Секрециялық бездер физиологиясы



бет4/5
Дата26.11.2023
өлшемі28,55 Kb.
#128480
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 лекция

Бүйрек үсті бездері - қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады.
Бұл - салмағы аз болғанымен ішкі секрециялық бездердің ішіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор бездердің бірі. Бүйрек үсті бездерінің м и л ы қабатының гормоңдары негізінен екеу: адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана, ал норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады. Адреналинның жүрек-қан тамырлар жүйесіне ықпалы зор. Ол жүректің жұмысын күшейтіп, соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын ұлғайтып, импульстердің өткізгіш жүйесі арқылы қозғалысын жақсартады.
Тимус (айырлы без). Тимус немесе айырлы безді кейде айырша без деп те атайды. Ол 2 бөліктен тұратын (оң және сол жақ бөліктер) бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы байланысқан кеуде қуысында орналасқан без. Жаңа туған баланың бездерінің салмағы 23 г, 15 жаста 37 г болады. Одан әрі қарай без клеткалары солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50- 55 жаста 12-13 г, қартайғанда не бары 6 г болып қалады. Тимус безінің организмдегі маңызы әлі де болса толық зерттелмеген. Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша оның гормоны денедегі кальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап, оның өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Бұған қоса, бүйрек үсті бездерімен бірге С витаминінің қоры ретіңде де қызмет атқарады. Жалпы алғанда тимустың аурулары өте аз кездеседі. Бұл бездің ауруларының негізгі белгілері: шектен тыс семіздік, әлсіздік, ауруға төзімсіздік, без ұлпасының ұлғаюы, сүйектің жұқаруы, сүйек сынығының нашар бітуі.
Ұйқы (қарын асты) безі көмірсутегінің алмасуын реттейтін гормондарды өндіреді. И н с у л и н организм үшін аса маңызды гормондардың бірі. Онсыз тіршілік болмайды. Себебі инсулин жануарлар крахмалы г л и к о г е н н і ң синтезіне және гликолизге жағдай тудырып, көмірсутегінің алмасуына қатысады. Бұл гормон амин қышқылдарының, белоктардың пайда болуына ықпалын тигізіп, май, көмірсутегі, белоктың алмасуына қатысады - олардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет