Саясаттану



бет22/29
Дата15.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#74662
түріПрезентация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
САЯСАТТАНУ+(ПРЕЗЕНТАЦ.)+(2)+-+копия (2)

  • Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.
  • Субъект (латынның негізнде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.
  • Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда, объект – зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады
  • Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі – жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
  • 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблиясы Адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары аталып қана қойған жоқ, оларды қорғау шаралары да қарастырылған. Бұл Декларация және басқа адам құқықтары жөніндегі келісімдер міндетті түрдегі заңдық құжаттарға жатпайды. Дегенмен, оларды мойындап, қол қойған елдер онда көрсетілген тәртіптерді сақтаулары тиіс.
  • Жеке адамның құқықтарының жіктелуі
  • барлық құқықтарды негативтік және позитивтік (қолданушы) етіп бөлу
  • Негативтік мағынада бостандық мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді
  • Позитивтік мағынада құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттілігін көрсете білуді білдіреді.
  • Адамдардың құқықтары мен бостандықтары әр түрлі болады
  • Азаматтық құқық Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыралмайтын, негізінен, негативтік құқыққа жататын адамдардың құқықтары кіреді
  • Саяси құқықтар азаматтардың мемлекетті басқаруға және қоғам өміріне белсенді қатысуын белгілейді. Оған сайлауға және сайлануға құқықтық; одақтар мен ассоцияцияларға, демонстарциялар мен шерулерге, жиналыстар мен жиындарға, митингілер мен пикеттерге еркіндік; ақпарат хабарлар құқы, сөз, пікір, оның ішінде баспасөз, радио, теледидар арқылы айтылатын сөз, дінге сену бостандығы және т.б. жатады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет