«Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»



бет11/60
Дата15.06.2023
өлшемі288,26 Kb.
#101622
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
в) Кестелік әдіс
Кейбір елдерде мемлекеттік органдар амортизацияны санауды реттейді. Көбінесе, бұл әдістемелер амортизацияның жалпы мерзімін қысқартуды көздемейді. Олар бастапқы баланстық құнын түсіру үлестерін көрсететін арнайы кестелерді құрастыруға негізделген. Мысалы АҚШ-та он бес жылдық мерзім берілсе, алдыңғы 5 жылға амортизация нормасы 12, 10, 9, 8, 7% құрайды, келесі төрт жыл ішінде ол 6% тең, ал қалған алты жыл ішінде 5% болады. Жою құны есебке алынбайды.
Талдау өлшемі ретінде жабдық құнының жартысы амортизацияланатын мерзімді атауға болады. Бұл мерзімді медианды деп атауға болады.. Бұл шама неғұрлым аз болса, солғұрлым амортизация мерзімі тезірек өтеді. Бұл мерзімді w деп белгілейік. Кейбір жағдайларда оны формула арқылы анықтауға болады, мысалы сызықты модель үшін ол келесі болады:



Егер жою құнын ескермесе w = п/2.
Үлестер әдісі үшін w келесі теңдеуден анықтауға болады



Осыдан



Қосындылар әдісі үшін w шамасын баланстық құнының өзгерісін сипаттайтын мәліметтердің интерполяциясын тауып анықтайды.
Баяулатылған амортизацияға келсек, іс жүзінде ол өте сирек кездесетін құбылыс, оны не кестелік әдіс арқылы не жиналған резерв (төменде сипатталған) әдісі арқылы жүзеге асырады.
Амортизация сомасына процентті есептеу арқылы қолданылатын әдістер
г) Жинақталған резерв әдісі
Амортизациялық төлемдер амортизациялық қорда жинақталады және кейін ескі жабдықтың орнына жаңа жабдықты алуға қолданылады деп алайық (іс жүзінде бұл ақша кәсіпорынның ағымдағы активтеріне жатады. Бұл қорға түсетін ақшаға пайыздар саналады. Амортизация мерзімінің аяғында жинақталған ақша сомасы өндірістен шығарылған жабдықтың құнына (жою құнын есебке алып) тең болу керек. Қор жасау үшін қажет салымдар тұрақты деп алайық. Сонда төлемдердің бәрі де тұрақты қаржы рента –постнумерандо ретінде қарастырылады, жинақталған сомасы қажет қор мөлшеріне тең болатын.
Тұрақты рентаның жинақталған сомасын анықтау формуласын жазайық



Осыдан бір реттік салым жасау сомасы:



мұндағы s n;i— тұрақты қаржы рентаның өсу коэффициенті.
Жыл аяғындағы жүйелі салымдарды және пайыздардың өсімін есебке алып қордың өсу процесін келесі түрде көрсетуге болады



мұндағы t — түсіру мезетінен бастап баға беру мезетіне дейінгі уақыт интервалы.
Қор сомасы уақыттағы әр қадам сайын үдейі өсетінін көруге болады. Амортизациялық аударымдар да сәйкес өсу қажет. Сонымен, бірінші жылы тозу көлемі D тең, екінші жылы — D(1+i) және т.с.с. t жылына саналған тозу көлемі келесі формула бойынша анықталады



Берілген сомалар әр жылдың аяғында қалдық құнынан аударылады. Бұл әдіс бойынша амортизация процесі баяулатылған болып табылады. Оның медианалық мерзімін келесі теңдеуден шығаруға болады.







Қорға салынатын бірреттік ақша сомасы сызықты әдіс бойынша анықталған амортизация сомасынан кем болады.
ҚР да қолданылатын амортизация әдістері
Сызықты әдісті көздейтін мемлекеттік органдармен белгіленген орталықтандырылған амортизация нормаларынан басқа амортизацияның басқа әдістерін қолдануға болады, өйткені амортизациялық қорды кәсіпорындар өзінің қызметін дамытуға жіберетін инвестиция ретінде қолдана алады. Мұнда амортизация әдісін таңдағанда ең маңызды фактор ретінде уақыт қолданылады.
Келесі әдістер қолданылады:

  • Сызықты тәсіл;

  • Кемітілмелі қалдық тәсілі;

  • Пайдалы қолдану мерзім жылдарының реттік нөмерлерінің қосындысы бойынша құнды аудару тәсілі;

  • Құнды өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі;

  • Амортизацияның тездетілген әдісі (сызықты әдіс бойынша аударым құнының 3 еседен артық мөлшерде болмау керек).

Жылдық амортизациялық төлемдерді анықтау әдістемесі:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет