265
Хондрома – хондрома; шеміршек ұлпасынан түзілген
уытсыз ісік.
Хондромукоид – хондромукоид; шеміршек ұлпасының
желімдегіш заты (гликопротеид).
Хондроцит (chondrocytus; грек. chondros – шеміршек,
kytos – жасуша) – хондроцит; шеміршек ұлпасының
жасушасы.
Хорда
– хорда; хордалы жануарларғы тән
дәнекерұлпалық арқа желісі.
Хордовые – хордалы жануарлар, желілі жануарлар.
Хорея – хорея; гиперкинез ауруының бір түрі,
бұлшықеттердің бір-біріне байланыссыз жиырылуы.
Хориондит
– хориондит; көз алмасы тамырлы
қабығының қабынуы.
Хорион (грек. chorіon – бүрліқабық) – хорион, бүрліқабық;
құрсақта дамитын сүтқоректілер ұрығы мен енесінің
организмдері арасындағы зат алмасуды қамтамасыз
ететін ұрықжолдасын (плацентаны) жасауға қатысып,
қорғаныс қызметін атқаратын сыртқы ұрық қабығы,
плаценталы жануарлардың сыртқы ұрық қабығы.
Хорионгонатропин – хорингонатропин, ұрықжолдас
(плацента) гормоны.
Хориоптозы – хориоптоздар; мал терісінің инвазиялық
ауруы.
Достарыңызбен бөлісу: