Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет6/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Жаңа экономикалық саясат – ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) Х-съезінде «әскери коммунизм» саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды.

Жаһандану (ағылш. Global – «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») – жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт.

Жәдитшілік (араб.: جادىيدىيييا‎ – «жаңа») – ХІХ ғ. екінші жартысында пайда болған, ХХ ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу – түркі тілдес мұсылман халықтарының дамуында үлкен ықпал етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет