Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер



бет33/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. –Алматы,1961.
2. Омарова Б. Сұрау есімдіктері, оның грамматикалық ерекшеліктері. Канд. дисс. автореф… - Алматы, 1999.
3. Қалиев Ғ., Оралбаева Н., т.б. Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы). -Алматы,1997.
4. Хасанова С., Әбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. –Алматы, 1996.


Дәйектеме: Есімдік - тілдегі атауыш сөздер тобына енетін әрі олардың ішінде есім сөздердің орнына жүретін орынбасар сөз екендігі, олар орынбасарлық мағынаны нақты атамай, жалпы мәнді білдіретін сөздер тобына жататыны, өзі орнына жүретін сөз таптары қандай қызмет атқаратын болса, сондай синтаксистік қызмет атқаратынын мысалдармен дәлелдеу. Есімдіктердің септелуі зат есімнің септелуіне ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшелігі бар сөз табы екені, жіктеу және сілтеу есімдіктерінің септелуі ерекшелігі. Есімдіктің мағыналық топтары, олардың грамматикалық формаларға түрленуі мен сөйлемдегі қызметі. Промилдану процесі арқылы кей сөз таптарының есімдікке айналуы.


Жаттығу блогі
1-жаттығу. Есімдіктерді тауып, оларды мағыналық түріне қарай топтап жазыңыздар да, олар қай сөз табының орнына жүріп тұрғанын түсіндіріңіз.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Не іздейсің көңілім, не іздейсің (Абай). Сол жерде Түлкі келді Арыстанға: «Жығасың», - деді, - бәрін алысқанда (А.Байтұрсынов). Сонда ол кісі өз жайын баян етті (Ы.Алтынсарин). Бұл кім?- деп сұрады Қартқожа (Ж.Аймауытов). Бәтіш қайда қалды?, қашан?, қай мезгілде? (Ж.Аймауытов). Жан-жақты көлеңдеді, көзіме әлденелер елеңдеді (Ж.Аймауытов).
1-жаттығудың жауабы.
Мен - (Жіктеу есімдігі) (Зат есім орынына жүріп тұр)
Не - (Сұрау есімдігі) (Зат есім орынына жүріп тұр)
Сол - (сілтеу есімдігі) (Зат есім орынына жүріп тұр)
Сонда - (сілтеу есімдігі) (Мезгіл үстеуі орынына жүріп тұр)
Ол - (Жіктеу есімдігі) (Зат есім орынына жүріп тұр)
Өз - (өздік есімдігі) (Зат есім орынына жүріп тұр)
Бұл - (сілтеу есімдігі) (Зат есім орынына жүріп тұр) кім? (Сұрау есімдігі) - қайда қалды?, қашан?, қай мезгілде - (Сұрау есімдігі) (зат есім орныныда ) әлденелер - (Белгісіздік есімдігі) (Зат есім орнында)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет