Археологиялық ескерткіштері
Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл
тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон. Бір кездерде
қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен
қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-
Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды.
Қауыншы мәдениеті
Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары
зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы
сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып,
су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар
(семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары),
әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген
қалдықтар табылды.
Үйсіндер
Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V
ғасырда) Қазақстанды мекендеген
тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.
Бұлар сақтардың этномәдени
мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің
тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып
есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән
дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты
даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың
болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік
жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ
дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және
тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде
де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және
бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын
байқалды.
Мәдениеті
Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды:
алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з.
3-5 ғасырлар. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ,
сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар.
Мал, егін шарушылығымен қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан
ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен
қоладан еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға,
түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері
дамыды.
Қорытынды
Ежелгі түркі мәдениеті ежелгі заманнан бері өмір сүріп келе жатқан түркі
тайпалараның негізінде қалыптасқан жалпы мәдениет. Түркі
мәдениетінен қалған мұралар мен көне тарихи ескерткіштер қазіргі таңда
тарих саласы үшін құнды деректер болып табылады. Түркі мәдениетінің
бізге берер тағылы мол, мағынасы терең, ерекше мәдени тобы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |