Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет109/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   674
Ключевые  слова:  «Рухани  жанғыру»,  духовно-нравственное  развитие,  дошкольное 

воспитание и обучения, инновационные технологии, передовой опыт.



Key  words: 

«

  Ruhani  zhangyru



»,  spiritual  and  moral  development,  preschool  education  and 

training, innovative technologies, best practices.




148

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ӨЛКЕТАНУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУШІЛІК 

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

Е.А. Досанова 

Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Терсақан негізгі мектебі. 

Erkenazik17@mail.ru

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани 

жаңғыру»  атты  халқымыз  үшін  стратегиялық  мәні  зор  бағдарламалық  еңбегінде  бірқатар 

маңызды  міндеттерге,  Қазақ  елінің  болашағын  кемелдендіруге  қатысты  өзекті  мәселелерге 

баса назар аударылғаны мәлім. Мұнда ол басты мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің 

қатарына  қосылу  үшін  санамыз  ісімізден  озып  жүруі,  яғни  ой-сана  күнделікті  өмір  талабына 

сай рухани тұрғыда жаңғырып отыруы қажет екенін, бұл еліміздегі саяси және экономикалық 

жаңаруларды толықтырып қана қоймай, солардың өзегіне айналуы керектігін ерекше ескертті.

Әрине,  осынау  бағдарламалық  құжаттағы  тарамдалып  жіктелген  өзекті  міндеттердің  қай-

қайсысы да еліміз үшін аса маңызды екені айтпаса да белгілі. Алайда білім-ғылым саласының 

өкілі  болғандықтан  бізге  ең  алдымен  осы  мақаладағы  білім  мәселесіне  арналған  «Білімнің 

салтанат  құруы»  атты  арнайы  бөлімінің  орны  ерекше  деп  ойлаймыз.  Өйткені  мұнда  Елбасы 

әр  жылғы  халыққа  арнаған    Жолдаулары  мен  басқа  да  еңбектерінде,  сөйлеген  сөздерінде 

айтылған ордалы ойларын жаңа қырынан дамытып, ел руханиятына байланысты тың ұсыныс-

пікірлерін  ортаға салады.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мағынасы 

терең еңбегіндегі туған жер, патриотизм, өз елінің мәдениеті мен салт-дәстүріне елжандылықпен 

атсалысу, Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің 

географиясы» жобасын іске асыру жұмыстарын білім беру ісі мен ғылым саласы өкілдерінің 

қызметінсіз көзге елестету еш мүмкін емес дер едік. Сондықтан да мұны ел Президенті: «...бұл 

білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және 

елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен 

мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте 

туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі»  деп орынды ескертеді [1]. Аталған игілікті ша-

раларды орындау жұмысы білім беру саласының қызметкерлеріне, жергілікті жерлердегі билік 

өкілдеріне үлкен міндеттер жүктейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында 

қозғалған өлкетану ісін дамыту мәселесін толық қолдаймын.Менің ойымша, жастар өз Отанын 

сүюді өскен өлкелерінен бастаулары керек. Туған өлке төсіндегі тылсым табиғат пен тамыры 

терең тарихты, шаруашылық пен саясатты, мәдениет пен тұрғындардың тіршілік ету әрекетін 

қосып,  адамға  ауқымды  білім  мен  тәрбие  беретін  өлкетану,  мәселе  ретінде  өзінің  өзектілігін 

жойған  емес.  Өлкетану  -  мұғалімнің  басшылығымен  оқушылардың  туған  өлкесінің  табиғи, 

әлеуметтік,  экономикалық  және  тарихи  жағдайларын  жан-жақты  зерттеуі.  Бұл  ретте,  біздер 

де  бай  өлкенің  кешегі  көрінісі  мен  бүгінгі  бейнесін  жастарға  насихаттаудан  еш  танбаймыз. 

Туған өлкенің, жергілікті жердің тіпті, аймақтың өз ерекшеліктерін, табиғатын, тарихын, халқы 

мен  тұрмысын  сипаттайтын  факторларды  зерттеп,  оны  жас  ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалану 

өзінің  маңыздылығын  ешқашан  жоймақ  емес.  Өлкетану  жұмыстары  тұлғаның  дүниеге  деген 

дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру  мен  сенімін  нығайтуға  негіз  болады.  Осы  бағыттағы  басты 

нәтижелердің  бірі  Ақмола  облысындағы  10  нысанның  «100  киелі  жерлер»  республикалық 

тізіміне енгізілгені болып табылады. Бүгінде бұл нысандар жалпыұлттық игілік болып табылады. 

Соның бірі Жақсы ауданы Қызыл Ту бөлімшесінің Ешім ауылында орналасқан Баубек батыр 

мазары.  (сурет  1)  Ағымдағы  жылдың  қыркүйек  айының  28-і  күні  Ақмола  облысы  бойынша  

Баубек батыр кесенесінің тұрғызылғанына 25 жыл толып,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 

«Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы» бағдарына  салтанатты  түрде  тіркелді.  Бұл  іс-

шара  барысында  оқушылар  туған  өлкедегі  кесененің  пайда  болу  тарихы  мен    қыр-сырымен 

танысып, көптеген жаңа ақпарат алды. «Баубек батыр өлкесі: Аңыз бен ақиқат» атты ғылыми 

конференция өткізіліп, конференция барысында «Жақсының жақсысы Баубек батыр» атты жаңа 

кітаптың  таныстырылымы көрсетілді. Бұл кітаптың жарыққа шығуына облыстық М.Ғабдуллин 

мұражайының әкімшілігі үлкен септігін тигізгені аталып өтілді.

Баубек  батыр  Бекмырзаұлы  1824  жылы  Көкшетау  облысы  аумағында  дүниеге  келген. 

Бай  отбасынан  шыққан  Баубек  9  жасында  жетім  қалып,  Кенесары  ханның  қарамағында 

болып,  табаңдылығымен  көзге  түсіп  ерекшеленеді.    15-16  жылдары  ол  Қырғызстандағы  ірі 



149

шайқастардың біріне қатысып, танымал қырғыз батыры Отыншы батырды жеңіп шықты. Содан 

бері  оны  Баубек  батыр  деп  атап  кеткен.  Кенесараның  көтерілісіне  дайындалып    және  оның 

бар  жан-тәнімен  берілген  көмекшісі  атанады.  1884  жылы  Түмен  облысында  қайтыс  болған  

Баубек батырды туған жеріне жерленуге тағдыр жазбады. Бірақ, оны ұстауға барғанда, ол өзі 

бір саусағын қылышымен кесіп тастады, киімдерінің бір қалтасында бір жапырақ қағаз жазып 

қалдырып  кетті.  Ол  мынандай  мәтінде:  «Мен  бұл  жерде  қалуды  қаламаймын,  менің  өлгенім 

жайлы  хабарды  естігенде,  осы  жерде  менің  денемнің  бір  бөлігі  ретінде  көміп  тастаңыздар», 

- деп өсиет қалдырды. Баубек батырдың қайтыс болғаны туралы естігеннен кейін, оның туған-

туысқандары Бесоба деген жерге барлық киімдері мен саусағын көміп тастады, қазіргі Қызыл-Ту 

ауылының аумағында тастан үлкен мазар салды [2]. 

Әйгілі ата-бабасын еске алу туралы батырдың ұрпақтары жиналып, Баубек Бекмырзаұлына 

үлкен кесене орнатып,  оны салтанатты түрде 1993 жылы 16 қазанда ашты.  Қызыл Ту ауылын 

өзгертіп, қазір «Баубек батыр ауылы» деп атайды. 

QR кодтар - заманауи технологиялар көмегімен киелі нысандар туралы ақпаратты цифр-

ландыру бойынша «Ескерткіштер сыр шертеді» атты жоба іске асырылып жатыр. Осы жобаны 

жүзеге  асыру  мақсатында  мектебімдегі  Баубек  батыр  атындағы  мұражайды  цифрландыру 

бойынша жұмыс жасау үстіндемін.

Қорыта  айтқанда,  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  іс-шараларын 

жүзеге  асыру  жұмысы  оқу-біліммен,  ғылыммен  тығыз  байланыста  атқарылатын  жүйелі 

үдеріс.  Мұны  күнделікті  өмір  тәжірибесі  көрсетіп  келеді.  Елбасы  Н.Назарбаев  айтпақшы: 

«Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса 

беретін  процесс...  Екі  дәуір  түйіскен  өліара  шақта  Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру  және 

жаңа  идеялар  арқылы  болашағын  баянды  ете  түсудің  тең  дессіз  тарихи  мүмкіндігі  беріліп 

отыр»[3].   Олай  болса,  біздің  ендігі  жердегі  мақсатымыз –  осы мүмкіндікті  пайдаланып  қалу.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет