Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет78/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   333
Байланысты:
sbornikkonferenczii19iyunya2023

Материалы
зерттеу жұмысына 18-21 жас аралығындағы әртүрлі 
соматотипке жататын Жалпы медицина мамандығының 1-2 курс 30 студенті 
қатысты. 
Әдістері: 
зерттеу әдісі бойынша Спилбергер-Ханин сауалнамасы 
арқылы студенттердің мазасыздық деңгейі анықталды. Тонометр аспабымен 
қан қысымын Коротков әдісі арқылы өлшеу, ал гемодинамикалық 
көрсеткіштер Старр формуласы арқылы есептелінді, сондай – ақ, 
студенттердің тыныс алу көрсеткіштерін анықтауға Спирография әдісі 
қолданылды. Зерттеу нәтижесінде көрсетілгендей емтиханға дейін тыныс алу 
жиілігінің көрсеткіштері эктоморфтарда орташа есеппен 17,9 рет/мин болды, 


83 
ал мезоморфтарда 17,2 рет/мин және эндоморфтыларда орташа есеппен 14,9 
рет/мин болды. Емтиханнан соң барлық студенттерде тыныс алу жиілігінің 
алдыңғы 
көрсеткіштермен 
салыстырғанда 
жоғары 
болды. 
Яғни, 
эктоморфтарда 18,7 рет/мин, мезоморфтарда 18,1 рет/мин және 17,9 рет/ мин 
болды. Емтихан алдында эктоморфтарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 
көрсеткіші 1,2±0,12 л, тексергеннен кейін 1,6±0,16л болғанын байқадық, 
сәйкесінше мезоморфтарда 1,3 л, емтиханнан кейін 1,64 л-ға жоғарылады, ал 
эндоморфтарда 1,58 л болды. 
Нәтижелері: 
студенттердің емтихан алдындағы мазасыздық деңгейін, 
оның ішінде ситуативті және жеке түрлерін зерттеу нәтижесінде білім 
алушылардың көбісінде жоғары және орташа мазасыздық деңгейлері 
байқалды. Мазасызданудың жоғары болуы студенттің өзіне деген 
сенімсіздігіне және дайындалмағандығына, әр түрлі әлеуметтік факторларға, 
байланысты болады. 
Қорытынды: 
зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде төменгі курс 
студенттерінде жүрек-қан тамырлары реттелуінің кернеуі және бейімделу 
механизмдерінің кернеуі бар екені анықталды. Нәтижелерді бағалай отырып, 
2 курс студенттеріндегі емтихан стрессіне ең жоғары бейімделу деп болжауға 
болады, өйткені барлық үш жағдайда біз қанағаттанарлық бейімделудің үлкен 
пайызын байқадық. Яғни, студенттердің емтиханға дейін стресс қан 
қысымының көтерілгені байқалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет