Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат


Қазақ фольклоры түркі халықтарының ауыз əдебиеті құрамында



Pdf көрінісі
бет126/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159
Қазақ фольклоры түркі халықтарының ауыз əдебиеті құрамында 
Тарихи-типологиялық  зерттеу  əдісі.  Түркі  халықтарының  фольклорында 
ұқсастықтардың  болу  себептері.  Ұқсастықтардың  ауыз  əдебиетінің  даму 
ерекшеліктерінде, 
сюжетінде, 
жанрында, 
қаһармандар 
жүйесіңде, 
поэтикасында 
кездесуі. 
Қыпшақ, 
оғыз, 
қарлұқ 
тілдер 
тобындағы 
халықтардың  фольклоры.  Шығу  түбірі,  тарихи  дамуы,  тілдік  жақындығы, 
тұрмыс-тіршіліктің  ұқсастығы,  мəдени  байланыстар,  саяси-əлеуметтік 
қатынастар т.б. тарихи процестердің фольклорға тигізген əсері. 
Жанрлық ұқсастықтар мен ортақ белгілер. Олардың жүйесі. Генетикалық 
байланыстар. 
Түркі 
халықтарының 
ауыз 
əдебиеті 
жанрларын 


классификациялаудың принциптері. Тұрмыс-салт жанрларында календарлық 
мейрамдар  мен  əдеп-ғұрыптарға  байланысты өлең-жырлар.  Наурызға,  айтқа, 
оразаға, мəуліт күніне қатысты фольклорлық туындылар. Шілдехана, үйлену, 
жерлеу  салтында  орындалатын  өлең-жырлар.  Алғыс,  қарғыс,  бата,  арбау, 
бақсы /шаман/ сарындарының түркі халықтарындағы сипаты. 
Ертегілердің, аңыз-əңгімелердің, мифтердің сюжеттеріндегі /"Оғызнама"/ 
ортақ  белгілер.  Шығыстық  мотивтердің  таралу  сипаты.  Типтік  қаһармандар. 
Ер Төстік, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала бейнелері. 
Эпостық  жырлар.  Жанрлық-стадиялық  түрлерінің  алуан  сипатта  болуы. 
Алтай,  Сібір  түркілерінің  фольклорында  архаикалық  /көне/  эпостардың,  ал 
Орта  Азия,  Батыс  түркілерінде  романдық  эпостар  мен  тарихи  жырлардың 
мол  таралуы.  "Қорқыт  ата  кітабы",  "Алпамыс",  "Қозы  Көрпеш  -  Баян  сұлу", 
"Көрұғлы",  "Едіге  батыр"  сюжеттерінің  ортақтығы.  Дастандардың  түрлері 
мен таралу ауданы. Қаһармандық, ғашықтық, діни дастандар. 
Мақал-мəтел,  жұмбақ  жанрларының  түркі  халықтарының  фольклорынан 
алатын  орны.  Түркі  халықтары  фольклорының  жиналу,  зерттелу  тарихы. 
Ш.Уəлиханов,  В.Радлов,  Г.Потанин,  Ə.Диваев,  М.Көпеев,  В.Жирмунский 
еңбектері.  Тюркология  жəне  фольклор.  Жалпы  фольклорлық  процестер. 
Зерттеу  саласындағы  міндеттер:  көп  томдық  жинақтар  /свод/  əзірлеу, 
жүйелеу /систематизация/, жан-жақты типологиялық зерттеулер жүргізу. 
Əдебиеттер:  1.4.  бөлімдегі  «Қазақ  фольклоры  жəне  түркі  халықтарының 
ауыз əдебиеті» атты 14-дəріс сабағының жоспарында көрсетілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет