4 сұрақ
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас.
Жауабы:
1916 жылғы көтеріліс жайлы жиынға келген ғалымдар. Астана, 23 маусым 2016 жыл.
«ДІНГЕ ҚЫСЫМ МЕН ТЫЛҒА ШАҚЫРУ»
Қазақстандық тарихшының пікірімен қырғызстандық тарихшы Толобек Абдырахманов та келіседі. Ғалым оған қоса Орталық Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс себептерін түгендегенде діни фактор да көп айтылмай келеді деп біледі.
Толобек Абдырахманов патшалық Ресей билігінің дінге қысымы Қырғызстанда 1916 жылғы жарлыққа қарсы көтерілісті қоздырған себептің бірі деген пікір айтады.
Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің картасы.
Татар ғалымы, Қазандағы Маржани атындағы тарих институтының жаңа тарих кафедра меңгерушісі Ильдус Загидуллин Орталық Азияның кей елдерінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде дін мәселесі де маңызды болғанын айтады.
– Осман империясы Ресей, Англия, Франция мұсылмандарына өз мемлекеттері мен билігіне қарсы жиһадқа шығуға пәтуа шығарды. Ресей билігі дереу әскери бөлімдерде діни көңіл-күйді қадағалауды қолға алып, молдаларды идеологиялық қызметкер ретінде пайданаланды. Себебі армияда мұсылман офицер өте аз еді, – дейді ол.
Ал қазақстандық ғалымдар елдегі 1916 жылғы көтеріліске діннің қандай қатысы болғаны анықталмағанын айтады.
– 1916 жылғы көтерілістегі дін мәселесі Қазақстанда әлі зерттелмеген, – дейді түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.
Қырғызстандық тарихшы Тынчтыкбек Чороевтың (Чоротегин) айтуынша, қырғыз қоғамында 1916 жылғы көтеріліс пен үркіншілікке қызығушылық жоғарғы.
Қырғызстандық тарихшы Тынчтыкбек Чороев (оң жақ шетте) әріптестерімен бірге тұр. Астана, 23 маусым 2016 жыл.
– Қырғызстанда мемлекет ақша бөлмесе де, сценарий бекітпесе де, ықтиярлы азаматтар өз күштерімен көркем фильм түсіріп жатыр, – дейді ол.
Достарыңызбен бөлісу: |