Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет48/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Дүниені ақырет арқылы тану 
Аса қамқор, Алла Тағала Құранда: «(Қазір) Сіз Құранға таңғалып отырсыз ба? Күлесіз, 
бірақ жыламайсыз!» (Нәжм сүресі, 59-60) – деп бұйырды. Тағы да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір 
хадисінде: «Аллаһқа зікір ете отырып, Алладан қорқып, көз жасын төккендер қиямет күні азапқа 
ұшырамайды», – дейді. Бұл аят пен хадистен дүние тіршілігін сынақ деп қабылдап, өміріміздегі 
рахат пен сауыққа мастанбай, жасаған күнәларымызға өкініп, Алла үшін төккен көз жасымызбен 
өткізуіміз керек екенін түсінеміз. Қожа Ахмет Ясауи дүниені көз жасын төгетін орын деп 
сипаттап, «Диуан-и хикметінде» аз күліп, көп жылағанын, Алла үшін төккен көз жасы арқылы 
тазаланғанын айтады: 
Құл Қожа Ахмет, қырықты шырақ қыл да, 
Ақыретте есіңді жи, жылап мұнда. 
Иман – дін, мәні – дүние мұрат қума, 
Үлесін құдай деген алды, достар (6. Х.-54. б.). 
 
Қожа Ахмет Ясауидің осы шумақтар арқылы біздің санамызға сіңіргісі келген нәрсе – Алла 
тағаланы тану, оған ғашық болу жолына түскендер өмір бойы оның шашып кеткен інжу, 
гауһарларын теріп, рахаттана өмірін өткізетіні. 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
52 
Айтпағы, адамның дүниеге жіберілудегі мақсаты – Аллаға құлшылық ету. Адам дүниедегі 
қажеттіліктеріне сай өмір сүре отырып, құлшылық ету парызын да орындауы керек. Хазірет, 
Қожа Ахмет Ясауи ғибадатпен өтпеген өмірдің мәні болмайтындығын, адамның дүниедегі 
өмірін ғибадатпен өткізу арқылы шынайы бақытқа жететінін айтады. Сопылықта Алла үшін 
төгілген жас жүректі тазартуға себепші екені айтылады. 
О, дәурен, қасіреттен сау шағым-ай, 
Отыздың тоғызында қаусадым-ай. 
Бүйткенше жақсы-ақ еді алса Құдай, 
Тағатсыз қызыл жүзім солды, достар. (18. Х.-69. б.). 
 
Көшпестей бұл дүниеден тәубасыздар, 
Өлсе де көр азабы жаумасы бар. 
Қожа Ахмет, жаны қайтіп жаннат тапсын, 
Күндіз-түн қорқатұғын нәубаты бар! (49. Х.-120. б.). 
 
Құран Кәрімде Аса қамқор Алла Тағала: «Ақиқатында, адамның өз ісінен басқа ешнәрсе 
жоқ, оның ісі болашақта көрінеді» дейді. Ол (Нежм: 39-40) аяты арқылы бізге берген өмірін игі 
істерге жұмсауды бұйырды. Пайғамбарымыз да өз хадистерінде «Дүние – ақыреттің өрісі» - деп 
бұйырды. Қожа Ахмет Ясауи да дүние жалқаулар мекені еместігін, жалқаулардың кемшілігі көп 
болатындығын айтады. 
Жер асты қорлық көрдім көп машақат, 
Тастан қып төсек, жастық, шектім мехнат. 
Ей, достар, бұл дүниеде жоқ дүр рахат, 
Аза боп Мұстафаға кірдім міне. (ДХ.-18. Х.-57. б.). 
 
Құл Қожа Ахмет, асықтық ісіңді аңғар, 
Алла деп садақа бер – қысылган бар. 
Дұға қыл: мал қумасын мұсылмаңдар, 
Мұратқа ақыретте жетер, достар. (ДХ.-18. Х.-93. б.). 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Кімде-кім ақырет қамын ойласа; Алла оның байлығын оның 
жүрегіне орналастырып, екі жағын жақындастырады, дүние оған қорлықпен келеді. Кімнің қамы 
– дүние болса; Алла оның кедейлігін екі көзінің арасына қойып, екі жағын жақындатпайды; Ол 
оған тек өзіне парыз етілген дүниелік нәрсе ретінде келеді». (Тирмизи,30) Біз өмір сүріп жатқан 
дүниемізді емес, есеп күні болатын ақыретті уайымдауымыз керектігін хабарлайды. Сондай-ақ 
Қожа Ахмет Ясауи мүміндердің өздеріне мән беріп, ұлы деп санайтын нәрселерді уайымдау 
керектігін, ойлайтын нәрсенің ақырет екенін және дүниеге мән бермеу арқылы дүние қамын 
тастайтынын хабардар етеді: 
Қожа Ахмет тастай қашты нәпсі тағын, 
«Аллаға ұйуға» арнап жақсы шағын. 
Құс жүрек аңсай ұшты хақ құшағын, 
Құлмын деп жылап дүға қылам саған. (17 Х.-75 б.). 
Қожа Ахмет Ясауи: 
Ілім екеудур: жан мен тәнге басшы тұрар,
Жан ғаламы хазіретіне жақын тұрар ...
Тән галамы залымдарга ұқсар – ерміс, –


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
53 
деп «Диуани хикметінде» жырлап өткен. Байқағанымыздай, М. Мырзахметов Қожа Ахмет 
Ясауи туындыларындағы адамның ішкі рухани әлемімен тiкелей айналысатын жан ғаламы және 
сыртқы ғылым салаларымен шұгылданатын тән ғаламы, тосын таным түрлері туралы айтады.
Ғалым осы жердегі жан ғаламы мен тән ғаламы деп аталатын теологиялық және филосо-
фиялық мағынадағы киелі ұғымдарға тоқталып, бұл ұғымдарға аса мән беруге шақырады [4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет