Сайын Назарбекұлы Қазақтың киіз үйі



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата12.02.2017
өлшемі0,7 Mb.
#3954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

 

Қазақ  халқы  ҿзінің  қасиетті  мекеніне  жалпы  киіз  үй  деп  ат 

таққанымен,    оған  қоса  ағаш  үй,    шаңырақ,  қара  шаңырақ  секілді 

атаулармен де атай береді. Естігенде сезім түйсіктеріңді бір қозғап 

ҿтерлік  Алтын  орда,  Ақ  Орда  секілді  сҿздер  мен  елеусіздеу  ғана 

үлкен үй, жабасалма, күрке секілді аттар да сол киіз үй аттары.

 

 

Басқа  халықтарға  сол  атаулардың  бҽрі  де  киіз  үй  секілді  боп 



кҿрінгенімен  сҿз  мағынасына  мҽн  бере  ҿмір  сүрген  қазақ  халқы  ҽр 

атаудың  арғы  жағынан  сол  киіз  үй  иесінің  даңқы  мен  дҽрежесін, 

қоғамдағы орны мен жетістігін байқап жатады.

 

 



Ағаш үй

 

 

Киiз  үйдi  Қазақстанның  кейбiр  ҿңірінде  ағаш  үй  деп  те  атай 

бередi. Киіз үйдің ішін тҿр жақ, есік жақ деп екіге бҿледі. Есік жақты 

да  екіге  бҿліп  –

 

оң  жақ,  сол  жақ  деп  атайды.  Тҿрде  есікке  қарап 



отырған кісінің оң қол жағы оң жақ болып есептеледі. Оң жақтың да, 

сол жақтың да ҿз міндеттері бар. Сол жақ үлкендердің (үй иелерінің) 

орны болса, оң жақ жастардың орны. 

 

 



Шаңырақ. Қара шаңырақ

 

 

Қазақ  халқы  “шаңырақ”  деген  сҿзге  кҿптеген  ұғымдарды 

сыйғызады.  Мысалы  “Пҽленшекемнiң  ұрпағы  пҽлен  шаңыраққа 

жетiптi”  деп,  бiр  ауылдың,  не  бiр  рудың  ҿсiмiн  жобалап  отыратын 

болған.

 

 



Шаңырақ киiз үйдiң күмбездiк, жартышарлық ұлттық, кҿркемдік 

қасиетiн сақтап тұрады. Үйге жарық түсiрiп, үйге жағылған от түтiнiн 

ауаға шығуын қамтамасыз етедi. 

 

 



Жалпы  “Қара  шаңырақ”  атауы  сол  киiз  үйге  деген  ежелгiлiк, 

ескiлiк  кҿз  қарас  тудыруымен  қатар,  қасиеттiлiк  күш

-

қуат  та  бере 



алатын сҿз. Ол сҿз сол үй иелерiнiң тамырларының терең, ру басы 

 

33 


бабалар  тарихымен  астасып  жатқандығының  жҽне  олардың  ата 

дҽстүрiн жалғастырып келе жатқан адамдар екенiнiң белгiсi, дҽлелi 

секiлдi  болып  тұрады.  “Қара  шаңырық”  атауы  бар  үй  сол  рудың 

жҽне сол румен қарым

-

қатынастағы басқалардың да құрмет тұтары, 



тағзым етерi болып саналады. Қара шаңырақ иесi кҿп жағдайда аты 

аталып,  марапатталып  жатады.  Шетте  жүрген,  қонысы  басқа  сол 

қара  шаңырақ  ұрпақтары  мен  жек

-

жаттары  қара  шаңыраққа  сҽлем 



бере келiп, арнайы сыбағалар ҽкеледi. 

 

 



Жасы  үлкендерi  еншiлерiн  алып  бҿлек  үй  болып  кеткенде 

ҽкенiң  кенжесi  (сүткенжесi)  ҽке  қолында  қарашаңырақ  иесi  боп 

қалады.  Ата

-

ананы  күтiп



-

бағу  кенже  баланың  мiндетi.  Бұл  үй  еншi 

алып кеткендерге үлкен үй боп есетеледi. 

 

 



Орда

 

 

Орда  сҿзi  байырғы  қазақ  тiлiнде  астана,  хан  ордасы  деген 

мағынада  пайдаланылады.  Ал  жалпыхалықтық  тiлде  ҽр  адам  ҿз 

үйiн сүйiспеншiлiкпен менiң ордам деп те атай бередi.

 

 

Ҿ.Жҽнібеков  (56)  киіз  үй  түрлерінің  ішінде  12  қанат  ордаға 



ерекше  мҽн  беріп,  олардың  сҽулеттік  (архитектуралық)  қисыны, 

конструкциясы алты қанат ақ орданы қайталайтынын жҽне қазақтың 

қолтума  ҿнерінің  үйлесімін  тапқан  ұқыптылықтың  арқасында 

ағашты,  сүйекті,  алтын

-

күмісті,  қымбат  тастарды,  былғары  мен 



киізді,  иірілген  жіп  пен  түтілген  жүнді  кҽдеге  жаратудың  мүлтіксіз 

шегіне жеткендігінің кҿрінісі болғанын айрықша атап ҿтеді.

 

  

Қазақ 



этнографиясын 

ұзақ 


жылдар 

бойы 


зерттеген 

Ҿ.Жҽнібековтың  12  қанат  орданың  сҽулеттік  қисыны  (пішіні)  алты 

қанат қазақ киіз үйін қайталайды деген тұжырымы алты қанат киіз үй 

ҿлшемдері  арқылы  кҿп  қанатты  киіз  үй  ҿлшемдерінің  қалыптасу 

заңдылықтарын табуға итермелейді.

 

 



Ақ Орда

 

 

15-


16  ғасырларда

 

құрамындағы  кҿптеген  тайпалары  қазақ 

хандығына  қосылған  мемлекет  аты.  Қазақтар  таза  ақ  киiзден 

басылған  жұмыртқадай  аппақ  үйлерiн  “ақ  орда”  деп  асқақтатып 

жатады.

   


“Орда”,  “Ақ  Орда”  сҿздері  дҽрежелі,  мҽртебелі  кісілердің 

үйі екенін білдіреді. 

 

Адамдар  арасындағы  күнделікті  қарым



-

қатынаста,

 

ауыз 


ҽдебиетінде  “алты  қанат  ақ  орда”  сҿз  тіркесі  жиі  пайдалынылады. 

Соған  қарағанда  кҿшпелі  қазақтар  алты  қанатты  үйді  кҿбірек 

пайдананды ма екен деген ой туады.

 

 



 

34 


Алтын Орда 

 

Бiр  кездерде  “Түрiк  қағанаты”  атанған  алып  империяның 

құрамында болған қазақтың

 

Ұлы даласы, кейiн Шыңғыс хан билеген 



қазақтың байтақ елi қоныстанған Ұлы дала Шыңғыстың үлкен Жошы 

үлесiне тиедi де, одан кейiнгi билеушiлер жер иелерiнiң ыңғайынан 

шыға алмай, Шыңғыс хан империясынан бҿлiнiп, жеке “Алтын Орда” 

атты мемлекет құрады. Алтын

 

Орда атағы қазақтың ҿз ортасындағы 



ең  билiктi,  ең  қасиеттi  шаңырағын  атайтын  сҿзiнен  алынған  болса 

керек.


 

 

Отау 



 

 

Отау сҿзi қазақтың байырғы сҿздерiнiң бiрi. Отау деп кҿбiнесе 

Үлкен  үйден  бҿлiнiп  шыққан,  бiрақ  ҽлi  сол  ауылдың  ықпалымен 

кҿшiп


-

қонатын сол ауылға қарайтын үйдi айтады. Отау иесi –

 

кҿбiне 


ҽкесiнiң үй тiгiп берген баласы, не ағасының үй тiгiп берген iнiсi.

 

 



Үлкен отау. Кiшi отау.

 

 

Үлкен  отау,  кiшi  отау  атауларының  мағынасы  ұқсас,  олар  тек 



қана  отау  иесiнiң  тайпалық,  рулық  қарым

-

қатынастағы  орнына 



байланысты  берiледi.  Егер  ауыл  ақсақалы  iнiсi  мен  баласына  үй 

тiгiп берiп бҿлек шығарса, бiрақ ҽлi еншiсi бҿлiнбесе, онда олар iнi 

үйiн Үлкен отау, баласының үйiн Кiшi отау деп атар едi.

 

 



Үлкен үй. Кiшкене үй.

 

 

Бұл атаулар отау мағыналас. Тек қана бұл атауларды орташа 



дҽулетт

ауылдар кҿб



i

рек пайдаланады.

 

 

Тҿр үй. Ауыз үй.



 

 

Жағдайы  жеткен  кiсiлер  екi  не  үш  үйдi  жалғастыра  тiккен.  Ол 

үйлер тҿр үйлер мен ауыз үй атағын алатын болған.

 

 



Қонақ үй. Ас үй. 

 

 

Қонақ  кҿп  түсетiн  үйлер  қонақтарына  ас  беретiн  жеке  ас

 

үй, 


қонақтарын  дем  алдыратын  жеке  қонақ  үй  тiккен.  Атақты  кiсiлердiң 

бiрнеше қонақ үйлерi болған.

 

 

Ақ үй. 



 

 

Киiз  үйге  таңылған  осындай  аттар  кҿбiнесе  киiз  үйдiң  киiзiнiң 

түсiне байланысты айтылады.

  

 



Алты қанат ақ үй туралы толық мҽлімет бере кету мақсатында 

ақ үй туралы анықтаманы Ҿ.Жҽнібеков (56) еңбегінен келтірелік...

 

 

Ақ  үй.  Молшылық  пен  сҽттіліктің  белгісі  болып  есептелген, 



“қазақтың  киіз  үйі”  деген  жалпылама  атауды  жеке  иемденген, 

 

35 


таңғыштармен,  арқан

-

жіптермен  байланыстырылатын  қаңқасы 



(сүйегі)  құрастырылып

-

ажыралытылатын  киіз  жабынды  баспана 



үлгісі.  Биіктігі  135

-

140  сантиметрдей  15  басты  (17



-

18  бас  болып  та 

жасалады)  алты  қанат  керегеден  (жайылған  кереге  ұзындығы  290

-

300  сантиметрдей),  күмбезін  құрайтын  ұзындығы  240



-250 

сантиметрдей  80

-

90  уықтан,  диаметрі  180



-

190  сантиметрдей 

шаңырақтан,  босаға,  маңдайша,  табалдырыққа  бекітілген  ағаш 

есіктен (сықырлауық) құрастырылады. Тҿрт туырлықпен, екі үзікпен, 

түндікпен  Қазақстанның  кейбір  аймақтарында  туырлық  жерге 

жеткізілмей ұсталады да, оған іргелік киіз жалғасады) жабылады. 

 

 

 



Қара үй. Қараша үй.

 

 

Кедейлеу  адамдар  ақ  қой  жүін  таппаса  үйін  қоңыр  жүннен 

басылған  киізбен  жабады  да  ондай  үйлер  “қара  үй”,  “қараша  үй” 

аталады. 

 

Бай  ауылдың  шаруашылық  үшін  пайдаланатын  үйлері  де 



кҿбіне  қоңыр  жүннен  басылған  киізбен

 

жабылып,  ҽлгі  аттарға  ие 



болады. 

 

 



Жабасалма. Жолым үй. Жорық үй. 

 

Киiз үйлер тiгiлу ҽдiсiне байланысты ҽртүрлi аттарға ие. Кҿшiп, 

не  керуен  салып    келе  жатып  бiр  қонып  аттанатын  жағдайда  екi 

керегенi жайып бастарын түйiстiрiп бекiтiп үстiне киiз жауып жасаған 

баспананы жабасалма

 

атайды.



 

Кҿш кезiнде шаршаған малдың, кҿш кҿлiктiң жағдайына  қарап 

аз  уақытқа  еру  жасаған  шақта  бума  уықтарды  бастарымен 

түйiстiрiп,  үстiне  киiз  жауып  жасаған  баспананы  жолым  үй

 

атаған. 


Бұл сҿз жолшыбай жасалған үй мағынасын бередi.  Жабасалма мен 

жолым үйлерге от жағылмайды.

 

 

Жорық 



үй

кейiнiректе 

Абылай 

хан 


кезiнде 

кҿп 


қолданылғандықтан  Абылайша  аталып  кеткен  баспана  –

 

киiз  үйдiң 



салмағын  жеңiлдетiп,  тiгу  мерзiмiн  қысқартады.  Абылайшаның 

уақытша  тігілетін үйлерден  ҿзгешелігі  оған

 

міндетті түрде шаңырақ 



кҿтеріледі.  Қазақ  халқының  шаңырақты  сыйлау  үрдісі  ҿз  ханын 

шаңырақсыз жабасалма үйге кіргізуге ұрқсат бермейтін болса керек. 

Бұндай үйдiң сүйегi уықтар мен шаңырақтан тұрады. Сырты үзiкпен 

ұсталып,  тҿбесi  түндiкпен  жабылады.  Абылайшаға,  жорық  үйге  от 

жағылады.

 

 



Шайла. Шатпа. Күрке. Қос.

 

АқтаҚыр.

 


 

36 


Кҿшпелi  қазақтар  уақытша  баспана  жасау  үшiн  кез  келген 

нҽрселердi  қалқитып  бекiтiп  алып,  үстiн  киiзбен  жаба  салатын 

болған. Сондай күркенi, қосты жергiлiктi жерлерде бiреулер шайла, 

шатпа  деп  атаса  бiреулер  ақтағыр  деп  ат  тағып  жатады.

 

Күркені 


малды  ҿргізіп  жайып,  жайылым  ыңғайына  бейімделіп  мал 

бағатындар  кҿбірек  пайдаланған.  Үлкен  үйлер  қасында  кереге 

сыртынан  ши  ұсталған,  “иткірмес”  етіп  жасап,  тағам  сақтайтын 

күркелер тұрады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Киіз үй сүйегі

 

 

 

 

Киіз  үй  қаңқасын  немесе  киіз  үй  сүйегін  атадан  балаға  мирас 



болып  келе  жатқан  шеберлік  кҽсіпті  меңгерген,  ҿнер  қонған 

шаңырақтар дайындайды. Ежелгі аты “қаңқа” сҿзі болғанымен соңғы 

атау  қазіргі  ауызша  да,  ҽдеби  тілде  де  кҿбірек  пайдалануына

 

байланысты біз де  “киіз үй сүйегі” атауын пайдаландық.



 

 

Киіз  үй  сүйегі  арнайы  дайындалған  ағаш  сырықтар  мен 

бұтақтардан  дайындалады.  Олар  желге,  жабылатын 

киіз 


салмағына,  ҽсіресе  кенеттен  пайда  болатын  дала  құйынына 

шыдамды етіп жасалынуы қажет. 

 

 

Киіз  үй  формасының  дҿңгелек  түрде  алынуы,  барлық 



бҿлшектерінің  бір

-

бірімен  айналмалы,  қозғалмалы  (шарнирлі)    етіп 



жалғастырылуы  киіз  үйді  жел  екпініне,  жер  сілкінісіне  тҿзімді  етеді 

жҽне киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты 

дауылға  шыдамай  құлаған    жағдайда  үйлерді  аз  ғана  шығынмен 

қайта тұрғызуға мүмкіндік береді.  

 

Ҿмірлік тҽжірибе құлаған киіз үйдің ең кҿп зақымданатыны уық 



қаламдары  екенін  кҿрсетіп  жүр.  Бұндай  жағдайға  ұшыраған  киіз  үй 

сүйектері  зақымданған  уық  қаламдарын  сҽл  ұзартып,  қайта 

қаламдаумен шектеледі де, үй қалпына келтіріледі.

 

 



Киіз үй –

 

қазақ халқының осы дҽуірге дейінгі негізгі баспанасы. 



Ауа  райы  жылылау  ҿлкелерде  қазақтар  қысты  киіз  үймен  қыстап 

шығатан болған.

 

Киіз  үй  ішін тҿр  жақ,  есік  жақ  деп, негізінен  екіге  бҿледі.



 

Үйде 


тҿр  ең  құрметті  орын.  Үйдің  оң  жағы  жастардың,  ал  сол  жағы 

 

37 


шаңырақ  иелерінің  орыны  болып  есептелінеді.  Соған  байланысты 

тҿрдің оң жағынан сол жағы құрметтілеу. Есік жақты оң жақ босаға 

жҽне сол босаға деп айырады.

 

Киіз  үй  сүйегі  (қаңқасы)  –



 

киіз  үйдің  үш  ҿлшемді  кеңістіктік 

сұлбасын  шығарып  тұрған  шаңырақ,  уық,  кереге,  есік  (маңдайша, 

табалдырық,    босаға,  сықырлауық)  деп  аталатын  мүшелерінен 

тұрады. 

 

Тарлау үйді кеңіту мақсатында, үй керегегелерінің біріне бір,  кейде 



екі  қоспа  (ені  бір  метрдей)  жалғанады,  оны  кереге  қоспасы  деп 

атайды.


 

 

Киіз үй сүйегін жасауға жарамды ағаштар қазақ байтағының ҽр 



тараптарында  кездеседі.  Киіз  үй  сүйегін  дайындауға  сҽмбі  тал 

(келіншек  тал),  қара  тал,  кҿк  тал,  боз  тал,  құба  тал  секілді  тал 

тұқымдастар мен бірге қайың да пайдаланылады. 

 

 



Киіз  үй  сүйегі  кҿбіне  жоса  секілді  табиғи  ертінділермен 

боялады.    Табиғи  сҽнін  жоғалтпау  үшін  қайың  ағашынан  жасаған 

үйлер  боялмай,  сол  табиғи  қалпында  қалдыратын  болған.  Соңғы 

кездерде  үй  сүйегін  ҽрлеуге  қызыл,  кҿк  түсті  майлы  сырлар 

пайдаланылып жүр. 

 

 



 

Шаңырақ

 

 

Шаңырақ  сҿзі  тек  қана  киіз  үй  сүйегінің  бір  мүшесі  ретінде 



емес,  ол    қазақ  халқының  Кіші  Отан

 

мағынасында  түсініп,  қасиет 



тұтар ұғымы. 

 

Шаңырақ 



 

шаңырақ 



қарынан, 

шаңырақ 


кҿзінен,

 

күлдiреуiштерiнен



 

жҽне  кепілдіктерінен  тұрады.

 

Шаңырақ  қарының 



шеңбер  бойына  кереге  басының  саны  мен  маңдай  уық  (саны 

5-7) 


санына байлансты уықтың қаламы кiрiп тұратын кҿз (тесiк

тесiледi.



 

Шаңырақ    екі,  үш,  тҿрт,  кейде  одан  да  кҿп  ағаштан  құралып 

жасалады.  Аз  қанатты  үйлер  шаңырағын  кейде  бір  ағаштан  иіп 

жасайтын да шеберлер кездеседі.

 

 

Шаңырақтың дҿңгелек шеңберін тоғын дейді. Кейбір 



зерттеушілер еңбектерінде тоғынды бҿген деп атау да кездеседі 

(Кеңгірбай Раисов, Сарыарқа, 20 желтоқсан, 1991 ж.).

 

 

Шаңырақ кҿзі қиық конус формалы бұрғымен (бас жағы 2 см., 



түп  жағы  2,5  см.)  ойылады.  Шаңырақ  кҿзі  остерінің  арасы  5

-

6  см. 



жобада тесіледі.

 

 



Күлдіреуіштер аз қанатты үйлерде тҿрт, алты, сегіз ағашты 

болып келсе, кҿп қанатты үйлерде он алты ағаштан, шаңырақ 

шеңберінің жазықтығына 45 градус доға етіліп жасалып, тҿрт

  

(одан 



да кҿп жерінен) кҿлденең кепілдіктермен бекітіледі. Кепілдікті 

 

38 


бақалақ  деп атау (Кеңгірбай Раисов, Сарыарқа, 20 желтоқсан, 1991 

ж.) да кездеседі.

 

Кереге  саны  кҿбейген  сайын  шаңырақ  диаметрінің  де 



үлкейетініне байланысты, күлдіреуіш шаңбақ түрінен  (тҿрт) алтыға, 

сегізге  дейін  кҿбейтіледі.  Бұл  шаңырақтың  конструкциялық 

беріктігіне септігін тигізумен қатар түндіктің күмбез қалпын сақтауға, 

үйге жауын

-

шашын суларының ақпауын да қамтамасыз етеді. 



 

 

Шаңыраққа  екі,  үш  не  тҿрт  желбау  жҽне  аспа  бау  тағылады



Шаңырақ  маңдайы  арнайы  белгімен  белгіленеді.  Шаңырақ 

маңдайына киіз есіктің бауы оралып маңдайшаға бекітіледі.

 

 



Шаңырақ 

күлдіреуішінің 

доғасының 

биіктігі 

шаңырақ 

диаметрінің  тҿрттен  бірі  жобасында  иіледі.  Бұл  жобаны 

Е.Қанафияұлы “Қазақтың киіз үйі” мақаласында (Семей таңы, 1991, 

4  қыркүйек):  “...киіз  үйдің  тҿбесіне  жауын

-

шашын  іркіліп  қалмауы 



үшін  45  градус  шамасында  айқастыра  бекітілген  ағаштарды 

күлдіреуіш деп атайды” –

 

деп, дҽлелдей түседі.



 

 

Т.Арынов “Қазақтың киіз үйлерінің түрлері туралы” (Жұлдыз,№ 



1

1  1993  ж.)  мақаласында  уықтың  шаңыраққа  75  градустық  сүйір 

бұрыш жасап түйісетіндігі туралы жазады. Тігулі тұрған киіз үйлерді 

зерттеу  барысында  жасалған  қортындылар  уықтың  шаңыраққа  45 

градус  шамасында  бұрыш  жасай  жалғантындығы  анықталды.  Киіз 

үй  уығы  қаламдарының  сынып,  тозып  қайта  қаламдалуына 

байланысты  ол  градус  шамасының  аз

-

аздап  азая  түсетіні 



байқалады. Егер уық пен шаңырақ 75 градус бұрыш жасап жалғасса 

ондай  үй  қазақтың  киіз  үйіне  мүлде  ұқсамай,  тым  шошайып  жай 

күркеге, жабасалмаға ұқсап кеткен болар еді.

 

 



Шаңырақ  кҿзінің  конус  тұрінде  2,5  см

-

ден  басталып,  2  см 



жобада  тесілетіні  туралы  кҿптеген  зерттеушілер  пікірі  бір

-

біріне 



сҽйкес  келгенімен,  шаңырақ  кҿзі  тҿрт  бұрышты  етіліп  ойылады 

деген  қате  пікірлер  де  кездеседі  (Кеңгірбай  Раисов,  Сарыарқа,  20 

желтоқсан, 1991 ж.;). 

 

Тҽжрибе  жүзінде  уық  қаламы  тҿрт  бұрышты  қиық  пирамида 



пішінді болады да, шаңырақ кҿзі қиық конус пішінді етіліп ойылады. 

Осылай етіп ойылу  уық қаламының шаңырақ кҿзіне кіргеннен кейін 

қалаған  жағыңа  бұрып  бектуіңе  мүмкіншілік  береді  жҽне  бұрған 

кезде уық қаламын сынып кетуден сақтайды. 

 

 

Шаңырақ шеңберінің ұзындығы немесе оның диаметрі туралы 



зерттеушілер  арасында  қате  түсінік  қалыптасқан.  Мысалы: 

“...шаңырақтың  шеңбері  –

  3 



 



5  м  шамасында  деген  пікірді 

(Шаңырақ,  үй

-

тұрмыс  энциклопедиясы,  Алматы,  1990);  жҽне 



Е.Қанафияұлы  “Қазақтың  киіз  үйі”  (Семей  таңы,  1991,  4  қыркүйек) 

мақаласында қайталаса, Т.Арынов “Қазақтың киіз үйлерінің түрлері 



 

39 


туралы”  (Жұлдыз,№  11,        1993  ж.  ...шаңырақ...    диаметрінің 

ұзындығы бір метрден екі метрге дейін жеткен)” дейді. 

 

Шаңырақ  диаметрінің  тұрақты  сан  емес  екендігі,  оның  кереге 



қанатының  санына  байланыстылығы  туралы  деректер  келесі 

тарауларда келтіріледі.

 

“Шаңырақ”  сҿзінің  тҿркіні  туралы  айтылған  пікірлерге 



кездеспедік.  Қазақ  тілінде  “шаңбақ”  деген  сҿз  бар.  Ол

 

сҿз  тек  қана 



бір

-

біріне  тік  бұрышпен  бікітілген  нҽрселерге  арналатын  сҿз. 



Қауғаның  шаңбағы  деп  құдықтан  су  шығаратын  тері  ыдысты 

бекітетін,  тура  шаңыраққа  ұқсатып  жасаған  құралды айтады.  “Шаң” 

сҿз  түбірі  болса  (қосу  таңбасы)  “рақ”  пен    “бақ”  жалғаулары  

олардың  бірін  шаңыраққа  бірін  шаңбаққа  айналдырып  тұрады.  Бұл 

мҽселе жҿнінде тіл мамандарына ой толғап кҿруіне болатын секілді.

 

 



Уық

 

 

Уық шаңырақ пен кереге арасын жалғастыратын, үйге ерекше 

сҽн  беретін,  бір  шеті  иілген  ұзын  сырық.  Уықтың  шаңырақ  кҿзіне 

кіріп тұрар шеті ұзындығы 6

-

7 см, кҿлденең қимасының бас жағы 2 



см,  тҿменгі  жағы  2,5  см.  Жобада,  Уық  қиық  пирамида  етіліп 

ұшталады.  Оны  уықтың  қаламы  деп  атайды.  Иілген  екінші  шеті 

жалпақтау  етіп  жасалып,  6

-

7  см  жерінен  уық    кҿзі  тесіледі.  Уықтың 



керегеге  бекітілетін  жері  “уық  алақаны”  деп  аталады.  Уықтың 

қаламы шаңырақ кҿзіне кіріп тұрады, ал уық алақаны кереге басына 

уық бауы арқылы бекітіледі. 

 

 



Уық  саны  кереге  басына  байланысты  болса,  уық  ұзындығы 

кереге    қанатының  санына  тҽуелді,  ол  қанат  саны  кҿбейген  сайын 

ұзара түседі. 

 

Академик  Ҽ.Марғұланның    “Казахская  юрта  и  ее  убранство” 



(Москва,  1964)  атты  еңбегінің  алтыншы  бетінде  келтірілген:  “30 

қанатты  хан  ордалары  болған”  –

   

деген  қате  пікірді  ойланбастан 



кҿшіріп  жазу  ҽдетке  айналғандықтан  кҿптеген  киіз  үй  туралы 

мақалаларда жаңылыс деректер берілген.

 

Қазіргі  тігіп  жүрген  алты  қанатты  үйлердің  уығының ұзындығы 



3  м  болса,  қазақ  киіз  үйінің  сҽулеттік  пішінін  сақтай  жасалған  16 

қанатты  киіз  үй  уығының  ұзындығы    7м  30  см,  ал  30  қанатты  киіз 

үйдікі 12 м болар еді. 

 

Ҽрине,  ондай  уықты  екі



-

үш  сырықтан  құрастырып  жасауға 

болар,  бірақ  пайдалану  мүмкін  емес  екендігі  қарапайым  кҿзге  де 

анық. 


 

Ұзындығы 12 метр уықпен кҿшпелі ел қалай кҿшер еді, ондай 

уықты шаңыраққа қалай шаншыр еді...

 

 



Біздің пайымдауымызша қазақ киіз үйінің ең мүмкін қанат саны 

16.  16  қанатты  үй  тіккенде  уықты  екі  ағаштан  құрастырады  да, 



 

40 


уықтың майыспауын қамтамасыз ету үшін уықтардың ішкі жағынан, 

орта  жерінен  жұқа,  жеңіл  дҿңгелек    құрсау  бекітіледі.  Оны  “қарсы 

қҿұрсау” деп атайды. 

 

Қарсы  құрсауға  уықтардың  барлығы  бірдей  бекітілмейді, 



кереге  сайын  бір  уыққа  бекітсе  де  жеткілікті  деп  есептелінеді. 

Қалған уықтар оның үстінде жай ғана тіреліп жатады да, оларға ҿз 

салмағы  мен  киіз  салмағынан  майысып  кетпеуіне  мүмкіндік 

жасалады.  Дҿңгелек  қарсы  құрсау    асыл  тастармен  безендіріліп, 

күміспен күптеліп, алтынмен апталып үй сҽнін арттыра түседі.

 

Киіз  үй  сүйегін  үйшілер  дайындайды  да,  зергерлер  мен 



шеберлер  уықтың  қарнауы  (иіні)  мен  қарын,  алақанын  сүйектеп, 

күмістеп, ҽр уықты қолҿнер туындысына айналдырады.

 

 

Ең  соңында  уық  қолҿнердің  не  түрлі  қыр



-

сырына  жетік  қыз

-

келіншектер мен ҽйелдер қолынан ҿтетін болған. 



 

Уық  кҿзіне  түрлі  түсті  жіптерден  ҿрілген  не  ызылған  бау  (уық 

бау) ҿткізіледі. Сол баудың кҿмегімен уық кереге басына бекітіледі. 

Ҽр  кереге  ортасына  қадалатын  бір  уық  қарының  орта  жеріне  адам 

басына тимейтіндей етіп салбыратып сҽнді бау (қар бау) ілінеді. Ол 

уыққа  “қазықбау  шалынып”  байланып,      екі  қатар  боп  салбырап 

тұрады.  Баудың  екі  не  үш  жеріне  бекітілетін  сан  түрлі  пішінде 

жасалынған күпекшелер бауға кҿлемдік түр беріп сҽндендіре түседі.

 

Уық  сҿзінің  мағынасы  иілген,  иін,  иық  сҿздерінің  тҿркінінен 



алынған деп пайымдауға болар.

 

Киіз  үй  уықтарының  саны  керегелер  басының  саны  мен 



маңдай уықтар санының (5 –

 

7) қосындысынан шығады. Уық кереге 



басында бос бас қалдырылмай шаншылады. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет