124
сызықтары, қолы мен аяғын қалай қойғаны, денесінің түсі, даусына қарап-ақ
қандай адам
екенін танып, жаңылмай айта аламын» деген екен.
Гоголь айтқандай, жазушы үшін ең қиын нәрсе «адамның жаны мен
жүрегіндегі көзге ілінбес көп иірімдерді» табу, тану және жазу болса, суреткер
осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін детальдарды да өз орнымен қолдана алады
деуге болады. Кейіпкердің сырт тұлғасын киген киім, тұрған тұрыс, жүрген
жүрісін, бір ғана детальға іліктіріп алып ішін аша, мінез-құлқын тұтас ашып
көрсету расында оңай дүние емес. Қазақ әдебиетіндегі озық үлгісі – кең
көйлегінің киіп, қамзолының етегімен жайқай өтіп барып екі тебініп, екі кебісін
екі жаққа ұшыратын Жәніш бәйбіше деуге болады. Байлықтың буымен өз-
өзінен ісініп-кебініп, қақтығып-соқтығып жүретін өктем, шайпау, астам мінезді
Жәніш бәйбішені автор иланымды, типтік деңгейге көтере сомдаған.
«Қара сөзді құбылтқан қас шебер» Ғ.Мүсіреповтің «Ананың арашасы»
новелласында күні өтіп бара жатқан Жұман байдың бәйбішесінің төмендегідей
әрекеті арқылы оның мінез-құлқын айнытпай танимыз. Автор кейіпкерінің
характерін сипаттап оқырманына түсіндіруді қажет етпейді. Бір ғана әрекет,
бір-екі сөйлем – бәйбішенің бүкіл өмірлік ұстанымы, дүниетанымы, кедейлерге
деген көзқарасы ақтарылып сала береді: «Кең көйлектің етегі арт жағынан жел
үрген тауықтай түріліп кеткен Жәніш бәйбіше есік жақта тамақ ішіп отырған
Жапардың тұмсығын қамзолының етегімен жайқай өтіп, төрге беттеді.
Жапардың дәл алдына шығып алып, екі тебініп, екі кебісін екі жаққа ұшырып
жіберді. Жапардың алдында тұрған айранның бетін қыл-қыбыр, жүн-жұрқа,
шаң-тозаңға толтыра кеткенін байқамаған сияқты. Кебіс
табанынан ұшып келіп,
айран бетіне шаншыла түскен тезек сынығы құйрығын шошайтып, Жәніш
бәйбішені нұсқағандай болды» [101,168]. Суреткердің шеберлікпен ойната
білген детальдарында Жәніш бәйбішенің мінезі жарқ етіп көрінеді, құдды бір
бұрыннан таныс адамдай. Аз дүниеге автор бір адам мінезін түгел сыйдыра
алған. Бәйбіше жөнінде бұдан артық ештеңе айтудың керегі жоқ, жазушының
осы бейнелеуінде Жұман байдың кемпірі бар болмысымен, ішкі жан
дүниесімен, пасықтығымен толық көрініс тапқан.
Аталған новелладағы автордың тағы бір баяндаусыз іс-әрекеті арқылы
характердің мінез-құлқын дәл бере білген характер-деталі атаман Антонов
хақында: «Жазагер отрядтың бастығы офицер Антоновтың жүрген жері жылан
жайлағандай болып қалатын. Ол жүріп өткен жердің топырағы бір түнде
қуарып, шаңдағы бір-ақ бұрқ етіп қалатын. Антоновты елдің итіне дейін күндік
жерден таниды, керек болса елден бұрын иттер таниды» [101,169]. Бүкіл қазақ
жұршылығы «Ақтопалаң» атап кеткен атаманды адам баласы емес, керек болса
«алдымен иттер таниды» деген деталь арқылы автор оның елдің арасына салған
ылаңының қандай деңгейде екенін, ит екеш итке дейін оны жек көргендігін
сөзсіз таныта алған. Расында Антонов келіп қалғанда бұрын араз ағайын бірінің
үйіне бірі қалай кіріп кеткенін білмей қалса, жылаған бала жылауын доғарып,
үрейі ұшқан жұрт намазын де кез келген жерде оқып, кез келген жерінен аяқтай
салатындай жағдайға жеткен еді. Автор бір оралыммен-ақ характер ашып
көрсету тәсілін жетік меңгерген.
126
қоя берді» [108] деген қимыл деталінан мейірбан, бауырмал әпкенің өсіп келе
жатқанын түсінеміз. «Лезде бір жылылық қан тамырларымнан жүгіріп өтті де,
қуаныш сәулесі алдымнан жарқ-жұрқ етті» – деген табиғи детальдар
кейіпкердің реакциясы әбден заңды екенін, мынадай адал, бауырмал әпкелер
тұрғанда адамзаттың ұлы көші жалғаса беретінін, әлі де талай асулар алынып,
шыңдарды бағындыратынымыз анық екені көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: