263
талап етедi». Болашақта ғылымның орасан зор дамуының негiзiнде
адамзат өлместiк дәрежесiне көтерiлiп, сонымен қатар жер бетiнде
бұрын-соңды өмiр сүрген барлық ұрпақтарды қайтадан тiрiлтедi», –
деген ойда болды.
А.Л.Чижевский жер бетiндегi тiршiлiктi тудырған – жердiң өзi
емес, Күн деген пiкiрге келiп, Күннiң жердегi биосфераға тигiзетiн
ықпалын егжей-тегжейлі зерттейдi. Табиғаттағы геофизикалық
ауытқушылықтар, жер бетiндегi оқтын-оқтын болатын эпидемиялар,
қуаңшылық т.с.с. құбылыстар Күндегi болып жатқан үдерістермен
тығыз байланысты екенiн дәлелдеп, А.Л.Чижевский бүгiнгi ғылымдағы
астрогеология, ғарыштық медицина, гелиобиология бағыттарының
негiзiн қалады.
Адамзат ғарыштың ары қарай дамуындағы саналы күш болған-
нан кейiн, халықтар бiр-бiрiмен жақындасып, бiрiгiп, мемлекеттер
арасындағы жасанды кедергiлердi алып тастауы керек деген идея көп
ойшылдардың еңбектерiнде кездеседi.
«Адамзатты бiрiктiретiн негiзгi күш – мәдениет, ғарыштық этика»
деген пiкiрдi орыс ғалымы, суреткерi, дiни философы
Н.К.Рерих айтқан
болатын. Оның ойынша, бүкiл ғарышта, кеңiстiк пен уақытта, адамның
жан дүниесiнде екi ғарыштық күш – Iзгiлiк пен Зұлымдық бiр-бiрiмен
күресте. Олар болмыстық жағынан келгенде тең емес. Дүние
Ақиқат,
Достарыңызбен бөлісу: