Негізгі ұғымдар: әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, бітімгерлік миссия, манифес.
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:
Қазақстанның дербес сыртқы саясатын жүргізу алғышарттары егемендіктің қалыптасуымен қатар жүрді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі елді алғаш рет халықаралық құқықтың субьектісі деп анықтаған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжатта: «Қазақ КСР-нің халықаралыққатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар», – деп жарияланды. Қысқа тарихи кезеңде, 1990 жылдардың басында Қазақстан сыртқы саясатта айшықты жетістіктерге жетті. Қазақстанның егемендігін әлемнің барлық елдері және халықаралық ұйымдар мойындады, көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты, әлемдік қауымдастықтағы беделі артты, екіжақты байланыстар дами бастады. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларында (1995, 2000, 2005 жж. қабылданған) еліміздің сыртқы басымдықтары айқындалды. 1990-жылдардан бері еліміздің сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Жаңа онжылдықтың басы ЕурАзЭҚ пен ТМД жəне басқа да интеграциялық бірлестіктер сияқты экономикалық жəне саяси кеңістіктердің жаңа үйлесімді құрылымдарының қалыптасуына бастау берген оқиғамен байланыстырылды.
Аталған тақырыпты оқып-үйренуде отандық тарих бойынша белгілі ғалымдар Б.Аяған, Х.Әбжанов, Ч.Мусин, Ж.Артықбаев (Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық. – Алматы «Раритет», 2010, Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2010, Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008, Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. - Астана, Фолиант, 2000, Ибраева А. Ғ. Қазақстанның жаңа заман тарихы: оқу-әдістемелік құрал. - Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2015.) және т.б. баспадан жарияланған зерттеу еңбектерге басты назар аударған жөн.
Қазіргі таңда студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің тарихи веб-ресурстарды пайдалану тәжірибесі Интернетті маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша ақпараттар іздеу үшін студенттерге мынадай ресми сайттарды ұсынуға болады: http: //www. Akorda.kz/, http: //www. tarihibilim. kz/; http: //www.//қазақстанның ашық кітапханасы. http://ikitap. kz/ru/, http: //www.e-history.kz/; http: //www. president. kz/; http: //tarih. tor. kz/, http: //www. elim. kz/ және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |