Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет60/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
қосақталған,  жабағы  жүні  түспеген  мәстек  байтал  сияқты,  -  извини  за 
выражение,  -  не  түр,  не  сұқыт  жоқ  жаман  қатындарды  көргенде,  прямо  ішің 
күйеді»  [125,137].  Сондағы  жорғасы  –  өзі.  Қара  нанды  бөлісіп  жеген,  өмірдің 
бар ауыр қайғысы, шаттық қуанышында қол ұстасып бірге жүреміз деген досы 
Адия  туралы  ойы  осындай  болса,  қуыс  кеуде,  тәкаппар  адаммен  енді  бірге 
қалудың  жөні  жоқ  екенін  Сәлкен  түсініп,  мұнан  соң  Күлмирасының  бетін  де 
көрмейді,  ат  ізін  де  салмайды.  Әрине,  оны  іздеп  келуге  Күлмира-жорға 
байталдың  көкірегі де  жібермейтіні  хақ.  Міне,  автор  осындай  шағын  реплика, 
тапқыр детальмен-ақ қыз мінезін толық ашып береді. Қысқаша айтқанда, автор 
кейіпкердің  өз  сөзімен  ғана  оның  табиғи  болмысын,  мінез-құлқын  көрсете 
білген. 
О.Бөкейдің «Шұғыла» новелласында шөп шауып жүрген Мұқа мен Нұрлан 
арасындағы диалогқа көңіл бөлсек: 
-  Әй,  Мұқа-ай,  бұрынғыдай  емес,  жасқаншақ  болып  кеткенбісің,  қалай. 
Нормаңды асыра орындадым. Қылатыныңды қылып ал деп шалқаңнан түсетін 
тентектігің қайда? 
-  Бригадир  бұрқырап  жүрмесе...  Шешсек  шешейікші.  Менікі  тиын  болсын 
деген ғой, бауырым. Сен секілді сүр бойдақ емеспін, бала-шағам бар, көк қарын 
қолға  қарап  отырған»  [140,303].  Таза  характерологиялық  деталь.  Жауын 
жаумай  тұрғанда  жұмысты  қойып, көрші  жылқылы  ауылға  барып қымыз ішіп 
келейік  деген  ұсынысқа  берген  жауаптан  байқалатыны  –  кешегі  арқырап 


151 
 
жүрген  апталдай  азаматтың  бала  үшін,  отбасы  үшін  мінезін,  көзқарасын 
өзгертіп,  ақыл  тоқтатуы,  сабасына  түсуі.  Кешегі  қылатыныңды  қылып  ал  деп 
шалқасынан  түсетін  тентек  жан  бүгінде  тіпті,  бригадирдің  көңіліне  қарап, 
жасқануда. Демек, өмірдің өзі талай асауды сабасына түсіріп, тәрбиелей алады. 
Тілдік  детальдың  кейіпкер  мінезін  бір  ауыз  сөзге  сыйғызып  беретін 
характерологиялық  сипатын  О.Әбділдәұлының  «Жаттығу»  новелласынан 
кездестіреміз.  Әдебиет  сабағын  жақсы  көретін,  өзін  еркін  ұстап,  барлық 
сұрақтарға  жауап  беріп,  желпілдеп  отыратын  баланың  меселін  қайтарған 
ұстаздың  сөзі  мен  әрекеті  оқырман  көңіліне  қаяу  салады.  Бір  бала  есепке 
жүйрік болса, екінші бала қара сөзге дес бермейтін ерекшелігін ескермей, оны 
тақтаға  шығарып,  мұқатып,  бір  жылдық  өлеңдерді  жатқа  айтуын  талап  етудің 
өзі ақылға сыймайды: 
-  Қат-қат  білімің  ішіңе  сыймай  бара  жатса  жыл  басынан  бергі  жаттауға 
берілген  өлеңдерді  сыпыра  қайталап  шықшы,  қане  –  деп  тақтаның  алдына 
қаздитып қояды. Тақпақ жаттауға жоқпын енді. Ең осал тұстан ұстағанын ұққан 
ұстаз масаттана класқа қарайды: 
- Ал, артық сана өзіңді. Ал аузыңа ие болма. Ал сайра! 
-  Қара  сөзге  қатыстысын  кез  келген  жерден  сұраңыз,  айтайын,  тәтей.  Тек 
тақпақ дегенді басым ұстамайды. 
- Бүкіл тақырыптарды судай сіңіріп, балдай батыратын жадыңа не көрініпті 
жыр сақтамай соншама. Әшейін-ақ өзің жаттағың келмейді ғой. Маңызын ғана 
майын  тамызып  айтып  шығуға  дағдыланып  алғансың»  [129,240-241]  деген 
мұғалімнің  тұқырту  сөзінен  кейінгі  баланың  психологиялық  жағдайы  тым 
аянышты:  «Қипақтаймын,  қызырақтаймын.  Әлсіздігімді  мойындаймын.  Еш 
нәрседен  қаймықпай  өзімді  еркін  сезініп  отыратын  жалғыз  осы  бір  пән 
үстіндегі  сәттеріме  де  сызат  түсе  бастады  ма  деп  опынамын»  [129,241].  Міне, 
алғыр  бала  бойындағы  өз-өзіне  деген  сенімділікті  жоғалту.  Қала  берді,  осы 
басқалардан  ерек  көркем  шығарманың  мәнісін  терең  түсінетін,  бір  оқығаннан 
қағып  алатын  сұңғыла  баланың  осы  пәнге  деген  қызығушылығын  өшіру. 
Мұғалімнің  білетін  баланы  тақтаға  шығарып,  көпшіліктің  көзінше  білмейтін 
нәрсесін әдейілеп сұрау арқылы төменшіктетуінен табатын пайдасы да, алатын 
нәтижесі  де  –  осы.  Түсіне  білген  адамға  туындының  маңызын  түсініп,  майын 
тамыза  айта  білудің  өзі  оңай  шаруа  емес.  Соны  автор  шебер  қиюластырып 
берген.  Әрине,  бірақ  мұғалімнің  бәрі  бәрдей  емес.  «Абдулла  ағай» 
новелласында  бала  бойындағы  өнерге  құмарлық,  өмірдегі  қисапсыз 
құбылыстарға  құмарлық  күн  сайын  сабақ  үстінде,  спорт  залында,  тәжірибе 
учаскесінде,  бақша  ішінде  өз  жүрегін  шәкірттеріне  жайып  салып  тұратын 
сүйікті  ұстаз  Абдулладан  шым-шымдап  бала  бойына  даритынын  балалардың 
өздері де сезетін. Ағайлары тіпті тақтаға шақырғанның өзінде басқалар секілді 
фамилиямен  емес,  «Жарас,  Жасан,  Ізбасар»  дегенде  бір  түрлі  ішің  жылып 
қалады»  [129,204]  деген  тілдік  детальдар  арқылы  автор  ұстаздың  оқушыларға 
тигізер орасан әсерін, оның мейірімділігін, бүкіл баланың жүрегінен орын алған 
ұлылығын жеткізеді. Осы бір ауыз деталь арқылы мұғалімнің ішкі жан-дүниесі 
ашылып  тұрғандай.  Жайдары,  жылы  жүзді,  жанға  жайлы  жұмсақ  мінез, 


152 
 
сыралғы мұғалім екенін бірден ұғамыз. Расында оның «Жарас, Жасан, Ізбасар» 
деген сөздерін естігенде балалар қорғасындай балқып кетеді, фамилиясын емес 
есімін  атау  арқылы  еркелетіп  тұрғанын  сезінеді.  Содан  соң  қайтсе  де 
тапсырмасын  тастай  қып  орындап  келуге  тырысады.  Олар  үшін  ағайларының 
қоңыр даусы да құлаққа сондай жағымды, сазды, тыңдай бергісі келеді. 
О.Бөкеевтің  «Шұғыла»  новелласындағы  «Шешемнің  құрсағы  тар  соқты 
білем.  Тулап  алты  айда  туа  салдым»  деген  тілдік  характерологиялық  деталь 
арқылы  автор  басты  кейіпкер  Мұқтардың  қызуқандылығын,  шапшаңдығын, 
ашуға тез бой алдыратындығын аңғартқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет