МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
13
негізделген қоғам әрқашан өркендейді. Ол «әділеттілік» ұғымын негізінен әлеуметтік тұрғыдан
қарастырады. Осыған байланысты әділеттілік мемлекет басшысының да, қоғам мүшелерінің де
бір-бірінің алдындағы өз міндеттерін орындауын, әрқайсысының қоғамдық және саяси
жағдайына сәйкес еңбек бөлінісіне негізделген өз борышын орындауын болжайды. Осыған
байланысты Жүсіп Баласағұнның әділеттілік тақырыбындағы ойлары оның әділ басқару
формасы туралы идеяларын ең көп бейнелегенін атап өткен жөн. Ол әділ билеушінің бейнесін
жасауға тырысты, бірақ оның осы бағыттағы ізденістері оның идеалды әлеуметтік жүйе туралы
ойларын, қоғамдық тәртіпті жақсарту туралы утопиялық ойларымен аяқталды [3].
Жоғарыда айтылған ойларды Абай өзінің Отыз сегізінші қара сөзінде былай деп толықтыра
түскен: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық,
екінші – еріншектік, үшінші – залымдық. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш
нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі
өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. За-
лымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жырт-
қыш хайуан хисабына қосылады» [4. 100 б.]. Әл-Фараби мен Абай – Шығыс пен Батыс әлемінің
үздік жетістіктерін үйлестірген, өркениеттер тоғысында озық ой айтқан ғибратты ғұламалар.
Қазақ үшін Абайдың данышпандық тұжырымдары – адастырмас темірқазық екені рас.
Ел болмысының негізін құрайтын ұрпақтың болмысы оң сенім, дұрыс таным, сапалы білім,
денсаулық, табиғи ортаның тазалығы, қоғамдық ортадағы қайырымдылық, адамдардың бір-
біріне деген адамгершілігі, жауаптылық мемлекетті көркейтеді. Ұрпағын дұрыс тәрбиелеп,
қорғай білген елдің ұрпағы елін қорғайды дегенге саяды.
Біз соңғы кездері Жаңа Қазақстанды құрамыз деп айтып жүрміз. Алдымен бұл тәуелсіздік
кезеңіндегі құрылатын
Достарыңызбен бөлісу: