Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет52/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80
Энклитикалық  қосымша  дегенді  В.В.  Радлов  былай  деп 
түсіндіреді:  «энклитика  деп  алдыңғы  сөзбен  тіркесіп  тұрғанына 
қарамастан  түбірдегі  дауысты  дыбыстың  әсеріне  толық  бағынбай, 
дауысты  дыбыстарында  бұрыннан  қалған  дербестік  іздері 
сақталған сөз тұлғалары» /11,38/. 
Түбірдегі  дауысты  дыбыстардың  әсері  палатализациялауда 
айқын іске асады. Бұл дегеніміз энклитиканың дауысты дыбыстары 
екі  түрлі  ауысым  (жуан  және  жіңішке)  дауыстыларына  бағынады, 
Ал дербестігінің сақталуы, алдында денталь дауыстылар тұрғанына 
қарамастан  олардың  дауыстылары  лабиал  күйін  сақтап  қалуынан 
көрінеді, немесе керсінше, түбірде дауысты дыбыс лабиалды болса 
да,  қосымшада  дауысты  дыбыс  денталь  күйінде  қалады.  Біздің 
тілдер  заңы  қосымшада  лабиал  дауыстыны  талап  ететінін  де 
ұмытпағанымыз  жөн.  В.В.  Радловтың  «энклитика»  деп  атап 
отырған  құбылысы  қазіргі  қазақ  жазба  әдеби  тілінде  кеңінен 
байқалады.  Яғни,  жазуда  алғашқы  буында  еріндік  дыбыс 
қолданылса,  келесі  буындарда  езулік  дыбыстың  қолданылуы 
үйреншікті . Мысалы, қолдың, үнде, молынан, орын, бұрса, мұнша 
т.б. Бұл мысалдардың кейбіреуінде ауызекі тілде екінші буындағы 
езулік  дыбыстар  еріндікке  алмасса,  құрамында  ашық  дауысты 
дыбысы  бар  қосымшалар  еш  өзгеріссіз  қалады,  өйткені,  екінші 
буындағы  ашық  дауысты  дыбысқа  алғашқы  буындағы  еріндік 
дыбыстың лабиалдық тартым күші жоқ.  


69
 
Ғалым:  «Энклитика  барлық  диалектілерде  кездеседі»  дей  келе, 
өз тұжырымын келесі бір берілген мысалдармен бекіткен: 
Абақан  диалектісінде  tur  және  čat  сөздірі  kel-čǟ,  ał-čā,  роł-čа, 
tur-čā,  ő1-čǟ,  kel-tĭr,  ał-tуr,  poł-tуr,  ő1-tĭr.  Абақан  және  Волга 
диалектілерінде оq шылауы алдыңғы сөзге жалғанып энклитиканы 
құрайды.  Абақан  диалектісінде:  оłɣап-оq,  ріrgän-ők,  роłɣan-оq, 
őlgőп-ők, Волга диалектісінде: аłɣап-оq, ріrgäп-ők, tapqan-uq, tӫkän-
ük,  Төлеуіт  тілінде  келесі  сөз  тұлғалары  алдындағы  сөзге 
энклитикалық  қосымша  болып  табылады:  шылау,  bуlап,  bĭІап,  аt-
руłап,  оt-руłап,  ät-рĭläп,  kős-рĭläп,  жіктік  жалғаулары:  bуп,  bĭп,  sуп, 
sĭп, bуз, bĭз, Мысалы, аłіаr-bуп, аłаr- bуз, , аłаr- zуń, kälär- bĭп, kälär- 
bĭs,  kälär-  ʐĭń,  роlоr-  bуп,  роlоr-  bуs,  роlоr-  zуп,  őlőr-  bĭп,  őlőr-  bĭs, 
őlőr- ʐĭń, 
Энклитикалық  қосымшалардың  келесі  бір  тобы  түбірде  езулік 
дауысты  дыбыстың  қолданылуына  қарамастан  қосымшада,  келесі 
буында  еріндік  дауысты  дыбыс  қолданылатын  қосымшалар  тобы. 
«Кейбір  диалектілерде,  Тараншы  диалектісі  және  де  Бараба 
диалектісінде  дауыстылар  жалғауларда,  сөз  құраушы  жұрнақтар 
ішінде  жиі  қолданылатындықтан  икемділікті  сақтап  қалған. 
Бұларда бастапқы лабиалитет сақталып, тек екі түрлі өзгеріске ғана 
жол  берілген.  Олар  u  жәyе  ü.  Бұл  дыбыстар  да  энклитика  ретінде 
қарастырылуы  керек.  Мысалы,  Тараншы  диалектісінде,  жіктік 
жалғауының көпше түрі: bỷqdǖk: аl-dī - аl- dǖq, käl- dī - käl - dǖk, 
kork-tüq,  kül-  dǖk,  qil-dŭq,  käl-  dǖk,  үшінші  жақтың  қосымшалары: 
аl-sйп,  käІ-sǖп,  qil-sйп,  tur-sŭп,  qorq-sŭп,  bil-süп,  ől-süп,  Бараба 
диалектісінде  зат  есім,  етістіктен  кейін  көрінетін  морфемаларда: 
lart-йq  (жыртық),  jar-γй  (жарғы),  jat-qйs  (жатқыз),  jit-küs 
(жеткіз),  Тараншы  диалектісінде:  jal-γŭz.  (жалғыз),  jab-lüq 
(жабдық  (қару)  және  т.  с.  с».  Келтірілген  мысалдар  ішінде  қазақ 
тілі  туралы  мағлұмат  жоқ.  Біздің  ойымызша,  жазба  тілде  де, 
ауызекі  сөйлеу  тілде  де  екінші  буында  езулік  дауысты  дыбыстан 
кейін  еріндік  дауысты  келетін  қосымшалар  жоқтың  қасы.  Жалғыз 
ғана  ондай  қосымшаның  және  өзі  жалғанатын  түбірдің 
ерекшелігіне  қарай  бөле-жара  көрсететін  болсақ,  ол  –  түбірде 
езулік  дауысты  дыбыс  тұрғанына  қарамастан,  қосымшада  еріндік 
дауысты  дыбыс  естілетін  қосымша  -  тұғын  элементі.  Мысалы, 
баратұғын,  алатұғын,  көретұғын.  Ал  тұйық  етістік  тұлғасын 
қалыптастырушы  -у  жұрнағы  айтылуда  алдынан  ұ  (ұу)  дыбысын 
қосып 
алып, 
дауыстының 
позициясынан 
дауыссыздың 
позициясына  өтуі  В.  Радлов  көрсеткен  құбылысқа  жатпайтынын 


70
 
дәлелдейді. 
В.В.  Радлов  «Фонетикасында»  қосымшалардың  ішінде  түбірге 
толық  бағынбайтын  түрі,  яғни  тіл  үндестігі  заңының  болғанына 
қарамастан  өзіндік  дербес  дыбыстық  тұлғаларын  сақтап  қалған 
келесі  бір  қосымшалар  туралы  былай  дейді:  «Аппозита  деп  мен 
өзінің  бастапқы  дербестігін  жоғалтып,  алдында  тұрған  сөзбен 
тығыз байланысқан, бірақ оған толық бағынбайтын сөз тұлғаларын 
алдым,  яғни  бұл  өздеріне  тән  дауысты  дыбыстарын  сақтап  қалған 
тұлғалар.  Аппозита  деп  негізінен  шығыс  диалектілерінің  басым 
көпшілігіне  жат  құбылысты  атайды.  Бұған  жалпы  кездесетін 
аппозита  мысалдарын  келтіру  жеткілікті.  Мысалы,  қырғыз  тілінде 
көмектес септігі: тäп, рäп = тĭnän, рĭпan, Тараншы диалектісінде: 
bĭlä,  Волга  диалектісінде  bĭläп  (жазба  тілде 
ﻩﻞﻮﺩ
  ,
ﺖﻞﻠﻮﺩ
)  [Төлеуіт 
диалектісінде  энклитика],  шығыс  диалектілерде  аффикс  түрінде 
байқалады.  Мысалы,  аt-рäп, аt-рĭnäп, аt-bĭlä, аt-bĭläп (атпен), kisi-
тäп,  kisi-mĭпап,  kisi-bĭlä,  kisі-bĭlän  (кісімен),  оt-рäп,  оt-рĭnäп,  оt- 
bĭlä, оt-bĭläп (отпен), kőz-bäп, kőz-bĭlä, kőz-bĭlän, küz-bĭlän (көзбен), 
өп-bĭläп  (үнмен), 
ӫ
п-bĭlän  (ұнмен).  Тараншы  диалектісінде  dů 
жалғауы. Мысалы, alĭ-dů (алды), kälä- dů (келеді), кőrä-dů (көреді), 
Бұл dů аппозитасы tur көмекші етістігінен қалыптасқан. 
Тараншы диалектісіндегі  тů сұраулы сөзі, батыс диалектілерде 
ту  түрінде  айтылады,  шығыста:  ma,  тä,  то,  тü.  Мысалы,  аt-тů 
(ат  па?),  оbdam-тů  (әдемі  ме?),  jатап-  тů  (жаман  ба?),  kälgäт- 
тů. (келген бе?). 
Етістіктің  сындық  мәнді  үстейтін  tөr  есімшесі:  Волга 
диалектісінде  аппозита.  Қырғыз  тілінде  бұл  tŭγйп,  Тараншы 
диалектісінде  dĭγап    тұлғалары  кей  жағдайда  аппозита  ретінде 
қолданылады.  Мысалы,  аłа-tиrγап,  аłа-tөrγап,  аłа-dĭγап,  аłа-tŭγŭп, 
kälä - dĭγап, kälä - tŭγŭп, kälä - dĭγап, Волга диалектісінде бір kĭbĭk, 
kük  аппозитасы  бар.  Мысалы,  ğulkük  (жол  сияқты)  =  ğul-kĭbĭk,  аt-
kük  =  аt-  kĭbĭk  (ат  сияқты).  Диалектілерде  kĭbĭk,  qйq,  kük 
тұлғаларында энклитикаға айналған» /11,36/. 
Жоғарыда  ғалымның  аппозита  деп  алып  талдап  отырған 
қосымшаларына ұқсас буын үндестігі, оның ішінде тіл үндестігіне 
бағынбайтын  қосымшалар  қазіргі  қазақ  тілінен  де  орын  алған. 
«Қазіргі  қазақ  тілінде  тіл  үндестігіне  бағынбай  өз  дербестігін 
сақтап  отырған  қосымшаларды  екі  топқа  бөліп  те  карастыру 
мүмкіндігі  бар.  Олар:  1)  Түркі  негізді  қосымшалар.  2)  Жат 
тілдерден енген қосымшалар. 


71
 
1) Түркі негізді қосымшалар. 
-  Тәуелдеу  категориясының  құранды  жұрнағы:    -нікі,  -дікі,  -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет