ӘДЕБИЕТ
1. Коммунистік партия Қазақстандағы тың жерлерді игеру жолындағы күресте.
А., 1969; «Вопросы истории КПСС», 1975, №3, 20 - 21 б.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4 - том. -
Алматы: «Атамұра», 2010, 752 б.
3. Очерки истории Коммунистической партии Казахстана. Алма - Ата, 1963, 498
б.
4. Рысбайұлы К. «Қазақстан Республикасының тарихы». - Алматы: «Санат»,
1999, 310 б.
5. Ковальский С.Л., Маданов Х.М. Қазақстандағы тың жерлерді игеру. Алматы,
1985, 8 б.
57
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМЫ
Смагулова А.А.
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті
тарих мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекші - Капбасова Д.С.
Тарих тағылымдарын толығынан игеру адамдардың рухани икемділігін
тәрбиелеуге, олардың өнегелік денсаулығын сақтауға, азаматтардың өздерін
шын мәніндегі жетелеуге икемділігін арттыруға, олардың ілгерідегі тарихи
жолды лайықты таңдауына жетелейді. Осыған орай егеменді Қазақстанның
алдағы тарихи жолын таңдап алуда әлгі айтылған қасиеттердің аса қажет екенін
дәлелдеп жатудың керегі бола қояр ма екен? Тіршілік болмысын шын мәніндегі
сауықтырудағы және даналық ілім алуға Қазақстан тарихының маңызын
байыпты бағалай білу қажет. Тарихты жасайтын халық. Өзі өмір сүрген дер
кезінде баға беріп, сол заманға байланысты жаңаша ойлар тудыратын - тарихи
тұлғалар. Әр дәуірдің тарихи тұлғаларының тууына себеп болатын сол дәуірдің
қоғамдық қажеттіліктері, осы қажеттіліктен кемел тарихи құбылыс туындайды.
Патшалық Ресейдің отарлау саясатының дереккөздерін зерттеудің
өзектілігі бірқатар себептерден, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының
қоғамдық - саяси дамуы мен объективтік деректерге негізделген тарихи сананы
қалыптастыру қажеттілігінен туындайды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетінен ажырап қалмас
үшін, қазақтардың нақты ұлттық бірегейлікке ұмтылуға тарихи тұрғыдан
хақысы бар» деуі қоғам дамуының заңдылықтарына тікелей байланысты [1].
Қазіргі кезде Қазақстан ұлттық тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып,
Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзілік тарихи және саяси үрдісте орны
айқындалып жатқан кезде ХХ ғ. бас кезіндегі саяси процесс басшыларының
қазақ халқының бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми - саяси
еңбектерінің саяси маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуы тиіс.
Патша үкіметі қазақ жерінде екі ғасырдан артық отарлау саясатын
жүргізді. Бұл езгі ХХ ғасырдың басында бұрынғысынан да күшейе түсті.
Отаршылдардың бұратана халықтарға байланысты жүргізген шовинистік
саясаты, соған орай еңбекшілер жағдайының, әсіресе жер мәселесі бойынша
аударылуы, қарапайым халықтың құқықтарының кемдігі, аяусыз езілуі,
басқарудың ұйымдастырылу сипатының халыққа қарсы болуы, рухани
мәңгүрттенуі және т.б қазақ елінің сол кездегі зиялы қауымның ашу - ызасын
тудырады.
Патшалық Ресейдің озбыр отарлау саясатына қайыспай қарсы тұрып,
қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру үшін және қазақтардың күллі адамзатқа
ортақ прогресс арнасында өз орнын анықтау үшін батыл күреске Алаштың
абзал азаматтары қызыл империяның қанды шеңгелінен қаза тапты. ХХ
ғасырдың басында қазақтың ұлы перзенттерінің жан - жүрегінде шынайы
азаттық пен ұлттық сана - сезімнің асқақ рухы алаулап өтті. Бірақ олардың
еңбектері еш кетпеді.
58
Олар бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізін салып кетті. Сол ерен де
ерлеріміздің арқасында еліміз көркейді, өзіне тиісті еркіндігін, дербестігін,
тәуелсіздігін, теңдігін алды. Артқа үңілсек, бұның бәрі әрине оңайшылықпен
келген жоқ. «Елім, жерім, жұртым – халқым» – деп өткен, өз ата -
бабаларымыздың маңдай терінің, білек күшінің арқасы.
Қазақ халқының сынға түскен тарихи кезеңдерінде, алмағайып
замандарында, әсіресе Қазақстанның оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық
еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға
түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсат басын бәйгеге тігіп, жан қиған да
осы Алаш арыстары болды. Әсіресе ұлттық тәуелсіздік үшін күресте бір
жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы
қыруар еңбектерін еш уақытта ұмытуға болмайды.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облыстан
тұрды
Сырдария
мен
Жетісу
облыстары
Түркістан
генерел
-
губернаторларының, ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары - Дала генерал
- губернаторларының құрамына кірді. ХХ ғасырдың басында қала халқының
өсу бағыты байқалды. 1897 жыл 1914 жылдар аралығында барлық
облыстардағы қалалар халқы бір жарым еседен астамға өсті. Қаладағы
неғұрлым ірі әлеуметтік топ сауда буржуазиясы болды, олар тұрғындардың 20,
3 процентін құрады. Қалалықтырдың 33,1 проценті тау - кен, кең қазып шығару
және тамақ өнеркәсіптерінде істеді, 20 проценті ауыл шаруашылығымен және
кәсіпкерліктермен шұғылданды. Қазақстанда негізіне кен қазып шығару және
тау - кен заводтық, сондай - ақ өндеуші кәсіпорындар дамыды. ХХ ғасырдың
басында Қазақстанның экономикалық өмірінде негізінен өлкенің батыс және
солтүстік - шығыс аймақтарында орын тепкен тұз өндіру кәсіпшіліктері
маңызды рөлге ие болды. Өлкенің экономикалық өмірінде темір жолдар
болудың зор маңызы болды. Өйткені темір жолдар өлкені Ресейдің өнеркәсіп
орталықтарымен байланыстырып, оны жалпы ресейлік экономикалық рынокқа
тартты. Қазақстанның әр түрлі өнеркәсіп шикізаттары мал шаруашылығы
өнімдері, мал, астық сыртқа шығарылып, өлкеге фабрика - зауыт бұйымдары,
галантерея, бакалея тауарлары әкелінді [2]. Жалпы алғанда Қазақстанда ХХ
ғасырларда экономика жақсы қарқынмен дами бастаған болатын. Көбінесе
Ресеймен тығыз байланыста дами бастады. Бірінші буржуазиялық -
демократиялық революция жағдайында біраз дамыған Қазақстандағы аграрлық
қозғалыс тұтас алғанда әлсіз қалып, шаруалардың дара - дара жекелеген бас
көтерулері шеңберінен шыға алмады. Байлардың, феодалдардың және
отаршылық органдары өкілдерінің озбырлықтарына қарсы наразылықтың бұл
стихиялық әрекеттері негізінен қожайындары, өкімет өкілдерін сабаумен, салық
төлеуден және борыштық жұмыстарын орындаудан бас тартулармен, олардың
малдарын айдап кетумен, егістіктерін таптап тастаумен және басқамен
шектелді. Қазақстанның өз тәуелсіздігіне қол жеткізуі және осыған байланысты
елімізде орын алған ірі өзгерістер, халқымыздың кеңес өкіметі тұсындағы
тарихына да жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. ХХ ғасырдың 20 - жылдары
аса күрделі, өзекті қарама - қайшылықтары мен қиыншылықтарға толы кезең
болғандықтан, әлі де көптеген зерттеушілердің назарын өзіне аударуда. Сол
себепті қазіргі таңда тарихымыздың осы кезеңіне арналған біршама еңбектер
59
жарық көруде. Әсіресе, ауыл жағдайы жан - жақты зерделеніп, шынайы бағасы
беріле бастады. Солардың қатарында мәселен, Омарбеков Т. пен Қойгелдиевтің
М. еңбектерін ерекше атап көрсеткен жөн. 20 - жылдар тарихы көптеген
мұрағат деректері мен құжаттары негізінде талдау жасалып, жаңаша тарихи
көзқарас тұрғысынан қарастырылған. Алайда, бірқатар мәселелер нақты,
шынайы жауабын тапты дей алмаймыз. Патша өкіметі жылдарында қазақ
халқының жері қанау нысаны болып келгені өткен тарихымыздан белгілі. 1917
жылға дейін қазақтардан 45 млн. десятина жер тартып алынды. Сырдария мен
Жетісу облыстарындағы жергілікті тұрғындардың шұрайлы да құнарлы жерлері
тартып алынып, келімсектерге үлестіріліп берілген болатын. Патша өкіметінің
отаршылық саясаты жылдан - жылға күшейе түсіп, тіпті 1917 жылғы Қазан
төңкерісінен кейін де жалғасып жатты. Бұл кезде қайта керісінше жағдай орын
алды, яғни оңтүстік губернияларда өз бетінше ерікті қоныс аударушылардың
саны көбейіп, ал мұның өзі Қазақстанда жер мәселесін шешудегі әлеуметтік
қарама - қайшылықтардың ушықтыра түсті.
Сондықтан, жер қатынасы саласында мұндай мәселені шешу жергілікті
жағдайларды ескеруді талап етті. Бұрынғы патша саясатының салдарын жою
және адам өмір сүруге мүмкіндік болатын қарапайым жағдай жасау үшін
жергілікті тұрғындарды жер мен қамтамасыз ету қажет болды. Осы жерде кеңес
билігі шығарған “Жер туралы” декретінің маңызы болғандығын атап өтуіміз
қажет [3]. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері көптеген жетістіктерге қол
жеткізді. Мұның бәрі әрине, елі үшін, жер үшін қаншама күрескен осы зиялы
қауымның алатын орны ерекше. Қазіргі кезде осы тақырып төңірегінде
көптеген тарихшыларымыз ден қойып зерделеуде.
Оқуға ниеті бар, бірақ қол қысқалығы, қаражат тапшылығы қинаған
жастар білім жолына қолы жетпей жүргенде, оқып алып, қол қусырып, қызық
қуып бос жүргендерге еріксіз қынжыламын” дейді, Мұхтар Әуезұлы
“Мұғалімдік курс” атты мақаласында Қазақты бала асыраудан гөрі, мал
асыраудың әбігері көп қинады. Өзге мәдениетті, білімді жұрттар жаз соңына,
күзге қарай баласын оқуға жіберуге қандай даярланса, сол мезгілде қазақ малын
күзеу, қыстауға айдауға сондай әбігерленді. Бала мен мал асыраудың жер мен
көктей айырмашылықта екенін ескере келе, баланы мінезі, ақылы, ойы,
намысы, қайраты, жігері жағынан көп көңіл бөліп, тәрбиелеу керектігіне баса
назар аударылды [4].
Бүкіләлемдік саяси жүйеге өзгеріс әкелген осынау кезеңде зиялы қауым
халқының болашағы үшін қарулы күрес жолында да батыл қадамдарымен көзге
түсті. Елі мен жері үшін күрескен қиын саяси жағдайда таңдаған жолынан
тайынбай өзіндік тән қасиеті отаншылдық рухы бар – зиялы қауымын Қазақ
елінің жауы мен досы мойындаған. Бір сөзбен айтқанда, тарих беттерінде
шыңдалып, елеулі орынға ие болып отыр [5].
ХХ ғасыр тоғысында қалыптасқан ұлттық - демократиялық қазақ
интелигенциясының жұрт таныған жетекшілері, жетісулық Алаш қайраткерлері
де қажырлы еңбек етті. Бұл қозғалыстың Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне
топтасқан жетекшілері өздерінің саяси күреске араласа бастаған кезден аса
маңызды үш ұлттық мақсат - мүддені, атап айтқанда: тарихи жаңа кезеңде
ұлттық мемлекетті қайтадан қалпына келтіруді, оның шаңырағының астына
60
халқымыздың ата - қонысын біріктіруді, сол арқылы қазақ халқын отарлық
езгіден құтқаруды және реформа жолымен қазақ қауымын өркениетті елдер
қатарына жеткізуді басты нысана етіп белгіледі [6].
Адамзат тарихы әлденеше рет дәлелдегендей, ұлттық бірлігі, қоғамның
күші, халық рухы сын cағаттарда сыналып, шындалады. Міне, осы кезде тарих
сахнасына оның шын мәніндегі ел бастаған көсемдері мен біртуар
перзенттерінің үркердей озық ойлы тобы шығады. Бұл кезең Гумилевше
айтқанда, қазақ пассионарлығының, яғни ұлттық интеллектуалдық күш
қуатының жанартаудай жартасты жара атылу кезеңі болды. Сондықтан біз
қазақ пассионарлығының айқын көрнісі немесе ХХ ғасыр басындағы ұлттық
ренессанс кезеңі саналатын осы хронологиялық шекті зерттеудің басты
обьектісі ретінде қарастырдық. Қазақ зиялылары халық демократия алу үшін
барынша күресі білді [7].
Еліміздің өз тәуелсіздігін жария етуі, соған байланысты қоғамдық өмір
мен ғылымда қылыптасқан қолайлы жағдай тарихтанудағы басқа да өзекті
мәселелер сияқты Қазақстандағы Уақытша үкіметтің қызметін де обьективті
тұрғыдан талдауға жол ашып отыр. Міне, осыған байланысты соңғы кезде
зерттеушілер қазақ зиялыларының Уақытша үкімет тұсындағы қызметін бүгінгі
қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде тың еңбектерді дүниеге келтірді [8].
Осыған орай, бүгінде еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған
тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында
көптеген ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ
беттері ашыла түсуде. Себебі кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол
елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи кезеңдер мен сол
кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған жеке
тарихи тұлғалардың өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін
орындап отырған. Оның үстіне әр кезеңде тарихи тағдырлары үздіксіз
бұрмаланып келген жеке тұлғалар туралы тарихи шындықты қалпына келтіру
бүгінгі ұлттық тарихымыздың қалпына келуі үшін де аса қажет. Өйткені тарихи
тұлғаларға ұлттық көзқарас ұстану жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді
қалыптастыратыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |