Сценарий «Алғашқы махаббат»


ҚАНАТ: Бәрі сіз үшін ғой апай. МҰҒАЛІМ



бет8/26
Дата24.05.2023
өлшемі92,49 Kb.
#96741
түріСценарий
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
ҚАНАТ: Бәрі сіз үшін ғой апай.
МҰҒАЛІМ: Рахмет айналайын. Мен үшін емес, мектептің талабы. Ана артық ауыз көшеде жатқан темірлерді жинап жүрсеңдер әрі мемлекетке пайдалы, әрі ауылдың көшелері тазарады.
САЙРА: Қанат мен енді сені тапқыш деймін.
ҚАНАТ: Ендеше мен сені сатқыш Айтгүлді атқыш деймін. Атқыш пен сатқыш боп жүріңдер солай. Қағаз бердім алмады. Темір бердім алмады. Жүрегімде берсем тағы да алмайтын шығар. О қатыгез тағдыр. Неге сонша қинадың екен. Катя..
ҚАЙЫРЖАН: Апай, мен түсімде сізді көрдім ғой
МҰҒАЛІМ: Мені ме?
ҚАЙЫРЖАН: Иә, түсімде кең далада сіз ақ ат мініп алыпсыз, мен қара атқа мініппін. Сіз менен озып келеді екенсіз. Жете алмаймын, артыңыздан қуып келем, қуып келем.
ҚАНАТ: Ол қалай?
ҚАЙЫРЖАН: Түс қой ол, менің түсім. Содан әрі қарай қуып келем сіз жеткізбейсіз, қара атпен қуып келем, сіз алдыдасыз. Қуып келем, қуып келем (қолымен көрсетеді, балалардың бәрі қызығып кеткен). Қуып келе жатып, оянып кеттіп, сөйтсеем гамажымды жоғары мына жерге дейін көтеріп , тартып тастаппын ғой (қолымен шалбарын ұстағандай болып, мойнына дейін кқтеріп көрсетеді)
(Бәрі мұғалім де күледі)
МҰҒАЛІМ: Жарайды балалар енді сабаққа кірісейік. Айтгүл, сабаққа пайдаланып жүрген көрнекі құралдар мен фото суреттер қайда?
АЙТГҮЛ: Көрнекі құралдар ма, олар шкафтың ішінде. Алып шығайын ба?
ТАСБОЛАТ:Жоқ! Мен өзім алып шығамын... Айтгүл отыра бер. Апай, бүгінше соларды пайдаланбай‑ақ қойсақ қайтеді?
МҰҒАЛІМ: Тасболат, көрнекі құралдар бізге үнемі қажет. Оның үстіне бүгін мектеп директоры кіріп тексеріп қалуы мүмкін. Тезірек алып іліп қойыңдаршы.
ЕДІЛ: Апай директор ағай бүгін келмейді.
МҰҒАЛІМ: Неге? Сен оны қайдан білесің?
ТАСБОЛАТ: Директор Еділдің папасы ғой, үйден ақылдасып келген болар.
МҰҒАЛІМ: Не айтып тұрсыңдар? Ол кісі келмеседе бәрібір сабаққа қажетті заттар. Тезірек алып іліңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет