Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. . Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші педагогикалық Бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру.
Эксперимент( лат. experіmentum – сынама, тәжірибе), Тергеу эксперименті – Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 203-бабының ережелері бойынша жүргізілетін тергеу әрекетті, іске қатысты мәні бар деректерді тексеру және нақтылау үшін арнайы жасалатын тәжірибе. Эксперимент жүргізу кезінде, атап айтқанда, әлдебір фактілерді қабылдау, жекелеген әрекеттердің жасалу, әлдебір оқиғаның болу ықтималдығының тексерілуі, сондай-ақ болған оқиғаның реті және іздерінің пайда болу тетігі анықталуы мүмкін. Эксперимент куәгерлердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда Экспериментке өздерінің келісімі бойынша сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә, маман, сарапшы және тәжірибелік іс-қимылдарды жүргізетін адамдар қатыстырылуы мүмкін. Эксперимент қайта жаңғыртылып отырған оқиғалар немесе әрекеттер болған жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізіледі. Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде Эксперимент кеңінен қолданылады. Эксперименттің артықтылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақыттын, өту шапшандығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.
Контент – парақшаны ақпаратпен толтыру деген мағынаны білдіреді. Контентке мақалалар, видеолар, суреттер және т.б. жатады. Қазір сіз оқып отырған мақаланың өзі контентке жатады. «Контент» термині мақала үшін аса маңызды.