С еруен №5 1. Бақылау: Ағаштың жапырақтарын салыстыра бақылау.
Мақсаты: Ағаштардың түрлеріне қарай жапырақтарының да әртүрлі болатындығын көрсету. Аққайың ағашының жапырағымен таныстыру. Оны емен ағашының жапырағымен салыстыра отырып, айырмашылықтарын айтуға үйрету. Ағаштың пайдасы туралы өз ойларын жеткізе білуге баулу.
2. Қимылды ойын: «Шеңберге дәл түсір»
«Өз ағашыңды тап»
«Кім тез жинайды»
3. Жеке жұмыс.3 – 4 баламен маршпен дұрыс жүруді үйрету
4. Еңбек.Телімдегі бұтақтарды жинау.
5. Көркем сөз. Жапырақтар, жапырақтар,
Күз болғанда сарғаяды.
Ал қазір тұр алдымызда,
Жап-жасыл боп бояуы
Серуен №6 Бақылау: Құстарға бақылау жасау.
Мақсаты: Олардың түрлерімен жақынырақ таныстыру. Балалардың аяушылық, қамқорлық сезімін дамыту. Құстар біздің досымыз, құстар қалықтап төбемізде ұшып жүр айналаны бағдарлап бақылау.
Еңбек: Құстарға жем шашу, нан қиқымын салу.
Жемсауыттарын жем жеп болғаннан кейін тазалап қою.
Жеке жұмыс: 2 – 3 балаға асфальт үстіне сурет салдыру. (құстың ұясы, құстар т.б)
Мақсаты: Гүлзарда өсіп тұрған бақбақ гүлінің жапырағын, гүлін қарап басқа гүлден өзгешелігін ажыратып айта білуге үйрету.Гүлдер ауламызды көрктендіріп тұрғанын айту әңгімелеу.
Қимылды ойындар: «Ғарышкерлер мектебі»
«Бұлақ»
4. Жеке жұмыс: 2-3 балаға бақ-бақ гүлінің емдік қасиеті туралы мәлімет беру.
Еңбек: гүлдерге су құю, түптерін қопсыту.
5. Жұмбақ жасыру: Қырға кілем жайдым.
(қызғалдақ)
Тал басында тамаша үй.
(ұя)
6. Допты шеңберге түсіруге үйрету.
Қолдарына ұстап тұрған доптарын жеке-жеке шеңберге дәлдеп түсіру
Серуен №8
Бақылау: Бағдаршамды бақылау.
Мақсаты: Бағдаршамның шамдарын түстеріне қарай ажыратып білуге,әр түстің берілетін белгісімен жолда жүру ережесін сақтауға үйрету.Жасыл түс-жаяу адам жүретін белгі екенін,қызыл түс-көліктер жүретін белгі, қызғылт сасы-әзірленуге арналған белгі екенін ұйрету.
Қимылды ойындар: «Күн мен түн»