Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет111/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   422
§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
Томас Гоббс (1588-1679 жж.) – ағылшын философы, Оксфорд уни-
верситетiнде оқып, бiлiм алған. Негiзгi еңбектерi: «Азамат жөнiнде», 
«Левиафан, я Материя, шiркеу мен азаматтық мемлекеттiң билiгi 
мен бiтiмi» т. с.с.
Жаңа дәуiрдегi алғашқы философтармен салыстырғанда, Т.Гоббс 
философия пәнiн ақыл-ой арқылы дүниетанумен теңеп, оның 
шеңберiнен үзiлдi-кесiлдi теологияны шығарып тастады. Сонымен 
қатар ол дiндi, Құдайға сенудi қарапайым халыққа керек нәрсе деп 
есептедi, әсiресе ол оның моральдық жетiлуiнiң тiрегiн құрайды.
Т.Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол 
дүниенi бүкiл өмiрде болып жатқан барлық денелердiң жиынтығы 
ретiнде қарайды. Олардан басқа еш нәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, 


165
нақтылы өмiр сүрiп жатқан дененiң өзi – сол субстанция. Ал дененiң 
созылуы мен бiтiмi оның негiзгi қасиеттерiне (акциденцияларына) 
жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп 
денелердiң қасиеттерi, бiрақ қозғалмайтын денелер де болуы мүмкiн. 
Ал заттардың иiсi, түсi, дыбысын алар болсақ, бұл қасиеттер пайда 
болып, келесi сәтте-ақ жоғалып жатады. Олар көбiне заттардан гөрi 
соларды қабылдайтын адамдардың түйсiгiне байланысты.
Т.Гоббстың ойынша, қайсыбiр субстанция нақтылы болғаннан кейiн, 
абстрактілік субстанцияны мойындауға болмайды, ол нәтижесiз. Мате-
рия деген ұғым – ол тек қана бүкiл дүниедегi заттарға қойылған ат қана.
Т.Гоббс дене жоқ жерде кеңiстiк те жоқ деген пiкiрге келедi. Кеңiс-
тiк – әрқашанда нақтылы заттың, дененiң көлемi.
Уақыт та – қозғалып жатқан нақтылы заттардың өлшемi ғана. Ал 
дүниеде болып жатқан таза ұзақтылықты ойшыл үзiлдi-кесiлдi терiске 
шығарады.
Дүниедегi себептiлiкке тоқталатын болсақ, Т.Гоббс «соңғы себеп», 
«формальды себеп» деген сияқты ұғымдарды терiске шығарып, тек қана 
материалдық және қозғаушы себептердi мойындайды. Бiрақ осы жолда 
ол үлкен қиындықтарға кез болады. Дүниедегi саны шексiз заттардың 
қозғалысының қайнар көзi қайдан шығады? Тек ХVIII ғ. материалистерi 
оны материяның iшкi қасиетi деп мойындады. Ал Т.Гоббсқа келер 
болсақ, ол Декарт сияқты, Құдайды мойындауға мәжбүр болды, 
өйткенi Ол – алғашқы дүниенi қозғаушы күш, ал содан кейiн дүние өз 
заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет