Салыстырмалы кесте



бет39/40
Дата03.08.2023
өлшемі184,3 Kb.
#105026
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
19d8d57f524a3f91e188c7536407ca01 original.188725

Жоқ.

50-1 бап.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алу осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органдар бекітетін жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.



Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алудың оңайлатылған тәртібін қолдану көзделеді.
Осы норманы икемді реттеуді қамтамасыз ету үшін мұндай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін жекелеген Қағидалармен реттеу ұсынылады.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы


7 баптың
2-тармағының
9) тармақшасы



7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi

2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:

9) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.

7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi

2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:

9) мәслихаттардың, кеңестің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.

Негіздемелер салыстырмалы кестенің 3 позициясында келтірілген.


10 баптың
2-тармағының 10) тармақшасы



10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы

2. Қазақстан Республикасының Конституциясын қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

10) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.

10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы

2. Қазақстан Республикасының Конституциясын қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

10) мәслихаттардың, кеңестің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.

Негіздемелер салыстырмалы кестенің 3 позициясында келтірілген.


35-1 баптың тақырыбы



35-1-бап. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде мемлекеттік тіркеу

35-1 бап. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, кеңестердің, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде мемлекеттік тіркеу

Негіздемелер салыстырмалы кестенің 3 позициясында келтірілген.


35-1 баптың
3-тармақтың
4-1) тармақшасы



35-1-бап. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде мемлекеттік тіркеу

3. Осы баптың 1-тармағының талаптары:

4-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерді, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту немесе нақтылау туралы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне;


35-1-бап. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде мемлекеттік тіркеу

3. Осы баптың 1-тармағының талаптары:

4-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін бекіту немесе нақтылау туралы Кеңестің нормативтік құқықтық шешімдері;
...

Негіздемелер салыстырмалы кестенің 3 позициясында келтірілген.


42 баптың
3-тармағының 4) тармақшасы



42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне ену және оларды қолданысқа енгізу уақыты

3. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:

4) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi – егер актiлердiң өздерiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне ену және оларды қолданысқа енгізу уақыты

3. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:

4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, кеңестің нормативтік құқықтық шешімдері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы әкімдіктердің қаулылары, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қабылданады.

Негіздемелер салыстырмалы кестенің 3 позициясында келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет