Саясаттану ғылым ретінде



бет24/43
Дата06.03.2022
өлшемі72,21 Kb.
#27155
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
Саясаттану ылым ретінде

Саяси әлеуметтену

«Саяси әлеуметтену» ұғымы әлеуметтену ұғымына қатысты қалыптасты. Бұл ұғымды ғылыми танымға алғаш рет өткен ғасырдың соңында америкалық социолог Ф. Гидденс пен француздың әлеуметтік психологтары енгізді. ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап «саяси әлеуметтену» ұғымы тұлғаның саясатқа араласуына қатысты қолданыла бастады. Егер әлеуметтенудің негізгі мәні адамның белгілі бір талаптар мен құндылықтарды, білімдер жүйесін игеру арқылы қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде қалыптасуында болса, онда саяси әлеуметтенуді тұлғаның саяси қатынастарға, қоғамдық-саяси өмірге ену процесі – деп айтуға болады. Кең мағынасында алып қарағанда, саяси әлеуметтену – бұл адамның өмір сүру циклінің барлық кезеңдеріндегі ресми және ресми емес, мақсатты түрде бағытталған немесе алдын ала жоспарланбаған, саяси немесе адамның саяси мінез-құлқына, саяси бағдарына әсерін тигізетін саяси емес оқудың, жалпы алып қарағанда, саяси білім берудің бүкіл жүйесін қамтиды.

Тұлғаның саяси әлеуметтенуіне қатысты қалыптасқан концепцияларды екі топқа бөліп көрсетуге болады:

1. «Бейімделу» теориясы – саяси әлеуметтенуді жеке адамның қалыптасқан саяси жүйеге бейімделу процесі, деп түсіндіреді.

2. «Іс-әрекеттік» теориясы саяси әлеуметтенуді жеке адамның да қалыптасқан саяси жүйенің де екі жақты белсенділігіне негізделген процесс.

Саяси әлеуметтенудің механизмдері адам мен саяси жүйенің өзара әрекетінің бірнеше дәрежелерінде қалыптасады. Әлеуметтік дәрежеде (тұтасымен қоғам және ірі топтар) жеке адамға жұмыссыздық, зорлық, террор, т.б. макросоциологиялық факторлар әсер етеді. Соғыс қаупі, экологиялық катастрофалар және басқа да жаһандық мәселелер қазіргі уақытта қоғам, ұлт, таптар дәрежесінде әсер ететін саяси әлеуметтенудің дәстүрлі макрофакторларын толықтырады. Әлеуметтік-психологиялық дәрежеде саяси мақсаттар мен құндылықтар жеке адамға ірі және кіші топтар арқылы да жеткізіледі. Бұл дәрежедегі саяси әлеуметтену механизмдерінің ішінен маңыздырақ болып есептелетіндерге еліктеу, сендіру, саяси үйрену және жеке адамның өзін қандай да бір саяси тұтастықпен теңдестіре қарауын жатқызуға болады. Жеке адам дәрежесінде саяси әлеуметтенудің механизмі ретінде оның санасы мен мінез-құлқына басшылық ететін қажеттілік, мотив, құндылық бағыт-бағдарды атап көрсетуге болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет