Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


ЖАН ҚАЙДА ƏДІЛЕТТІ ІЗДЕЙТҰҒЫН



Pdf көрінісі
бет4/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
ЖАН ҚАЙДА ƏДІЛЕТТІ ІЗДЕЙТҰҒЫН
Жан қайда əділетті іздейтұғын,
Адамшылық атақты көздейтұғын.
Тірлік пен өлген күнді бірдей ойлап,
Екі жайдан күдерді үзбейтұғын.
Арамға азғырғанды сезбейтұғын.
Арам ойдың қиялын кезбейтұғын.
Көріне шайтан келіп азғырса да,
Адамдық, ар, иманнан безбейтұғын.
Нашарды, момындарды езбейтұғын.
Арамдық теңізінде жүзбейтұғын.
Айтылған уағданы берік ұстап.
Айныма, мылжың сөзді езбейтұғын.
Бағалап "алтын", "күміс", "жез" дейтұғын,
Байлаулы соның сөзі - сөз дейтұғын,
Айтқаны, істегені ақтық жолы,
Құрулы елде əділ тез дейтұғын.
Ондай жан ойлаушы едік молда болар,
Тең басқан төрт аяғын жорға болар.
Кедей, бай, хажы, төре - бəрі бір бəс,
Теңіздей əлем қанған орда болар.


Бұл күнде молда атаулы сорға болар,
Кедей, момын түсетін тор да болар.
Нашар болсаң шығармай жаназаңды,
Малың болса, бүркіттей қолда болар.
Айнуды, азғындықты молда бастар,
Сөзі оңды, ісі жауыз, арам настар.
Басқаға "пəлен ет" деп бұйырғанын,
Өз басы өмірінде қылмай тастар.
Молданы ол секілді көрді көзім,
Бұзатын өзі айтқан бата сөзін,
Басқаға шариғатты суша ағызып,
Өзі оның істемейтін соқыр сезім.
Қыз да көп сырты сұлу, беті жақсы.
Бір көргенде дегендей "мінім тапшы".
Албырт көңіл арман ғып ұмтылатын:
"Қолың жетсе аянбай, ұстап бақшы".
Қыз жайын кім біледі жақындаспай,
Ой түкпірін ақтарып, сырын ашпай.
Ішінде ит өлігі жатқан қыз көп,
Кəрге бірге түсетін бетін ашпай.
Соның бірі Халима - молда қызы,


Бетке шықпай көмілген жүрек сызы.
Бай таңдамай, мал таңдап, неке бұзған,
Бұйырмай баталығы, дəмі-тұзы.
Азғырған əлде əкесі құлқын үшін,
Əлде өзі, кім тінтіпті оның ішін.
Халиолладан Жақыпты артық көріп,
Сүйгені таң қаламын қандай пішін.
Қара сұр адам еді, тапал бойлы,
Мал жанды, баққа құмар, арам ойлы.
Не көрік, не сымбат жоқ, қара көжек ,
Не сүйді, қыздың көзі неге тойды?
Əлде оны жастық па екен қуалаған,
Қолға түскен пұшпақты уқалаған?
Немесе, сайқал Жақып ебін тауып,
Қаңғыртып қыздың басын дуалаған.
Қыз ғой деп ойлаушы едік көріп сырттан,
Шықты ғой қатын болып елді құртқан.
Мысықша көп көзінше көзін жұмып,
Түн болса, тышқан аулап, түнде жортқан.
Қайғырма ондай қызға кетсе-дағы,
Қатынсыз күнің солай өтсе-дағы.
"Менсінбеді" деген сөз еттен өтіп,


Намыс қозғап, сүйекке жетсе-дағы.
Табылар тағы сондай қара қатын,
Сүйіскен махаббаты одан жақын.
Сырты сенде, ішінде басқа жатса,
Сол емес пе нағыз сор кесапатың.
1909




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет