«Сенсорлық жүйелердің дамуы» тақырыбы бойынша дәріс сұрақтары Талдағыштар деген не, оларға қандай мүшелер жатады?



бет2/4
Дата25.03.2023
өлшемі439,39 Kb.
#76116
1   2   3   4
2.Көздің құрылысы мен маңызы,
3. Көру талдағышының жас ерекшеліктері қандай?
Көз алмасы – бұл жұп мүше, бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көз алмасы сыртқы немесе фиброзды, ортаңғы немесе тамырлы, ішкі немесе торлы деп аталатын үш қабықтан тұрады. Бұл қабықтар көздің ішкі мөлдір құрылыстарын қоршап тұрады.
Көздің сыртқы қабығы фиброздық қабық деп аталады. Екіге бөлінеді: қасаң және ақ қабық.
Қасаң қабық – мөлдір, тегіс, жылтыр, сфералы, тамырсыз, аса сезгіштік, оптикалық гомогенділігімен ерекшелінеді. Қасаң қабық жарық сәулелерін сындыруға қатысады, көздегі өте күшті оптикалық орта болып саналады. 5 қабатты ажыратамыз:
1-алдыңғы эпителий; 2-алдыңғы шекаралық пластинка; 3-меншікті зат; 4-артқы шекаралық пластинка; 5-артқы эпителий. Қасаң қабықта қантамырлары мүлдем жоқ, тек қана лимбтің беткейлік қабаттары қасаң қабық маңылық қантамырлар өрімінен және лимфалық тамырлармен жабдықталған. Қасаң қабықтың сезгіштігін үшкіл нерв жүзеге асырады. Үшкіл нерв пен беттік нервтер құрамында қоректендіру талшықтары да бар. Зат алмасу құбылыстарын реттеп тұруға симпатикалық нерв жүйесі де қатысады. Қасаң қабықта 80-ге жуық түрлі нерв талшықтары бар.
Ақ қабық (sclera) – көз алмасының коллагендік және созылғыш талшықтарынан тұрады. Ақ қабық өзінің басты массасын құрайтын меншікті заттан, оның үстіңгі беткейлік жұқа пластинкасы мен ішкі қоңыр түсті пластинкаларынан тұрады. Талшықтар ретсіз, батысып, шырмалып жатқандықтан ақ қабық мөлдір болмайды. Жаңа туған балаларда ересектерге қарағанда ақ қабық созылғыштау және жұқарақ болғандықтан ішкі пигментті қабықтың түсі оны көгілдірлеу етіп көрсетеді. Шынында ақ қабықтың өзінің қан тамырлары аз, бірақ та тамырлы қабық қантамырлары осы склера арқылы өтеді. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігін тесіп өтетін қантамырлар тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігіне бағыт алады. Ақ қабықтың артқы бөлігі қантамырларға байырақ. Ақ қабықтың барлық үш қабатында да оның қантамырлары өзара жалғасып байланысқан. Үшкіл нервтің көздік тармағының кірпіктік талшықтары ақ қабықтың сезгіштігін қамтамасыз етеді. Симпатикалық талшықтарды ол мойынның жоғарғы симпатикалық түйінінен алады. Көз алмасының жан-жаққа қозғалуын қамтамасыз ететін сыртқы 4 тік және 2 қисық бұлшықеттердің тарамыстары ақ қабыққа жабысып бірігеді.
Көздің ортаңғы қабығы тамырлы қабық деп аталады. Ол шатыраш қабық, цилиарлы дене, меншікті тамырлар қабығы – хориоидея болып үш бөлімге бөлінеді.
Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді.
(Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм жене висцеральды (лат. висцералис — ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық талдағыштар 3 бөлімнен тұрады:
сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды;
өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады;
орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).
Ө т к і з г і ш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
Талдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады. Мысалы: Көру талдағышының сезгіш рецепторларына көз алмасында орналасқан таяқша және сауытша пішінді жарық қабылдағыш рецепторлар- фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен тұрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке тұсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17,18,19 аймақтары жатады. Көру орталығында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады және заттың бейнесі туралы сезім пайда болады. Талдағыштардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі. Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді.
Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай, аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады. Талдағыштардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда, шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.
Талдағыштардың ортақ қасиеттері. Талдағыштардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:
1.Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус – төңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Талдағыштардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары, иіс талдағышына жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дәм талдағышы еритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер.
Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды немесе, тұзды тамақ алғаш кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дұрыс секілді болады. Ал содан кейін тұзы дұрыс асты жей бастаса, алғашында оның тұзы аз сияқты болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді. Бұл мысалдардың бәрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштің күшіне тез бейімделетінін дәлелдейді.
Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Соңдықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған (айталық, көзімен, ішінен ғана оқып отырған) оқушы маңайындағы көлденең дыбыстарды
естігенімен мағынасын түсінбейді.
Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшының дыбысынан қай жерде келе жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты, дауысынан адамды таниды т.б. Мұндай жағдайда ауру талдағышпен сау талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады. Біздің мысалымызда соқыр кісінің көру орталығы мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жүйкелік байланыс пайда болады..
Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар тепе-теңдік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде еркін қозғалып ұзақ жүре алады. Ал жай жолаушы ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде ұзақ уақыт түрегеліп жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып, құсуы мүмкін. Я болмаса ғарышкерлер зымыранда ұзақ болған кезде өте күшті жылдамдыққа төзу үшін, тепе-тендік сақтау мүшесін ұзақ жаттықтырады. Сол сияқты, әткеншекті көп тепкен бала көлікте ұзақ жол жүре алады, яғни оның вестибулярлық аппараты жаттығып, өзінің сезімталдығын төмендеткендіктен шайқалысты қозғалуды сезу қабілеті төмендейді.
Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция — қашықтық), яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан, заттардың әсерін сезу жөне контактты (лат. контактус — түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін талдағыштар.
Дистантты талдағыштарға көру, есту, иіс талдағыштары жатады, ал дәм, тері, висцеральдық, қозғалыс контактты талдағыштарға жатады. Дистантты талдағыштар қысқа мерзімнің ішінде әжептеуір қашықтықта орналасқан заттар туралы көп мәлімет бере алады. Бұл жағынан көру және есту талдағыштарының маңызы зор.
Нерв импульстері орталық жүйке жүйесінде белгілі бір тәртіппен бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді. Олардың айырмашылығы техникадағы код жүйесі іспетті белгіленетін болғандықтан импульстер сол тәртіппен беріледі деп айтуға болады. Код — ақпаратты белгілі ережелер бойынша шартты түріне түрлендіріп аудару.
Қосақталған код арқылы, яғни әрбір нейронда серпініс дүркінінің болуы немесе жойылуы түрінде беріледі.
Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейіңде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық жөне химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар талдағыштар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік — ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік — ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге кедергісіз серпіністердің қосылуы.
Әр талдағышқа тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын б і р р а й л ы (модальды) жиынтық дейміз. Бір райлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақтылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.
Тітіркендіргіштің бір түрінің өзінде көптеген физикалық, биологиялық сипаттары болады. Сол қасиеттерді қабылдайтын арнайы қабылдағыштар бар. Оларды 2 топқа бөлуге болады:
а) кезенді қабылдағыш мембрананың алғашқы және соңғы туған қимыл құбылысында өз ісін орындайды, қозады, бірақ біресе өшіп, біресе қозып тұрады;
б) ұдайлы қабылдағыш бүкіл тітіркену кезеңі кезінде қозып тұрады, мұнда үздіксіз қозу орын алады.
Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығьп, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол кезден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысьндағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүниетануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.
Құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш жөне жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.
Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық — көз жасын түзейді.Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады жөне сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. дез- — құрту)
Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді рецепторлар көп болады. Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар ымыртта жарық аз кезінде түссіз жарық толқындарын қабылдайды. Осыған байланысты сауытша тәрізді клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді клеткаларды түнгі көру рецепторлары деп санайды. Жарық сәулелерінің әсерінен фоторецепторларда түрлі физикалық және химиялық өзгерістер туады.
Көзді қорғаушы құрылымдар мен оптикалық жүйе. Қабақ пен кірпіктер қорғаныс қызметін атқарады. Көзге қауіп төнгенде рефлекторлы түрде көз жұмылып, қабақ пен кірпік нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Көз жұмылғанда көз жасы көз алмасын суландырады да оны құрғап, кеуіп қалудан сақтайды. Көз жасы өте мөлдір арнайы сұйық. Ол көз жасы безінде түзіледі. Оның 97,8 % су, 4,4% органикалық заттар, 0,8% түрлі тұздар. Бұл сұйық көздің қасаң қабығын ылғалдандырып, оның мөлдірлігін сақтайды, зақымдайтын заттарды шайып тастап отырады. Бұған қоса, оның құрамындағы дезинфекциялық заттар микробтарды өлтіріп, оларды жояды.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сыңдыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең. Жарық сындыру күші артқан сайын фокустық қашықтық азаяды.
Әрбір жарық сындырғыш аппараттың қабілеті, құрылысы әртүрлі екенін ескерсек, бұл жүйенің күрделілігін түсінуге болады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабығы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустық нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.
Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялы қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.Алыста немесе жақында орналасқан заттарды қарағанда көз бұршағының әлпеті өзгеріп, жарық сәулелерін торлы қабыққа фокустық нүктеде жинап, заттың бейнесін дұрыс көрсетеді. Жақыңдағы затты қарағаңда көз бұршағы дөңестеледі, ал алыста орналасқан затты қарағанда жалпақтанады.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сыңдырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сыңдыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді дене кебе бастаса да, көру қабілеті төмендейді. Оның 1/3 бөлігі жойылса, көздің көру қабілеті жойылады, ал одан аз мөлшері кемісе, көздің камераларының сұйығы арқылы толтырылады. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттың бейнесі аударылып көрінеді. Сондықтан да кішкентай бөбектер май шамның отына қызығып, қолын созып ұстағанда ол отты емес, май шамның ұшын ұстайды.
Көздің торлы қабығындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.
Жарықты қабылдау. Таяқша клеткалардағы родопсиннің түсі қошқыл, ал сауытша клеткалардағы иодопсиннің түсі күлгін.Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретген мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының . ұзыңдығына лайық көру нервінің ұштарында қозу тудырады. Қараңғыда петинен мен опсин қайта қосылып родопсинге айналады.Ретинен А витаминінің туындысы, қараңғыда А витамині ретиненге айналады.Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылады.Мұндай кемшілікті ақшам соқыр немесе соқыр тауық, немесе гемералопия (лат. гемералопия — тауық көз) дейді. Таяқша клеткалар өте әлсіз — 0,01 люкстен кем жарық сәулелерін сезеді.
Ал сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру нервінің орталыққа тебетін афференттік үштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп, одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының желке тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда талқыланып, жинақталып, заттың бейнесі туралы сезім туады. Көру талшьғының торлы қабығындағы рецепторлары афференттік жүйке талшығы арқылы заттың бейнесінен келген сәуленің әсерінен пайда болған қозу импульстерін бір-ақ рет орталыққа жібереді. Содан кейін орталыққа сол заттың өзгерістері туралы ғана мәлімет тасиды, онда пайда болған өзгерістерді немесе заттың бейнесінің жойылуы жөнінде т. б. ақпараттар жіберіледі. Сондықтан затты көру сезімі ең алғаш көзді сол затқа тігіп қарағанда, яғни көз түскенде ғана пайда болады. Көру талдағышының қозғыштығы торлы қабықтағы жарық сезгіш заттардың фотохимиялық реакциясына байланысты фотохимиялық реакцияның пайда болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейд.Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық адаптациясы (лат.~ адаптация — бейімделу, үйрену) дейді. Мысалы, қараңғы жерден жарық бөлмеге кіргенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбейді де, сол уақыттан соң бөлмедегі заттар мен отырған адамдар көріне бастайды. Жарық неғұрлым көп болса, солғұрлым көздің қозғыштығы төмен болады. Ал қараңғыда көздің қозғыштығы күшейіп, қараңғыға бейімделеді. Қараңғыда сауытша келеткалардың сезімталдығы 20-50 есе, таяқша клеткалардың — 200-400 есе артады.Жарыққа немесе қараңғыға бейімделу мен көру қабілетінің деңгейі түрлі жағдайға байланысты.Жейтін тамақтың құрамында А витамині аз болғанда, оттегі жетіспегенде, шаршағанда көздің өткірлігі нашарлайды.
Дегенмен жаттықтыру арқылы оны күшейтуге де, бейімделу қабілетін арттыруға да болады. Жалпы алғаңда көз әрбір 25 сек сайын сәл қимылдап тұрады. Егер тез қозғалмаса, онда затты аздан кейін көрмей қалар едік. Сондықтан қозғалмайтын затты көруде көз еттерінің қызметінің маңызы зор.
Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқыңдарын қабылдау қабілеті 390-760 нанометр (нм) шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм т. с. с. жарық сәулелерінің толқыңдарының ұзындығына байланысты.
Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М. В. Ломоносов 1756 ж қалаған. Т. Юнг пен Г. Гельмгольц (1801) мұны әрмен қарай дамытқан.Олардың үш құрамды жарық қабылдау қағидасы бойынша торлы қабықта сауытша тәрізді клеткалар 3 түрлі болады. Оның бірі қызьл түсті жарық толқындарын, екіншісі — жасыл, үшіншісі — күлгін түсті жарық толқындарын сезеді. Бұған қоса, көру нервінің афференттік талшықтары 3 түрлі болады. Олардың әрқайсысы сол 3 түрлі жарық толқындарының әсерінен пайда болған өзіне тән қозуды тасиды, яғни ол талшықтар сол түсті сауытша клеткаларымен байланысты. Қалыпты жағдайда көзге әртүрлі ұзындықтағы сәулелер әсер еткенде бір мезгілде 2 немесе 3 түрлі сауытша клеткаларда реакция пайда болады және оған қатысатын сауытшалардың саны да әртүрлі болады. Сондықтан осы үш түрлі клеткалар тобы арқылы адам жарықтың көп түрлі түстерін айыра алады. Ал жарық әсер еткеңде заттың түсін нақтылы білу жаттығуға байланысты.
Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.
Дальтониктер барлық түсті заттарды сұр немесе қоңыр түсте қабылдайды. Бұл кемшілік әрбір 100 азаматтардың 4-5 ер адамында байқалады. Әйелдерде бұл кемшілік өте аз кездеседі, не бары 0,5 % ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет