Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Зерттелу  деңгейі:  қазақ  новеллаларындағы  детальдың  көркемдік  қызметі 
арнайы  түрде  отандық  ғылымда  диссертациялық  зерттеу  ауқымында 
қарастырылған  жоқ.  Бірақ,  прозалық  жанрларға  қатысты  теориялық  еңбектер, 
әдебиет  поэтикасына  байланысты  көптеген  зерттеу  еңбектері  бар.  Солардың 
қатарында  А.Байтұрсынұлының  «Әдебиет  танытқыш»,  Қ.Жұмалиевтің 
«Әдебиет 
теориясы», 
З.Қабдоловтың 
«Сөз 
өнері», 
Б.Кабдуловтың 
«Художественная  деталь  в  литературном  произведений»,  Б.Майтановтың 
«Қаһарманның рухани әлемі», «Портрет поэтикасы», Г.Пірәлиеваның «Көркем 
прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері» т.б. зерттеулерді айтуға болады. 
Сонымен  бірге,  біздің  жұмысымызға  арқау  болып  отырған  кейбір  прозаиктер, 
олардың новеллалары жөнінде, ондағы әдеби кейіпкерлер, деталь хақында сын 
мақалалар  көлемінде,  тағы  да  басқа  өзгеше  аспектілерде  біршама  айтылғанын 
жоққа  шығара  алмаймыз.  Зерттеуші  Т.Рахымжановтың  «Қазіргі  қазақ 
романының  поэтикасы»  атты  докторлық  диссертациясында  С.Бақбергеновтің 
«Қайран  шешем»  романы  көркемдік  деталь  тұрғысынан  [4];  «Қазақ 
прозасындағы  психологизм»  атты  ғылыми  монографиясында  С.Шаймерденов 
повестерінің  поэтикасы  аясында  деталь  мәселесі  [5];  А.Таңжарықованың 
«Қазақ  прозасындағы  этнографиялық  және  фольклорлық  сарындар»  атты 
докторлық  диссертациясында  қазақ  әңгімелеріндегі  көркемдік  деталь,  пейзаж, 
портрет,  диалог,  монолог,  баяндау  сынды  көркемдік  амал-тәсілдердің 
этнографиялық  үрдістерді  берудегі  қызметі    қарастырылған  [6].  Д.Мамбекова 
«Кәкімжан  Қазыбаев  прозасындағы  замана  тынысы»  атты  кандидаттық 
диссертациясында  жазушының  портрет,  пейзажды  қолдану  барысында 
детальдың рөліне тоқталады [7].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет