид пен қоғамның қажеттіліктеріне 
жауап ретінде пайда болады. Жаңалықтар қоғамның мәдени 
қажеттіліктеріне сай болғанда ғана енгізіле бастайды. Инновацияны 
зерттеуде шығармашылық субъектісі ретінде адам мәселесі айрықша 
зерттелді. Тардтың айтуынша әлеуметтенудің мазмұны әлеуметтік 
құндылықтар мен нормаларды меңгеруінде емес, сонымен қатар 
жаңалықтарды меңгеруінде. Жаңалықтарды меңгеру Тардтың айтуынша, тек 
бейімделу мен еліктеу арқылы ғана емес, қақтығыстар арқылы да 
меңгеріледі. Сонымен қатар жаңалықтар жаңа қажеттіліктерді тудырады. Г. 
Тардтың инновацияны зертеудегі негізгі идеялары:
1. Әлеуметтік прогрестің қозғаушы күші тепе-теңдікке, үйлесімділікке 
ұмтылу. Жаңалық ашу қоғамдық қарама-қайшылықтарды шешу және тепе- 
теңдікті қалыпқа келтіруге тырысу болып табылады; 
2. Жаңалық ашу жаңа сұраныстарды тудырады; 
3. Жаңалықты әлеуметтік норма, құндылық ретінде меігергенде ғана ол 
жағалыққа айналады; 


4. Әлеуметтену процесінің мазмұны болып индивидтің дәстүрлі 
құндылықтар мен нормалармен қатар жаңалықтарды меңгеру болып 
табылады; 
5. Индивидтің жаңалықты меңгеруі қақтығыстар, икемдену, еліктеу арқылы 
қалыптасады.
Н.Д.Кондратьевтің 
инновация теориясына қосқан үлесі төмендегі 
пайымдауларынан көрінеді. Оның айтуынша, ғылым мен техникадаға 
өзгерістер қоғам динамикасына күшті әсер ету үшін сәйкес өнертапқыштық 
пен жағалықтар пайда болуы, осы жағалықтарды өолдануға өажетті 
шаруашылықтық мүмкіндіктері болуы керек. Н.Д.Кондратьев шаңалықтар 
кластерінің пайда боуы мен үлкен циклдың фазалары арасындағы тікелей 
тәуелділікті ашты. Экономикалық циклдар ілімін әлеуметтік және саяси 
салаларға таратты. 
Й.Шумпетер инновация түсінігін жете зерттеген ғалымдардың бірі. Ол 
Даму дегеніміз жаңа комбинацияларды жүзеге асыру деп біледі. 
Инновациялық даму түсінігі экономикалық процестердегі өзгерістерді 
түсінуге көмектеседі. Й.Шумпетер инновацияны жүйелік талдауды алғаш рет 
енгізген ғалым. Ол экономиканың циклдық дамуын зерттей отырып, 
дағдарыстар экономиканың дағдылы дамуын үзе отырып, кәсіпкерлерге 
өндірісті түбірлі өзгертуді, ескі технологияларды жаңамен ауыстыруды, жаңа 
өнімдерді шығаруға бет бұруды мәжбүрлейтінін анықтады. Оның 
теориясындаға 
маңызды 
мәселе 
инновациялық 
процестердің 
инновациясындағы кәсіпкерлердің рөлін жасақтауы. Өндірістің негізін 
жаңартуға бағытталған инновациялар басшылардың көбіне тиімсіз болып 
табылады. Жаңалық алдымен арнайы кәсіпорында пайда болады. 
Инновацияны тарату жағдайы ол нақты және қалыпты құбылысқа айналғанға 
дейін сақталады. Й.Шумпетер жаңаны ендіру ерекше адамдардың қолынан 
келетінін айта келе, қазіргі басшыларға тән қасиеттерді ұсынады: 
- тәуекелге бара білу; 
- жаңалық ендіруге қарсы топтың қарсылығын жеңе отырып, жалғыз 
жұмыс жасай білу; 
- өндірістік және экономикалық мәселелерді шешудің ғылыми әдістерін 
білу; 
- басқаларды сендіре білу; 
- кең көре білу қабілеті, 
- рационалдық пен иррационалдықты үйлестіре білу. 
Ол инновацияның табиғатын зерттей отырып инновацияның бес түрін бөліп 
көрсетеді: 
1) тұтыну саласын белгісіз, жаңа; 
2) тұтынушыға таныс өнімді жаңа, тиімді өндіру әдісі; 
3) белгілі өнімді өткізудің жаға тәсілдері; 
4) шикізаттың не жартылай дайын өнімдер өндірудің жаңа көздерін ашу; 
5) қалыптасқан монополияны бұзуға алып келетін өндірісті қайта құру. 
Й.Шумпетердің зерттеулерін қарастыра отырып, оның пайымдауларының 
негізгілері ретінде мына ойларын ұсынамыз: 


1) Белгісіздік жағдайында тәуекелге бара білуге қабілетті кәсіпкерлердің 
жаңа типі бөліп көрсетілді; 
2) Инновацияны тарату механизмдері ашылды. Ол кәсіпкерлердің ойланған 
шешім қабылдау арқылы; 
3) Инновацияның дамуындағы финанстық инфрақұрылымның маңызды рөлі 
көрсетілді; 
4) Инновацияның түрлері бөліп көрсетіген және сипатталған. 
П.Штомпка 
инновациялық 
тұлғаға 
жан-жақты 
түсінік 
береді. 
Инновациялық тұлғаның әлемге деген қатынасы ең алдымен оған деген 
қызығушылықтан және оны басқаруға деген ұмтылыстан келіп шығады. 
Инновациялық тұлғаның мұндай қырынан көрінуі, ең алдымен түрлі 
құбылыстарға әсер етіп, оны бақылауға алуға деген ұмтылыстан туындайды. 
Тұлғаның инновациялық мінез-құлықтағы тағы бір қыры бұл - өмірдің жаман 
жақтарына деген жауапкершілікті өз мойынына алып, жаңаша, дұрыс 
өзгерістер ендіруде болып табылады. Осыған қоса, инновациялық тұлға 
инновацияларға терең ұмтылыста, жаңалыққа жаны құмарлық және әрбір 
нәрсеге қызығушылық таныта біледі. Инновациялық мінез-құлықты 
жұмысшының құндылығы өте жоғары, ал әлеуеті тілмен жеткізіп болмайды. 
Г.Менша Й. Шумпетер теориясын дамытушы болды. Ол жаңалықтарды 
базистік және жақсартушы деп екіге бөлді. Инновациялық процестердің 
әркелкілігін ол экономикалық процестердің дамуының циклдығымен 
түсіндірді. Инновациялар 1) ұйымдық-бағытты, 2) индивидуалды бағытты 
болада.
Ол бұл түсінікті басқаруды нақтылыу формасы құрылымына қосалы. 
Сонымен қатар «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет