136
Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында көрсетілді.
Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері
қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары
жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі
әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде білім беру мекемелерінде мүгедек балалар үшін
көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен,
арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен
жабдықтау арқылы кедергісіз аймақтар құруы жоспарланған. Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (білім
мекемелерінде
педагог-дефектологтардың,
балаларды
психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға
қойылуы қажет деп ойлаймын.. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен
қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге
асырылуы тиіс. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау,
олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс
орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
-әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
-әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген
мұқтаждықтары болады.
- білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру
мақсатына орай өзгерту.
Қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- білім алушылардың тең құқығын анықтайды және
ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп,
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін
дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде
қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті
бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір
сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы
мүмкіндігі шектеулі балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің
бастауы болмақ. Отанымыздың әрбір азаматын болашақта жан-жақты тәрбиелеп, сапалы білім
беру арқылы дамыту ең жауапты іс. Қазіргі таңда балалардың мүмкіндігін ескере отырып
өзгелермен теңдейбілім алуға барлық жағдай жасалуда.
Достарыңызбен бөлісу: