Салтанатты жиын 2022-2023 оқу жылы



бет2/4
Дата09.11.2022
өлшемі26,7 Kb.
#48852
1   2   3   4
І жүргізуші
1«ә сынып, жетекшісі креативті, ізденімпаз ұстаз Насипбекова Индира Умирзаковна


2-жүргізуші:
Мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін дей отырып, салтанатты жиынымызға Мемлекеттік ту енгізілсін.
(Оқушылар туды алып шығады)


(Ерсін ағай: )
Құрметті білім алушылар! Қазақстан Республикасының Туына қарап тік түзеліңіздер (ҚР Әнұраны ойнап, Туды кіргізеді.)
ІІ жүргізуші-
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені,- демекші бүгін біздің салтанатты жиынға ортақтасу үшін келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:


(Екі жүргізуші кезекпен таныстырады)

1.Меркі аудандық мәслихат депутаты Тлеужанов Жасұлан Женисбекович


2. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сауле Мұратбековна
3. Ақарал ауылдық округінің әкімі Бекасилов Ерлан Толғанбайұлы
4. Ақарал ауылдық округінің ақсақалдар төрағасы Омаров Асқар Нұрқалиұлы
5. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Зулпыкарова Нұрсұлу Қаржаубайқызы
6.Ата-аналар комитетінің төрайымы Джумагулова Шолпан Керімбекқызы


І жүргізуші -
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым деп түсінген мектебіміздің директоры Қойшиманова Нұрила Сейсембайқызына 1 қыркүйек – Білім күні жиынын салтанатты түрде ашу
үшін алғашқы сөз кезегін береміз.
ІІ жүргізуші -
Ал, ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен 1 қыркүйек – Білім күні жиынына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.


І-жүргізуші:
Қабыл алшы өнерлерін баланың
Тілектері орындалсын ананың
Кең даламда шарықтасын әуені
Әнші жұлдыз жас өнерпаз дананың -дей келе мерекелік іс шараға арналған Үсен Айарудың орындауында «Бірінші қыркүйек» әнін қабыл алыңыздар!
ІI жүргізуші:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар ,- дей келе білім алушыларды құттықтау үшін сөз кезегі қадірменді қонақтарға Меркі аудандық мәслихат депутаты Тлеужанов Жасұлан Женисбековичке беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет