КӘУЗ сақтауға арналған жер бетіндегі сұйық қоймалар топпен
орналасады немесе жеке тұра алады. Сұйық қоймалардағы әрбір топта немесе
үлкен жеке қоймаларда периметрі бойынша бекітулі опырылымдар немесе
оқшаулағыш қабырғалар (тұғыр сирек қойылады) орнатылады. Олар төгілетін
КӘУЗ–ді жергілікті шағын участкеде ұстап тұруға мүмкіндік береді, яғни
булану алаңын қысқартады.
ХҚО базистік және негізгі қоймаға жіберер алдында КӘУЗ - ді уақытша
сақтау үшін, тұрғын және коғамдық ғимараттардан 300 м қашықтықта
орналасқан тұйықтағы тежіржол қоймалары қолданылады. КӘУ3–ді темір жол
қоймаларында сақтау, ереже бойынша, арнайы цистерналарда жүзеге
асырылады. Сақтау мерзімі 2 - 3 тәуліктен аспау керек. Алайда, мұндай
қоймаларда сақталған КӘУЗ - дің рұқсат етліген мөлшері белгіленбейді, ол
уақытша қойма ретінде пайдаланылатын темір жол станциясындағы цистернаға
бақылаусыз, ретсіз жинала береді.
Темір жол көлігі КӘУЗ тасымалдаудың негізгі әдісі болып табылады.
Сонымен қатар, 40 т – дан 60 т дейінгі сиымдылықтағы КӘУЗ тасымалдау үшін
әр түрлі 0,1 - 0,8 м
3
дейінгі сиымдылықтағы контейнерлер және 0,016 –
0,15 м
3
сиымдылықтағы баллондар пайдаланылады.
Автомобильді көлікпен КӘУЗ 2–6 т жүк көтергіш цистерналармен
тасымалданады. Аварияның нәтижесінен қоймалардың, цистерналардың,
технологиялық сиымдылықтардың және құбыр өткізгішзердің зақымдануы
және қирауы КӘУЗ - дің ауаға тарауына, содан кейін сол аймақтың
зақымдануына алып келеді. Желдің бағыты бойынша қозғалған КӘУЗ бұлты он
шақты километр тереңдікке дейін зақымданған аймаққа орныға отырып, ол
қорғанбаған адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің зақымдану қаупін
тудырады. Зақымданған аймақ дегеніміз – КӘУЗ - дің зақымдаушы әсері
байқалатын аймақ, ал аймақтың терендігі дегеніміз – зақымдалған аймақ
көзінен аймақ шекарасына дейінгі сиымдылықтың, коммуникацияның
зақымдануы немесе қирауы болып табылатын арақашықтығы [3].
Ірі авариялардың қауіпті нәтижелері өрттер мен жарылыстыр болып
табылады. Көбіне жоғарғы қысымда болатын қазандар, баллондар, труба
құбырлары, көмір шаңы және шахтадағы газдар, ағаш шаңы мен ағаш өңдейтін
және жихазға арналған өндіріс орындарындағы түрлі - түсті заттар жарылу
нысанына айналады. Өндіріс орындарындағы көптеген авариялар зақымдалған
мекеме жұмысшылары үшін ғана қауіп тудырмайды, сонымен қатар жақын
маңдағы мекемелер мен тұрғылықты жерлерге де қауіпті. Бұларды жұмысты
ұйымдастырған кезде ескеру керек.
Апат кезіндегі объектіден ауаға шығарылатын көмірсутекті газдарды
(метан, этан, пропан) көп пайдаланылатын өндіріс орындарында жарылыстар
жиі кездеседі. Көбіне жарылатын заттар: қазан дайындйтын заводтағы
қазандар, химиялық заводтың өнімдері және полуфабрикаттары, бензин булары
және басқа компоненттері, диірмендердегі ұндар, элеваторлардағы шаң, қант
заводтарындағы қант ұнтақтары, ағаш өңдейтін мекемелердегі ағаш шаңдары.
Жарылыс кезінде соққы толқыны тек ғимараттардың қирауына ғана
әкеліп соқпайды, сонымен қатар адам өлімін тудырады. Қираудың сипаты мен
дәрежесі көбіне жарылыс күшіне және құрылыс орынының техникалық
240
беріктігіне байланысты болады.
Химияландырудың қарқындылығы шаруашылық қызметте КӘУЗ
қолданудың кеңінен тарауына жағдай жасады. Соған сәйкес, көптеген
шаруашылық объектілері, ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары химиялық
қауіпті болып табылады [4].
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және тұрмыста қолданылатын
химиялық заттар ассортименті үздіксіз өсіп келеді. Бұның барлығы төтенше
жағдайлардың өте жиі туындауына ықпал етеді. Бұл жарылыстар, өрттер,
опырулар, теміржол, автомобиль және авиациялық оқиғалар, түрлі химиялық
заттардың, оның ішінде авариялық химиялық қауіпті лақтырындылар мен
төгілулер.
Олардың айтарлықтай қорлары тағамдық, ет - сүт өнеркәсібінің
объектілерінде, сауда базасының тоңазытқыштарында, тұрғын үй -
коммуналдық шаруашылықтарында жұмылдырылған. Осылайша, мысалы
көкөніс базаларында хладагент ретінде пайдаланылатын 100 т. аммиак, су
құбырлары станцияларында – 10 – нан 30 тоннаға дейін хлор бар. Бұл
объектілер тұрғын үйлер мен аудандарға тікелей жақын жерде орналасқан.
Көп келеңсіздікті темір жол әкеледі. Бұнда вагонның рельстен шығуы
және аударылуы жиі болады. Жерге хлор, аммиак, бензол, бутадиен, формалин,
түрлі қышқылдар, бензин, керосин, дизель отыны, мотор майы және тағы
басқалары төгіледі. Жерлер, су тоғандары, ауа және барлық қоршаған орта
зақымданады. Сол кәсіпорындарда да жағдай жақсы емес [5].
Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуі үшін әдеттегідей орта есеппен 3
тәулікке, ал өндіріс бойынша кәсіпорындарға минералды тыңайтқыштар – 10 -
15 тәулікке дейін есептелген химиялық заттардың азайтылмайтын запасы
құрылады. Нәтижесінде ірі кәсіпорындарда, сондай - ақ қоймаларда және
кейбір порттарда бір уақытта өндіріс ауқымына байланысты мың, сондай - ақ
ондаған мың осындай заттар сақталады.
Жеке көкөніс (сауда) базаларында хладагент ретінде қолданылатын 150
тоннаға дейінгі сұйылтылған аммиак, су дайындау станцияларында 100 - ден
400 тоннаға дейін сұйылтылған хлор бар.
Күшті әсер ететін улы заттардың запасы базалық және шығындық
қоймалар резервуарларында сақталады, технологиялық желілерде, көліктік
құралдарда (өнім құбырында, темір жол цистерналарында, контейналарда,
баллондарда, танкерларда) бар. Зымыран отыны компоненттері қоймалар
резервуарларында сақталады, темір жол цистерналарында және жанар - жағар
май құюшымен тасымалданады.Темір жол цистерналарының жүк көтергіштігі:
хлор үшін 47,6 тоннаны, 55,8 тоннаны немесе 57 тоннаны; аммиак үшін 30,7
және 45, 3 тоннаны; тұз қышқылы үшін 52,2 және 59,4 тоннаны құрайды.
Автомобиль цистерналарының жүк көтергіштігі 2 - 6 тонна. Контейнерлердің
(бөшкелердің) сыйымдылығы 0,4 - 2,5 м
3
, баллондар 0,005 - тен 0,08 м
3
құрайды.
Күшті әсер ететін улы заттардың зақымдану аумағы, олардың табиғи
қасиеттері мен агрегатты жағдайына байланысты бастапқы және туынды тозаң
бойынша есептеледі, мысалы: сұйылтылған газ үшін – жекелей бастапқы және
туынды бұл бойынша; сығылған газ үшін – тек бастапқы тозаңбойынша;
241
қоршаған ортаның температурасында қайнайтын улы сұйықтық үшін бастапқы
тозаңбойынша.
Күшті әсер ететін улы заттармен зақымдану ауқымын болжамдау үшін
бастапқы деректер: объектідегі күшті әсер ететін улы заттардың жалпы саны
және сыйымдылықтар мен технологиялық құбырларда олардың запастарының
орналасуы бойынша деректер; атмосфераға лақтырылған күшті әсер ететін улы
заттардың саны және олардың жер қабаты бетіне төгілу сипаты («бос»,
«табандықтарға» немесе «төгуге»); қоймалық ыдыстардың тұғырықтары мен
бөгеттер биіктігі; метеорологиялық жағдайлар: ауа температурасы, 10 метр
биіктіктегі желдің жылдамдығы (флюгер биіктігінде), ауаның тік тұрақтылық
деңгейі.
Авария болған жағдайда жұқтыру ауқымын алдын ала болжау кезінде
бастапқы мәліметтер үшін мыналарды қабылдау ұсынылады: күшті әсер етуші
улы заттардың лақтырылу шамасына – оның барынша бірлік сыйымдылық
көлемі бойыншақұрамы (технологиялық, қоймалық, көліктік және т.б.),
метеорологиялық жағдайлар – инверсиясы, желдің жылдамдығы – 1 м/с.
Авариядан кейін тікелей жұқтыру ауқымын болжау үшін лақтырылған
(төгілген) күшті әсер етуші улы заттардың саны туралы нақты деректер мен
шынайы метеожағдайлар алынуы тиіс [6].
Ерекше қауіпті жоғарғы токсинді заттармен су көздерінің зақымдалуы
тудырып отыр. Ағатын канализация суының төгілуі үлкен қауіп тудырады.
Олардың улылығы ҚӘУЗ қалдықтарына қарағанда анағұрлым төмен, өздерінің
көлемі мен жиілігіне қарай олар үлкен зиян келтіруге қабілетті. Әдетте
канализациялық қалдықтар адамдардың қысқа мерзімде зақымдануына алып
келмейді, бірақ мутацияны тездетіп және адамның имундық жүйесін әлсіретуге
қабілетті.
Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен
полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.
Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары
хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады.
Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар
оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға
қабілетті.
Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі.
Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің
бала туу қабілетіне әсер етеді. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды
зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен
қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді. Халықтың денсаулығына
метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил
спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30 - 100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп
соқтырады.
Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет
және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және
т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар
ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың
қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі - отынды жағу,
242
пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.
Қорғасынның негізгі көзі - автокөлік жанармайы болып табылады.
Қорғасынның
көп
бөлігі
металлургия
кәсіпорындары
мен
ауыл
шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде
шығарылады [6].
Өндірістік қатты қалдықтарды (ӨҚҚ) жою және қалалық аймақтардың
ластануы әсіресе саны 1 млн - нан астам тұрғыны бар ірі қалаларда
(мегаполистерде) бірден - бір мәселе болып отыр.
ӨҚҚ «өндірісінің» бір адамға орта нормасы 1м
3
/ жыл (көлем бойынша)
немесе 200 кг / жыл – масса бойынша. Көптеген тұрмыстық, өнеркәсіптік,
радиоактивті қалдықтар, сонымен қатар құрылыс материалдарымен және
пайдалы қазбалар өндірумен байланысты қалдықтар оларды пайдаланудың
ерекше схемасын жасап шығаруға әсер етті - ӨҚҚсақтау полигондарын жасау.
Фазалық жағдайы бойынша қалдықтар қатты, сұйық немесе газ тәрізді
фазалардың қоспасы болып бөлінеді.
Өндірістік қатты қалдықтар құрамы бойынша әр - түрлі: тағам
қалдықтары, қағаз, металл сынықтары, резина, шыны, ағаш, мата, синтетикалық
заттар. Сақтау үрдісінде қалдықтар басқа физико - химиялық және улы
қасиеттері бар заттарға айналуға икемді. Бұл қалдықтар сақтау полигондарында
жаңа экологоиялық қауіпті заттардың пайда болуына әсерін тигізеді. Бұл
биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Сұйық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар аса үлкен қауіп төндіреді.
Олар топырақ және өсімдік қабатына зиян тигізе отырып жерасты суларына
және гидрографиялық желіге енетін түрлі улы заттар және қосылыстардың
жоғары концентрацияларымен сипатталады.
Бүгінгі таңда радиоактивті қалдықтарды пайдалану күрделі мәселеге
айналуда. Бұл оларды кең пайдаланумен және тірі ағзаға зиянды және жабық
әсерімен байланысты. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша ТҚҚ
полигондарының
айналасында
жерасты
және
жерүсті
суларының
поликомпонентті
ластануының,
қоқсық
астынан
шығатын
жоғары
температуралы (шамамен 40 - 500
0
С) улы фильтраты бар басқа табиғи
орталардың динамикалық ореолдар аймақтары қалыптасуда.
Фильтраттың жоғары температурасы қалдықтарда жүріп жататын
экзотермиялық химиялық реакциялармен анықталады.
Сонымен қорытындылайтын болсақ күшті әсер ететін улы заттармен
болтын апаттар өсімдітерге, жануарларға және де адамдарға өте қауіпті.
Сондықтан олармен жұмыс жасағанда өте сақ болу керек. Көбнесе химиялық
апаттар КӘУЗ сақтайтын, тасымалдайтын және пайдаланатын кәсіпорындарда
болады.
ӘДЕБИЕТ
1. Булдаков Л.А. Радиоактивные вещества и человек. - М.: Энергоатомиздат,
1990. - 160 с.
2. Миркин Б.М., Наумова Л.Г., Гилярова А.М. Экология. - М.: Устойчивый мир,
1999. - 304 с.
243
3. Сивинцев Ю.В. Насколько опасно облучение. - М.: Издат, 1991. - 112 с.
4. Алексеев Н.А. Стихийные явления в природе: проявление, эффективность
защиты. - М.: Мысль, 1998. - 255 с.
5. Каммерер Ю., Харкевич А. Аварийные работы в очагах поражения. - М.:
Энергоатомиздат, 1990. - 236 с.
6. Шубина Е.П. Гражданская оборона. - М.: Просвещение, 1991. - 223 с.
Достарыңызбен бөлісу: |