Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет342/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   674
Тәжірибелік маңыздылығы: 

- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады; 

- оқушы жұмысы алдын

-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады; 

- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға 

оқып

-зерделенген материал бойынша ғана қойылады. 

-  өзінің  оқу  жетістіктерінің  деңгейін  анықтау  үшін  және  ата



-аналарына  осы  ақпараттарды 

жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі. 

- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады[2].

Күнделікті  сабақта  білім  алушылар    топтық  жұмыста  өздерін  бағалай  алады.  Олар  әр 

жұмыстың  өзінше  критерийі  барын  түсіне  келе,  оны  салыстыра  отырып,  шынайы  бағаға 

талаптана алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі 

артады. Бағалау парақшасына зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы 

өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл  да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс.

Негізінде,  баға  қою  -  оқушыны  оқуға  міндеттейтіні  белгілі.  Кейде  бұл  кері  әсер  беретін 



504

тұстары да болады. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын 

ескерсек, бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға 

қызығушылығын туғызуға  және білімді меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі білім додасында 

бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге 

ұялайды. Ол үшін  Блумның «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын әбден түсіне 

отырып, сабақта қолдана білу керек.

Оқушы  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесі  төменде  қарастырылған  міндеттерді 

шешеді: 

-  Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау; 

-  Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын 

айқындауы; 

-  Оқушының  сабаққа  қызығушылығын,  белсенділігін  арттыруы.  Бағаға  қарсы  теріс 

көзқарастың болмауы; 

-  Оқушы  білімінің  жүйеленуі,тереңдеуі,  есте  сақтауы.  Оқушыны  табандылық  пен 

шыдамдылыққа тәрбиелеуі; 

-  Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін 

дер кезінде анықтауы; 

-  Оқушының  білім  алу  үдерісін  қадағалап,  дәл  және  жедел  түрде  сапалы  білім  алғаны 

жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы; 

-  Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды 

бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б) 

-  Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау; 

-  Баға сапасын арттыру.

Критериалды  бағалау  жүйесі  оқушының  белсенділігін  арттыруды,  оқу  үдерісінде  жарыса, 

бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет